Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тыңайтқыш шашқыш машиналар

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тыңайтқыш шашқыш машиналар
Сабақтың мақсаты:
а) оқыту: пайдалануы және реттелуімен таныстыру.
б) дамыту: ой - өрісін сана - сезімін дамытып, қабілетін ашу.
в) тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, машина макеттері, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, агрономия, химия, тракторлар мен автомобильдер, физика.
Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Машиналардың жұмыс бағыты мен типтері.
2. Минералды тыңайтқыштарды дайындауға және себуге арналған машиналар.
3. Тиеуіштер.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтғыш енгізуде: негізгі енгізу, егу үстінде және үстеп қоректендіру деп аталатын үш әдісі бар. Негізгі енгізу әдісі де тыңайтқыш сүдігер көтерілген немесе көктемде жыртылған жерлерге, сондай - ақ топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезеңінде сіңіріледі. Ол үшін минералды және органикалық тыңайтқыш немесе органикалық - минералды қоспалар топырақты өңдеу алдында егістікке біркелкі етіліп бөлінеді.

Минералды тыңайтқышты енгізу үшін өнеркәсібіміз жүк көтергіштің 4 т тіркемелі 1 - РМГ - 4, жүк көтергіштігі 6 т РМС - 6, жүк көтергіштігі 10 т РУМ - 8, автомобилъді КСА - 3 деп аталатын үйлестірілген кузовты ортадан тепкіш себелеуіштер шығарады. Бұл машиналардың тыңайтқышты кузовтан себелеуіш дискіге шығаратын ілгерілмелі жылдамдықты агрегаты бар синхронды конвейер жетегі болады. Себелеуіш дискілер гидрожетек арқылы айналады. Бұл машина конструкциясын оңайлатады. РМС - 6 себелеуіші тау беткейлеріне тыңайтқыш енгізудің қол еңбегін механикаландыруға мүмкіндік береді.

Егу үстінде минералды тыңайтқыш енгізуге құлама сеялкалар мен отырғызғыштар қолданылады. Тыңайтқыш тұққыммен бірге сол қатарға, ұяға немесе әр түрлі қатарға енгізіле береді. Кейбірде тыңайтқыш енгізілетін қатар тұқым себілетін қатардан 1, 5 - 2 см қашықтықта да болады.
Минералды тыңайтқышты ұсақтау, араластыру және тиеу үшін нығыздалып қалған тыңайтқышты ұсақтап, араластвратын ИСУ - 4 ұсақтап - араластырғыш, СЗУ - 20 араластырғыш - тиеуіш, автомобильге тіркелетін ЗСА - 40сеялка тиеуіші кең тараған. Самолеттерге, вертолеттерге тыңайтқыш тракторға тіркелетін ПБ - 35, ПФ - 0, 5 ИФ - 0, 75 тиеуіштерімен тіркеледі. Бұл тиеуіштер сол үшін арнайы тетіктермен жабдықталған.

ИСУ - 4 минералды тыңайтқышты ұсақтап - араластырғыш түрлі тыңайтқышты ұсақтап - араластырғыш түрлі тыңайтқышты енгізер алдында араластыруға, тыңайтқышты шашумен бір мезгілде шаруашылық жолымен табылған немесе жатып қалған завод тыңайтқыштары мен әкті ұсақтауға арналған. Машина МТС - 80/82 және Т - 40М тракторының агрегатында жұмыс істеуге есептелінген. Өнімділігі сағатына 2 - 4 т.

Ұсақтап - араластырғыш рамадан (1) кеңіткіші бар (8) бункерден (6), ұнтақтау апаратынан (9), бұр конвейерінен (7), жетек механизімінен тұрады. Тыңайтқыш себу нормасы шамамен 40 - 2000кг/га, сидерат себу нормасы 8 - 150кг/га. Агрегат жүрісінің жұмыс істеу жылдамдығы 6 - 12 км/сағ. 1 - РМГ - 4 минералды тыңайтқыш себелеуші – бір осьті, жартылай аспалы машина. Ол минералды тыңайтқыш пен әк материалдарын топырақ бетіне себуге арналған. МТЗ - тракторының барлық өзгертілген түрлерімен агрегатталады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 408
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және олардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктерін игерту, оқушылардың оқу қабілеттерін, таным ерекшеліктерін арттыру.
Минералдық тыңайтқыш шашатын РТТ - 4. 2А машинасы
Минералдық тыңайтқыш шашатын РТТ - 4. 2А машинасы
Минералдық тыңайтқыштар туралы мағлұмат беріп, қандай мақсаттарға пайдалану керектігін, түрлерін біліп, минералды тыңайтқыш шашатын машиналардың құрылысы, атқаратын қызметі, жұмыс жасау принципімен оқып танысу.
Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Өсімдіктердің минералды қоректенуі Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты. Өсімдіктер топырақтан: 1) макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т. б); 2) микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт,
Тұқым себуге арналған СЗ - 3, 6 машинасы
Тұқым себуге арналған СЗ - 3, 6 машинасы
Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Асылкүл Оңайбекова
Минералдық тыңайтқыштарды ұсақтап-араластыратын ИСУ-4 машинасы
Минералдық тыңайтқыштарды ұсақтап-араластыратын ИСУ-4 машинасы
№2 Арал кәсіптік лицейінің арнаулы пән оқытушысы: Шолпан Балманова.
Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар
Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар
Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар тарауын қорытындылау сабағы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×