Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Габариттен тыс жүктердің қабылдануы, тиелуі және жөнелтілуі

24 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда қаласы,
Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі
Теміржол бөлімінің арнаулы пәндер оқытушысы Қаражігітова Э.

Оқу тобы: ОП - 200
Тақырыбы: Габариттен тыс жүктердің қабылдануы, тиелуі және жөнелтілуі
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың типі: құрамдас
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: Оқушылардың габариттен тыс жүктердің тасымалдауға қабылдануы мен тиелу ерекшеліктері бойынша білімдерін қалыптастыру
б) тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған, адамгершілік қасиеті мол азамат тәрбиелеу
в) дамытушылық: Оқушыларды ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуге дағдыландыру, танымдық қызығушылығын жан - жақты дамыту
Оқыту әдістері: ауызша түсіндіру, әңгімелесу, лекция, сұрақ - жауап, ойын элементтері, пысықтап бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Нормативтік құжаттар, плакаттар, электрондық оқулықтар, слайдтартар,
флипчарт

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына және дәрісхананың тазалығына назар аудару - 2мин

2. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру – 28мин
Сұрақтар:
1. Қандай жүктер габариттен тыс болып есептеледі?
2. Есепті вагонның н/е жүктің геометриялық шығуы дегеніміз не?
3. Габаритсіздіктің қандай түрлері бар ж/е жүктің тиеу габаритінен шығуының өңірлерін ата?
4. Жүктің тиеу габаритінің шегінен шығуына байланысты габариттен тыс болу жағдайдың неше дәрежесі бар?
5. Қай кезде жүкті аса габариттен тыс деп айтамыз?
6. Габаритсіздіктің индексі түсінігі не үшін енгізілген?

3. Оқушылардың жауаптарын қорытындылау, бағалау – 2мин

4. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою – 2мин

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 38мин
Қаралатын сұрақтар:
1. Габариттен тыс және ауырсалмақты жүктер тасымалын келісу тәртібі.
2. Габариттен тыс жүктерді тиеу, қабылдау және жөнелту.

6. Жаңа тақырыпты пысықтап бекіту – 5мин
Жаңа сабақты бекіту «Толықтыру», «Сәйкестендіру» тесттерін қолдану
бойынша жүргізіледі.

7. Сабақты қорытындылау – 3мин

8. Үй тапсырмасы:
1. В. П. Перепон«Грузовая и коммерческая работа. Организация и
управление», 41 тарау §3
2. С. Бекжанова «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың
негіздері» Оқулық. 2 бөлім 136 - 142беттер
3. «ҚТЖ»ҰК»Акционерлік қоғамы «ҚР магистральдық теміржол желісі
арқылы габаритсіз, ұзын өлшемді және ауыр салмақты жүктерді өткізу
туралы Нұсқаулық.» Алматы 2006
4. Электрондық оқулық В. П. Перепон «Организация перевозок грузов»
5. Компьютерлік оқыту бағдарламасы «Размещение и крепление грузов»

1. Габариттен тыс және ауыр салмақты жүктер тасымалын келісу тәртібі.

Габариттен тыс және ауыр салмақты жүктерді өткізуді келісудің 3 кезеңі көзделген:
бірінші кезең – КТЖ - ның Тасымалдауды басқару департаментімен тасымалдау мүмкіндіктерін, әдісі мен жағдайларын алдын ала келісу.
екінші кезең – жөнелту жолының басшылығымен техникалық құжаттамаларды келісу.
үшінші кезең – техникалық құжаттамаларды ҚТЖ - ның Тасымалдауды басқару департаментімен түпкілікті келісу(құжатқа нөмір беру, келісілген сызбаға мөр басу).
Бірінші кезең бойынша алдын ала келісуді талап ететін жағдайлар:
халықаралық қатынаста тасымалдау кезінде:
а) транспортерлерде тасымалданатын жүктерге,
б) аса габариттен тыс жүктерге,
в) жайдақ н/е жартылай ашық вагонда тасымалданатын габаритсіздік дәрежелері
- төменгі 3 - 6
- бүйірлік 4 - 6
- жоғарғы 3
ҚР - ның магистральдық теміржол желісі арқылы тасымалдау кезінде:
а) аса габариттен тыс жүктерге,
б) ауырсалмақты транспортерлердегі жүктерге,
в) жайдақ н/е жартылай ашық вагонда тасымалданатын габаритсіздік дәрежелері
- төменгі 5 - 6
- бүйірлік 5 - 6
- жоғарғы 3
халықаралық қатынаста үшінші елдерге тасымалдау кезінде - тасымалдауға қатысушы елдердің тым болмаса біреуінің тиеу габариті мен жылжымалы құрамның көлемдік - салмақтық параметрлерінен асып түсетін габариттен тыс жүктерге.
Жүктерді тасымалдау мүмкіншіліктерін, тәсілі мен шарттарын алдын ала келісуге арналған өтінімге қоса берілуі тиіс деректер:
- жабдықтың көлемдік - салмақтық параметрлері,
- жөнелту ж/е тағайындау стансаларының атаулары,
- жөнелтілімдер саны, тасымалдың бағдарламалық мерзімі.
Халықаралық ж/е үшінші елдерге халықаралық қатынастарда тасымалдау кезінде алдын ала келісуді КТЖ - ның Тасымалдауды басқару департаменті РЖД(Ресей теміржолдары) Тасымалдауды басқару департаментімен жылжымалы құрамның нақты үлгісіне тиеуге келісуге сұраныс алған күннен бастап 5 күннің ішінде жеделхаттық нысанда жүзеге асырады.
ҚТЖ Тасымалдауды басқару департаменті ҚР - ның магистральдық теміржол желісі арқылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жылжымалы құрамның нақты үлгісіне тиеу мүмкіншілігін анықтайды және жеделхаттық нысанда келіседі:
- жол ж/е құрылыс департаментімен (ЦП): жүктерді өткізу мүмкіншілігі бойынша;
- электрмен жабдықтау департаментімен(ЦЭ): жылжымалы құрамдағы жүктің биіктігі 5300мм - ден асқан жағдайда жүкті өткізуді;
- байланыс ж/е ақпараттық технологиялар департаментімен(ЦШ): габариттен тыс жүктері бар вагондардың қозғалысына бағдаршамдар кедергі болуы мүмкін жағдайларда жүктерді өткізу бойынша.
ҚТЖ - ның Тасымалдауды басқару департаменті жүкжөнелтушіге алдын ала келісу нәтижелері туралы хабарлайды. Нәтиже оң болған жағдайда, тасымалдау жүргізілетін жылжымалы құрамның түрі, келісілген габаритсіздік индексі ж/е тасымалдаудың қосымша шарттары көрсетіледі.

