Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҚазҰУ мақтанышым

04 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ҚазҰУ мақтанышым
Балалық шақтан болашаққа жетелеп, маман иесі атану үшін, яғни білім алу мақсатымен Атырау қаласындағы Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжіне шет тілі екі шетел тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013 - 2014 жылы аяқтап, 2014 - 2015 оқу жылында Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 1 курс студенті болып оқуға қабылдандым.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бұл мектеп бітіруші түлектің, білім нәрімен сусындаймын деген әрбір жастың білім алғысы келетін еліміздегі беделді оқу орындарының бірі. Осындай университетті таңдағаныма және оқып жатқаныма өте қуаныштымын және мақтан тұтамын. Мен Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасында 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім алудамын. Университет қабырғасында үш жыл өмірімдегі ең бақытты, ең қызықты сәттер болды. Әрине қызығымен қиындығы қатар жүрді. Білім инемен құдық қазғандай демей ме? Әрбір студенттің мақсаты университет берген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеткілікті деңгейде білім алып, өз саласының маманы болу. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс - тәжірибеден өтудемін. Осы мақсатқа жетуімен жол сілтеген, өзінің ақыл - кеңесімен тек мені ғана емес біраз студентті өзінің артына жетелеген Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасы мұғалімдері мен оқытушыларына айтар алғысым шексіз. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс - тәжірибеден өтудемін. Кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атану – асқақ арман, зор мәртебе және үлкен бақыт. Алдағы уақытта университетті үздікке аяқтап, өз саламның жақсы маманы болсам деймін. Мен де өз оқытушыларым секілді артымнан еріп келе жатқан іні - сіңілілеріме білгенімді үйретіп, Қазақстан Республикасының білім саласында өзімнің айтарлықтай орнымды қалдырғым келеді. Сондықтан мен үшін осы оқу орнында білім алу – үлкен мақтаныш, зор қуаныш. Мәңгілікке жасай бер, өркендей бер, гүлдене бер, ҚазҰУ - ым
995
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Қоғамға керек мамандық
Қоғамға керек мамандық
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл -
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе? Атақты Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бұл университет Қазақстан Республикасында ең танымал болып есептеледі.
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни
Ізденген жетер мұратқа
Ізденген жетер мұратқа
Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді.
Дінтану мамандығы жайлы білесіз бе?
Дінтану мамандығы жайлы білесіз бе?
Соңғы төрт жыл ішінде «Дінтану» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі 22 грантқа дейін ұлғайтылып, 2014 - 2015 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың көлемі 82 грантты құрады Жоғары білім саласында барлық мамандықтарға арналған жаңартылған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.