Білімділер поралы
загрузка...

Білім ордасында - Ұстаз мерекесі

Білім ордасында - Ұстаз мерекесі

Әрбір мектеп бітіруші жанның шәкірттік бейнесін ешбір фотосуретшінің көмегінсіз - ақ сана түкпірінде сақтап қала алатын бір жан бар болса, ол - оның ұстазы. Ұстаз - өзінің есейген шәкіртімен жүздесіп тұрып - ақ осы бір ересек жанның сол кездегі балаң бейнесін, оның сыныптың қай бөлігінде, қай партада отырғанына дейін көз алдына елестете алатын бірден - бір жан. Себебі шәкірт ұстаздың өзінің мектепке жас маман болып кіріп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі саналы да мағыналы ғұмырының еріксіз бір ажырамас бөлшегі. Осы бір балаң бейне ұстазға ерекше түрде жақын. Ұстаз бүгінгі алдында отырған шәкірттерімен ғана емес, өткен шақтағы шәкірттерінің осы бір бейнесімен де үнемі бетпе-бет келе алар еді. Нақ осыны шәкірттің өзі де сезер, мүмкін ұстаздың шәкірт жанына жақын болуының да бір себебі - ұстаздың тек өзіне білім беруші жан ғана емес, балаң күнінің қастерлі куәгері екендігінде де болуы мүмкін. Себебі түлек болып кеткен жан да еріксіз бала күніне оралып отырады.

Бүгінгі түлектер - кешегі шәкірттер. Ол күні кеше ғана өз мектебінің үздігі, өнерлісі, білім немесе басқа да саладағы жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары атанды. Ол осы сәттерде өз ата - анасының мәртебелі мақтанышы болды. Осының барлығында да оның жанында ұстаз жүрді. Осының бәрінде де ұстаздың қажыр - қайраты, білімі мен білігі, еңбегі мен шәкірт көкірегіне сенім мен жігер тудырушы күш - қуаты жатты. Шәкірт пен ұстаздың бірігіп мақсатты жолға жауапты дайындықтарының басталуы мен нақты нәтижелерге қол жетулерінің арасында ұзақ жол жатады. Бұл жол шәкірттің ұстазға деген сенімі мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінен құралады.

"Сіз маған жақсылық туралы айтып едіңіз, ұстаз". Егер есейген шәкірт өзіне осылай десе, ұстаз мұның ұстаздық ғұмырының дәл қай жылы, қай сағатында айтылғандығын жадына ала алмауы мүмкін. Бірақ мағына басқада - ұстаздың сыныпта тұрып айтқан жақсылыққа толы мазмұннан тұратын жалғыз ауыз сөзі шәкірт санасында сақталып, көкірегінде қалып қойғандығымен құнды. Ал ұстаз алдынан ұстаздық ғұмырында нақ осындай қаншама шәкірттер өтетіндігін ескерсек, ұстаз еңбегінің өлшеусіз ұғымға толы екендігін көруге болар еді. Ізгілік мазмұны шәкірт санасында неге қайта - қайта жаңғырықты, мұның себебі сынып сыртындағы бейтарап жанға қарағанда шәкірт алдындағы ұстаз аузынан шыққан бір ауыз сөздің анағұрлым қуатты, анағұрлым сенімді, анағұрлым болашаққа жол сілтеуші болып естілетіндігінде. Себебі ұстаз - өз кәсібінің шебері.

Кеше. Бүгін. Ертең. Ұстаздың жан - дүниесі мен табиғатында осы бір ұғымдар қаншалықты айырмашылық тудыра алады. Еш уақытта өзгермейтін бір ұғымдар бар. Ол ұстаздың өз шәкірттеріне деген ұстаздық жүректен туатын сүйіспеншілігі, олардың ісіне баға берудегі әділеттілігі, оқушысының бойындағы біліміне деген құрметі. Шынайы шәкірт бойында да еш уақытта өзгермейтін бір қасиет бар. Ол өзінің ұстазына деген адалдығы. Білім берудің технологиясы жаңғырығуы, оқытудың әдіс - тәсілдері жетілдірілуі мүмкін. Бірақ кешеге де, бүгінге де, болашаққа да тән ортақ нәрсе сол - ұстаздың осы бір ұстаздық болмыстың аясынан табыла беретіндігі. Ұстаз - Ұлтқа қызмет етуші. Салиқалы шәкірт тәрбиелеуші. Тағылымды еңбек тудырушы. Азат ойдың иесі. Ол - өз қоғамының Зиялы жаны. Бүгінгінің де, болашақтың да ұстазының жан - дүниесінде осы бір болмыс жата беретіндігі ақиқат.

Қоңырау соғылды. Жас балдырған мектепке асықты. Білім ордасын жағымды жаңалықтар қуантты. Мұғалім мерейлі кәсібіне қайта кірісті. Тағы да Ұстаз мерекесі есік қақты.

Ендеше, мерекеңіз құтты болсын, Ұстаз!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Үздік жаңалықтар
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 34
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 34
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика