Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


II - 10УД қозғалтқықышының от алу жүйесі

25 маусым 2015, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: От алу жүйесінің негізгі қызметі, құрылысы, жұмысы жөнінде түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, білімін практикада ұштай білу, дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, болашақта білікті, саналы маман иесі болуға, ұқыптылыққа, өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Оқыту әдісі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны есте сақтау
Сабақтың көрнекілігі:
Плакат, тірек конспект, от алу жүйесінің бөліктері.
Пәнаралық байланыс:
1. Автомобиль «Батареямен от алдыру»
2. Электротехника

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныптың, тақтаның әзірлігін қадағалау, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. оқушылардың зейінін сабаққа аудару
3. сабақтың мақсатын айту

ІІ - өткен сабақты қайталау
1. «Ой қозғау» әдісі арқылы «мен генератор туралы нені білемін?»
2. Электр тогының көздері дегеніміз не?
Ток көзі деп - энергия түрлерінің бірі электр энергиясын айналдыратын приборларды айтады. Тракторда механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын генератор және химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын аккумулятор батареясы ток көздері болып саналады.
4. Тұтынушылар деп нені айтады?
Генератор 2 негізгі бөліктен тұрады
Жылжымайтын статор және айналатын ротордан.
Генератор статор, қақпақтар, ратор, түзеткіш орнатылған. Статор электр техникалық болаттан жасалған пластинкалардан құрастырылған. Оның тоғыз полюсі бар, статор орамының катушкасы кигізілген.
Ротордың пластинкалары электр техникалық болаттан дайындалған, екі шарикті подшипникте айналатын білікке қатаң орнатылған.
5. Генератордың қызметі не?
Трактор двигателі жұмыс істеп тұрған кезде оның электрлік жабдықтарын қажетті қуатпен қамтамасыз ететін - генератор. Ол негізгі двигательден алынатын механикалық электр энергиясымен айналдыратын машина.
6. Тракторларда генератор маркаларының қандай түрі қолданылады?
К - 701 генератор Г275А 12, 5В
Т - 150 Г 3055 12В
МТЗ - 80 Г - 304Д1 12В
ДТ - 75М Г - 403 12В

7. Генераторда кездесетін ақаулар
Генератор жұмысының нашарлауы немесе мүлде тоқтап қалуы төмендегі ақаулар кездесетін жағдайда орын алады. Статор орамының немесе қоздыру орамының сымы үзілгенде немесе қысқа тұйықталғанда, генератор подшипниктерінің желінуі. Генератор ақауы амперметр немесе сигнал шамының көрсеткіштері арқылы анықталып отырады. Генератор орамдарының сымы үзілгенде немесе қысқаша тұйықталғанда олар жөндеуге беріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларға плакат, от алу жүйесінің бөліктері бойынша жаңа сабақты түсіндіремін.
1. Магнетоның маңызы мен атқаратын қызметі
Электр ұшқынымен тұтандыратын жүйенің 2 түрі болады: бірі – батареялық тұтандыру жүйесі, екіншісі – магнетолық тұтандыру жүйесі.
Олардың бірі – бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар.
Батареялық тұтандыру жүйесінің энергия көзі батарея немесе генератор болса магнетолық жүйеде – магнето болады. Тракторлар негізінен магнетолық
Тұтандыру жүйесі қолданылады. Төменгі кернеулі токты өндіру және оны жоғары кернеу тоғына айналдыру іске қосқыш двигательдің маннето деп аталатын приборында жүреді.

2. Магнетоның құрылысы
Топтастыру әдісі бойынша магнетоның құрылысын түсіндіремін
Магнит өткізгіштігі жоғары темірден құралған өзекше таға тәрізді жасалады да, оның ішінде тұрақты магниті бар ротор айналып тұрады.
Сол ротормен бір білікте бір жұдырықша бекітілген. Жұдырықша үзгіш қондырғының жылжымалы контактісімен жанасып тұрады. Өзекшенің сыртына екі түрлі орам кигізіледі: біріншісі төменгі кернеулі орам, екіншісі жоғарғы кернеулі орам.