Алдын ала алынған қорытындының негізінде жүкжөнелтуші габариттен тыс жүкті тасымалдаудың техникалық құжаттамаларын жасайды да, оларды жөнелту стансасының теміржол әкімшілігіне келісуге жібереді(жүкті орналастыру ж/е бекіту сызбалары мен есептеулерін, т. с. с.). Оларды жасауға қойылатын талаптар Ңұсқаудың 2 - тарауында баяндалған.
Жүк жөнелтушінің техникалық құжаттамасы 4 данада түзетулерсіз жасалады, басшының қолымен ж/е мөрімен куәләндырылады:
1 - 2данасы – жүкжөнелтушіге,
3 - данасы - тиеу стансасы бастығына ДС,
4данасы - Тасымалдауды басқару департаментіне ҚТЖ.
Техникалық құжаттаманы қарауды ж/е келісуді ҚТЖ - ның құрылымдық бөлімшелері жүргізеді:
1) Тасымалдау дирекциясының жүк ж/е коммерциялық жұмыс басқармасы (ЦД ЦМ)- жылжымалы құрамдағы жүктерді орналастыру мен бекіту есептерінің дұрыстығы мәселесі бойынша,
2) Вагон шаруашылығы департаменті (ЦЖС ЦВ) – жылжымалы құрамның жүккөтергіштігі мен вагонның конструкциясын өзгертпестен жүкті бекіту есептерінің дұрыстығы мәселесі бойынша,
3) Жол ж/е құрылыстар департаментімен (ЦЖС ЦП) – жолдың үстіңгі құрылысының, жер төсемінің, құрылыстардың жақындау габариттерінің таңдап алған маршрут бойынша габариттен тыс жүктерді өткізу мүмкіндігі мәселелері бойынша жүргізеді.
(ЦД - Тасымалдау дирекциясы, ЦЖС - Магистральдық желі дирекциясы).
Тасымалдауды басқару департаменті құжатқа нөмір беру және келісілген сызбаның барлық даналарына мөр қою жолымен облысаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған техникалық құжаттаманы түпкілікті келіседі.
Халықаралық қатынаста тасымалдау кезінде ДЧ - 1835 Нұсқаулығында көрсетілген (2001ж. ТМД елдеріне қатысты) техникалық құжаттаманы түпкілікті келісуді РЖД - ның Тасымалдауды басқару департаменті жүргізеді.
Техникалық құжаттаманы қарау ж/е келісу мерзімі - оны тиісті құрылымдық бөлімшелердің әрқайсысы алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспайды.
Теміржол әкімшілігі біржола келісілген сызбалар мен есептеулердің бір - бір данасын тиеу стансасының бастығына ж/е жүкжөнелтушіге жібереді.
Түпкілікті келісілген техникалық құжаттама қолда болған жағдайда жүкжөнелтуші оны тиеу айы басталудан 20күн бұрын:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
Тригонометриялық теңдеулерге есептер шығару
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Математика пәні оқытушысы Амантайқызы Айгерім
Тригонометрияның негізгі формулалар
Тригонометрияның негізгі формулалар
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Математика пәні оқытушысы Амантайқызы Айгерім
Идеал газдың ішкі энергиясы. Жылу мөлшері
Идеал газдың ішкі энергиясы. Жылу мөлшері
Идеал газдың ішкі энергиясы туралы мағлұмат бере отырып, ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін түсіндіру. Жылу мөлшері және жылу алмасудың молекулалық көрінісін тұжырымдау.
Қыз сыны байқауы
Қыз сыны байқауы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі оқытушысы Айтпенбетова Гулжахан
Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану
Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Сералиева Бану
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×