Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әртүрлі әдістер мен көрнекі құралдарды пайдаланып жүргізілетін аралас сабақтар

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Қызылқоға аграрлы - техникалық колледжі» арнайы пән оқытушысы
Сүйеуова Балхаш Есжанқызы

Тақырып: Әртүрлі әдістер мен көрнекі құралдарды пайдаланып жүргізілетін аралас сабақтар
Әртүрлі әдістер мен көрнекі құралдарды пайдаланып жүргізілетін аралас сабақтар (құрама сабақтар) сабақтың бұл типінде білім алушылар тек жаңа материалды оқып қана қоймайды, арнайы бөлінген уақытта оны бекітеді және жетілдіреді, алдыңғы сабақта алған білімдерін, іскерліктерін тексереді.
Тақырыбы: Әртүрлі әдістер мен көрнекі құралдарды пайдаланып жүргізілетін аралас сабақтар
(құрама сабақтар).
Жоспары: I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім: 1. Құрама сабақтардың ерекшеліктері.
2. Құрама сабақтардың басты кезеңдері.
3. Құрама сабақтардың мақсаты мен құрылысы.
4. Құрама сабақтарға қойылатын қазіргі талаптар.
III. Қорытынды.

I. Кіріспе:
Әртүрлі әдістер мен көрнекі құралдарды пайдаланып жүргізілетін аралас сабақтар (құрама сабақтар) сабақтың бұл типінде білім алушылар тек жаңа материалды оқып қана қоймайды, арнайы бөлінген уақытта оны бекітеді және жетілдіреді, алдыңғы сабақта алған білімдерін, іскерліктерін тексереді. Аралас (құрама) типті сабақтарды негізінен 4 бөлікке бөлуге болады:
1. Білім алушылардың білімін және іскерлігін тексеру.
2. Жаңа материалды оқу (үйрену), түсіндіру.
3. Алған білімді, іскерлікті бекіту, жетілдіру
4. Үйге тапсырма беру.

II. Негізгі бөлім:
Құрама сабақ (комбинациялық сабақ): Оқу үрдісінде бірнеше дидактикалық міндеттерді кешенді түрде шешуге тура келгенде, мысалы, үй тапсырмасын тексеру мен өткен материалдарды қайталау, жаңа материалды түсіндіру, оны жүйелеу т. б. қажет болғанда сабақтың ерекше типі қолданылады. Мұндай сабақтар құрама сабақтар деп аталады. Оның өзіне тән 2 ерекшелігі бар:
1. Дидактикалық міндеттердің азаюы.
2. Құрылымында 4 элемент (үй тапсырмасын қайталау, материалды оқып үйрену, білімді жүйелеу, үйге тапсырма беру) болуы.
Соңғы уақытқа дейін құрама сабақтар жетекші орын алып келді. Алайда кейбір тақырыптарды оқып үйренуде, жеке дидактикалық міндеттерді іске асыруда құрама сабақтардың мүмкіндіктері жеткіліксіз болды. Сондықтан құрама сабақтар тек қажет болғанда ғана жүргізіледі. Құрама сабақтың бас кезеңдері:
1. Үй тапсырмасын тексеру мен жаңа материалды игеру үшін бұрынғы өтілгенді қайталау.
2. Жаңа материалды оқып үйрену.
3. Жаттығуларды орындау.
4. Үй тапсырмасы.
Кейде құрама сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында үй тапсырмасын тексеру сабақ соңында, жаңа материалды меңгерумен біріктіре жүргізілуі де мүмкін. Сабақтың барлық кезеңдерінде білім алушылардың әртүрлі формадағы өзіндік жұмыстары орындалады. Оқытудың әртүрлі әдістерін, жалпы дидактикалық әрекеттерді қолдануға байланысты әр сабақ бір - бірінен өзгешеленіп, қызықты бола түседі. Әрбір типтің шекарасында көптеген түрлерді ерекшелеуге болады немесе сабақ түрлері вариантты туады (кинофильмдерді пайдалануға байланысты киносабақ, теледидар сабағы, сынақтар, конференция сабақ, т. б.). Тақырып немесе курс бойынша барлық сабақтар бір - біріне байланысты сабақтар жүйесін құрайды.