Бірінші орамның бір ұшы өзекше арқылы магнето массасымен, ал екінші ұшы үзгіш қондырғының жылжымалы контактісі арқылы жалғасады, контакті жабық кезінде өзінен ток өткізе алады. Екінші орамның бір ұшы бірінші орам арқылы магнето массасымен, ал екінші ұшы тұтандырғыштың орталық электродымен жалғасқан.
Екінші орамнан ток жүрсе, тұтандырғыш электродтарының аралығында ауа кеңестіктен өтеді де, электр ұшқының тудырады.
Магнето схемасы:

3. Магнетоның жұмыс принципі
Плакат және макет арқылы жұмыс принципін түсіндіру.
Оталдырғыш двигательді іске қосу үшін электр стартерімен оның иінді білігін айналдырады. Онымен муфта арқылы жалғасқан магнето білігі де айналады, яғни ротор айналады. Ротордағы магниттің айналасы өзекшеде шамасы да, бағыты да айналмалы магнит өрісіне тудырады. Бұл магнит өрісі өзекшенің сыртын – да кесіп өтеді де, олардың бойында айналмалы индукциялық ток туғызады.
Бірақ бұл ток тұтандырғыштан ұшқын тудыруға қуаты жетпейді.
Сондықтан оның кернеуін жоғарлату керек.
Ол үшін бірінші орамдағы ток ең үлкен болған кезінде жұдырықшаның көмегімен үзгіштің жылжымалы контактісі ажыратылады, бірінші орамдағы токтың тез жоғалуы өзекшеде күшті магнит ағымын тудырады. Енді сол магнит ағымы екінші өткізгіштер бойынша жоғары кернеулі ток тудырады.
Осы жоғары кернеулі ток тізбектен өтеді.
Магнето массасы – бірінші орам, екінші орам – тұтандырғыш – масса.
Тұтандырғыштан ток өткендіктен электр ұшқыны туады да, цилиндр ішіндегі жанар май қоспасын тұтандырады.
Магнетоға жоғарғы қондырғылардан басқа конденсатор, сақтандырғыш ажыратқыш орнатылады. Двигательді оталдырып алғаннан кейін қосалқы двигательді сөндіру үшін ажыратқыш арқылы екінші орамдағы токты тұтандырғышқа жібермей, массамен тұйықтайды.

3. Магнетоның негізгі ақаулары
Магнетоны тексерген кезде алдымен ұшқыш сапасына назар аударылады, оның қуаты жоғары кернеу тогына байланысты. Егер магнетода жоғарғы кернеу тоғы болмаса, төменгі кернеу тоғы тізбегін тексеру қажет.
Трансформатор орамдарының жарамдылығын олиметрмен бақылайды.
Ақаусыз магнето үзгіш контактілері тығыз тұруы, таза болуы және толық ажыратқанда қалыпты саңылауы болуға тиіс.

IV. Жаңа сабақты бекіту
A) Магнетоның суретінің артында сұрақтары бар карточкалар таратылады.

1. Магнетоның атқаратын қызметі
Магнето төменгі кернеулі ток өндіріп, ал содан кейін оны жоғарғы кернеулі тоққа айналдырып және бұл токты двигательдің керекті моментінде оталдыру свечаларына жіберіп тұрады.

2. Магнетоның негізгі құрылысы
Магнетоның негізгі бөліктері: магнето корпусы, өзектемір, тірек, ротор, жұдырықша, жоғары кернеу сымдары, оталдыру свечасы, екінші орам, алғашқы орам, конденсатор, оталдыру ажыратқыш.

3. Контактілер және оның арасындағы саңылаулар
Контактілердің 2 түрі болады. Жылжымалы контакт «массамен» қосылған және рычагқа текстолитті таянышқа бекітілген. Қозғалмайтын контакт пластинкаға бекітілген, алғашқы орамға қосылған және «массадан» Оқшауланған. Контактылары аралығындағы үзгіштің қалыпты саңылауы 0, 25 – 0, 350 мм болуға тиіс.

4. Электр ұшқынымен тұтануға жүйесінің неше түрі болады?
Электр ұшқынымен тұтану жүйесінің 2 түрі болады. Автомобильде батареямен от алдыру жүйесі. Тракторларда магнетодан от алу жүйесі.
Б) Тірек схема бойынша дәптерге конспектін жазу.
В) Вени диаграммасы бойынша сабақты қорытындылау.

V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
12 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын, қаңқадағы әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру.
Трансформатор
Трансформатор
Трансформатор ұғымын, трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы, трансформация коэффициенті, катушканың құрылысы туралы түсінік беру.
Электр тогының химиялық әсері
Электр тогының химиялық әсері
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сапакова Алмаш Сериковна
Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназиясының физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы және қызметі туралы оқушыларды түсінік қалыптастыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×