Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа талпыныс, жаңа бағыт

13 желтоқсан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жаңа талпыныс, жаңа бағыт
«Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» (ҚР «Білім туралы» Заңның 8 - бабы)- да айтылғандай жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Осыған байланысты қазіргі қоғамдағы білім жүйесін одан ары қарай дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор екендігін ескеруіміз керек. Білім саласында ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушылардың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру болып отыр. Білім беру саласында АКТ - ны тиімді пайдалану арқылы түрлі басқа да ақпараттармен толықтыра аламыз. Сонымен қатар АКТ - ны қолдану оқушылардың жан жақты іздене отырып білімін шыңдауына зор ықпал етеді. Елбасымыздың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген сөзінде үлкен мән жатыр. Яғни болашақ ұрпақты жан жақты етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз. Осыған орай қазіргі заман талабына сай замануи білім беруде Ақпараттық комуникациялық технологияның алар орны ерекше. АКТ - ны қолдану арқылы болашақ ұрпаққа білімді жаңаша түрде беру мүмкіндігіне, өздігінен іздене отырып білім алуға, білім беру саласында оқушыларды жан жақты қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында қолданыста АКТ - ның түрлері бұл интернет желісі, комьютер мен интербелсенді тақта екені баршамызға мәлім. Компьютерді пайдаланa отырып интернет желісінде түрлі олимпиадаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады және кез келген ақпаратты іздей отырып өзінің ой өрісін дамыта алады. Осы бағдарламаны қолдана отырып оқушылардың ізденіс шеңбері кеңейеді деген ойға келдім. АКТ оқушыларға пән бойынша ғылыми ұғымдарды түсіндіру, осы ұғымдарды қолдануын және түсінуін жеңілдетуге мүмкіндіктер беріп, ұстаздарға да көмекші құрал болып табылады. Ғылым мен техниканың дамыған заманында сабақта оқушыларға белгілі бір тақырыпты меңгертуде интернет, сабаққа байланысты видеороликтер, электронды оқулық, интербелсенді тақтаның бізге берер көмегі зор. Яғни осы технологиялар арқылы оқушыларға тақырыпты түсінуге, меңгеруге көп мүмкіндік береміз. Әрбір педагогтың компьютерлік сауаттылығы АКТ - ны қолдануда, жеке тәжірибесін тұжырымдауда сапалы түрде артып отырады. Қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың даму заманында, оқу - ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық педагогтың компьютерлік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
АКТ - ны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он - лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат - бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Қазіргі кезде мұғалімнің сабақты қызықты әрі тартымды өткізу мүмкіндігі ақпараттық - коммуникациялық технология арқылы туады. Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалануы кеңейтіліп келеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші – адам. Осы бағдарламаны тиімді пайдалану оқушы үшін де, мұғалім үшінде аса маңызды. Мұғалім сабақты жоспарлап, білім беруде жан жақты ізденіп, оқушыларды түрлі ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. Мысалы сабақта интернеттен алынған ақпараттарды, видеороликтерді, электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқушыларға қосымша түрлі ақпараттар бере отырып сабақты түрлендіре өте аламыз. Тағы оқушылардың өз беттерінше ізденіп жұмыс жасауына да мүмкіндік туғыза аламыз. Оқушыға бір тақырып бойынша тапсырма берсек олар осы тапсырманы орындауға қызығады. Себебі тапсырманы оларға мұғалім айта салғаннан гөрі өз беттерінше ізденген қызықтырақ. олардың пәнге деген қызығушылығы артады

Қорыта айтқанда, сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер аша аламыз. Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық - компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп
Математика пәні мұғалімі:
Есболғанова Замира Нұржігітқызы
2 452
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×