Сабақтың мақсаты деп сабақ соңында оқытушының белгіленген нәтежиеге жетуін айтады.
Жалпы педагогикалық дидактикалық және әдістемелік мақсаттар бірлікте жүзеге асады. Жалпы педагогикалық мақсат сабақта тәрбиелік және дамытушылық негізде жүзеге асады. Дидактикалық мақсат оқу үрдісінің әрбір кезеңінің бірізділігін анықтап, сабақтың негізгі бағытын көрсетіп береді. Әдістемелік мақсат пәннің мазмұнымен тығыз байланысты. Сабақ кезеңдеріне байланысты іскерліктер қалыптастыру, білімнің тереңдігін, әдістемелік құралдарды пайдалану, білім алушылардың қызметін, оны жетілдіру жолдарын үйретеді. Әрбір сабақтың міндетті кезеңдері немесе элементтері:
Кіріспе (топты жұмысқа ұйымдастыру, танымдық мақсаттар қою)
Ұйымдасқан түрде сабақты аяқтау( соңғы бөлімі).
Басқа бөлімдері бір сабақта болғанымен, екінші сабақта болмауын ауыспалы бөлімдері деп атайды.
Олар: 1) Үй жұмысын тексеру (іскерліктер мен білімді тексеру).
2) Жаңа білімді үйрету, білімді, іскерлікті қорытындылау және жетілдіру.
3) Үйге тапсырма беру.
Қазіргі дидактикада сабақтың құрылысы – бірден - бір күрделі және келелі мәселе. Оқытудың дидактикалық мақсаттарын жүзеге асыратын бөлімін осыған дейін сабақтың кезеңдері деп келді. Сабақ – бірнеше компоненттерді қамтитын аса күрделі жүйе.
Олар мыналар:
1. Жалпы педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік мақсатты көздейді.
2. Оқу материалының мазмұнына қарай білім алушылардың логикалық - психологиялық қабылдау жолдарын ескереді.
3. Оқу әдістері.
4. Білім алушылардың танымдық әрекеттерін, ұтымды жалпы топтық және жеке топтармен орындауды көздейді. Өзінің мазмұнына, құрылысына, қолданатын әдістеріне, оқу - тәрбие мақсаттарына, дамыта оқыту жағдайына байланысты сабақ түрліше болады.
Сабақтарға қойылатын қазіргі талаптар:
1. Білім алушыларды адамгершілікке, адалдыққа, болашақтың табысты болатынына, өз күшіне сене білуге тәрбиелеу. Өзінің мазмұны, мақсаты, оқыту әдісі жөнінен қазіргі біздің қоғамымыздың талабына сай болуы керек.
2. Сабақтың жоғарғы ғылыми деңгейде болуы. Ол бағдарлама мен оқулықта анықталған, ол ылғи да жетілдіріп, дамуын көрсетеді. Сабаққа іріктеп алынған жаңалықтарды сабақты қиындатпай қонымды етіп, ендіріп отыру – оқытушының басты міндеті.
Оқытушының басты міндеті – білім алушыларды бағдарлама бойынша біліммен, ұғымдармен қаруландырып отыру, қазіргідедей ғылыми түсінік беру.
3. Әрбір сабақты тәрбиелей оқыту талап етіледі. Пәнді тәрбиелеу оқытуына оқу материалын пайдаланып, білім алушылардың диалектикалық – материалистік көзқарастарын қалыптастыру, ғылыми тәрбие беру жатады, сондай - ақ қазақстандық патриотизм мен пролетарлық интернационализмге, ұлттық және ұлтаралық қатынастар мәдениетіне, жеке бастарының ерекшеліктерін тәрбиелеуге баса назар аударылады. Сабақта материалдың мазмұнын баяндауда, оқу бөлмесінде жұмыс істеуде білім алушыларды ізгі қасиеттерге тәрбиелеп отырады.
4. Қазіргі сабақта жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттардың барлығында дәл анықтауға тиіс, сабақтың барлық кезеңдері белгіленген мақсатқа жетуді көздеуі тиіс.
5. Қазіргі сабақ дамытылған сабақ болуы тиіс. Ол оқытудың дамытылған типіне сәйкес келеді. Оқытушы сабақты қалай құрса, соған сәйкес әдістер мен оқыту тәсілдерін іріктеп алады:
а). Оқытудың мазмұны мен мақсатына сәйкес келеді.
б). Танымдық белсенділіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың ойлауын, есте сақтауын, зерттеу қабілетін дамытады. Барлық жағдайда қазіргі сабаққа проблемалық, тапқырлық мүмкіндіктер туғызу.
6. Сабаққа қойылатын аса маңызды талап - өзіндік мазмұнын кеңейту. Өзіндік жұмыстардың мазмұнын аса қарапайым күрделі жұмыстарға, әсірессе зерттеу жұмыстарына дейін өсіп отыруы тиіс.
7. Сабақты әртүрлі оқыту құралдармен жабдықтап, техникалық құралдарды, сынақ тәжірибесін кең түрде жүргізу талап етіледі.
8. Қазіргі сабақ оқылатын материалдың өндіріспен, өмір тәжірбиесімен тығыз байланысты болуын көздейді. Білім алушылар тәжірбие арқылы емес өндірістік жағдайлармен таныстырылып кәсіптік бағдарға бейімделіп құрылуға тиіс.
9. Теория сабағындағы пән аралық байланыстардың мазмұнын кеңейту керек (физика, биология, математика, химия, т. б.). Ол білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын дамытады.
10. Теория сабағында ұжымдық және жеке топтармен оқыту формасының тиімді үйлестігі.
Ұжымдық оқыту көпшілік топтарда қызығушылық туғызады. Білім алушылардың дайындығына байланысты жеке өзіндік жұмыстар олардың дайындығы мен дамуын
үйлестіреді. Топтық оқыту жұмыстары өзара бір - біріне жәрдемдесуге көмектеседі.
11. Қазіргі сабақтар негізгі дидактикалық мақсаттарға бағынады. Сабақта әрбір минутты тиімді пайдалану талап етіледі.
12. Сабақтың аса маңызды талабы - білім алушылардың біліміне, практикалық істеріне үнемі бақылау жасап отыру.
13. Қазіргі теория сабағы оқыту үрдісінің оптимизация идеяларына сай болуы керек. Онда оқытушы оқу - құралдарын, оқыту әдістерін, сабақ құрылысының - варианттарын, жұмыс
тиімділігін, білім алушылардың белсенділігін арттыруды көздейді.
14. Сабақта жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызылуы тиіс. Сабақ оқу материалының мазмұнына, оқу - тәрбие мақсаттарына сәйкес қазіргі талаптарды басшылыққа алып, білім алушылардың танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыратындай ұжымдық, жеке және топтар бойынша оқыту формаларын шеберлікпен жүзеге асыратындай құрылуы тиіс. Фронталды жұмыс - ұжымдық жұмыс, барлық жағдайда да фронталды жұмыстарда оқытушы бүкіл топ білім алушыларына қиындығы бірдей жұмыстарды бір уақытта орындауды тапсырады. Білім алушыларды топ бойынша немесе жекелеп оқыту сипатын саралап отырады.
Оны ұйымдастырудың екі формасы бар:
1). Білім алушылардың технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлу және тиімділікті пайдаланып оқыту, оны ұйымдастырудың өз бетінше өзіндік жұмыстары орындалады.
2). Топтық формадағы оқытуда оқытушы білім алушыларды жеке топтарға бөледі, соған сәйкес тапсырмалар береді. Топтардың құрамы өзгеріп отырады. Әрбір білім алушы тапсырманың белгілі бөлігін орындайды. Оқытудың жеке формасында да әрбір білім алушы өзінше тапсырма алады, оны орындағаны туралы есеп береді.

ІІІ. Қорытынды:
Оқу материалының мазмұны мен ерекшеліктеріне, дидактикалық мақсаттарға, жүйедегі сабақтың орнына, білім алушылардың дайындығына сәйкес, оқытушы сабақ типтерін таңдап алады. Мысалы: тақырыптың бірінші сабағы жаңа білімді меңгеру сабағы болуы мүмкін. Тақырыпты оқу кезінде бағдарламалық білімді білім алушылар арқылы оны бекіту және жетілдіруге тура келеді, ол жағдайда сабақ белгілі типке айналады. Тақырыптың соңында оқытушы теориялық сабақты пайдаланып, білімді қорытындылау және жүйелеу сабағын өткізеді. Тақырып бақылау - есепке алу сабағымен аяқталады, онда білім алушының білімі мен іскерлігіне мән беріледі.
Сабақта оқытудың барлық формасында тиімді нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру көзделеді. Жаңа сабақтың материалын оқып үйрену ұжымды жүргізіледі (әңгіме, түсіндіру, дәріс). Ал жекелей оқыту бағдарламаланған құрал бойынша жүргізіледі. Оқытудың осындай формалары білім алушылардың белсенділігін, өз бетінше ізденуін, жан - жақты дамуын, таным қабілетін арттырады.
3 683
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар мен құрама сандарды және құрама сандарды көбейткішке жіктеуді үйрету.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар. Оқушыларға жай сандар және құрама сандар тақырыбын тереңірек меңгерту үшін есептер шығарып үйрету. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×