Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану

05 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану.

Ақпараттану дәуірінде ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны жедел даму үстінде. Осыған байланысты елімізде білім алудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан да әрбір тұлға енгізілген жаңа технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алуы керек.

Бүгінгі білім алу - оқудың мазмұны аспектісі терең, жан - жақты әрі ғылым мен тәжірибе талаптарына сай келетін біліммен қарулану мақсатын көздейді.
Қазіргі уақытта бастауыш сыныпта информатика пәнін оқыту үрдісінде пән мұғалімі үшін қолайсыз жағдайлар туындап отыр. Өйткені кейбір балалар компьютерде отыру кезінде басының айналып, көзінің қызарып ауырғандығын айтып, мұғалімге жиі шағымданады. Осы себептерге байланысты яғни бас сүйегі қан қысымы, көз ақауларының әсерінен оқушылар компьютерге ерекше қызығушылық танытқанымен, монитор алдында ұзақ отыруға мүмкіндігі жоқ.
Осы орайда оқушының денсаулығын жақсарту мақсатында, танымдылық белсенділікті арттыратын кейбір сабақтарды компьютердің көмегінсіз де өткізуге болатын «Коллаж» технологиясын ұсынар едім. Бұл технологияны сабақ беру үрдісінде жапсырмалы қағаз түрінде немесе электронды түрде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып Асtivstudio бағдарламасында ұтымды қолдануға болады.
«Коллаж» білім беру технологиясын шет тілін оқыту барысында Германия, Португалия, АҚШ, Испания елдерінің ұстаздары кеңінен қолдануда.
«Коллаж» - жапсыру деген мағынаны білдіреді. Оқу процесінде әр түрлі өзекті ақпараттты қолдану коллаж болып табылады.
Коллажбен жұмыс жасаудың негізгі мақсаты:
Оқушының өзіндік іздену жұмыстарында потенциалды мүмкіндіктерін кеңейтіп, аша түсу. Бұл технологиямен жұмыс барысында негізінен топтық жұмыс жүргізіліп, жобалар қорғалады.
Жобамен жұмыс негізінен 6 кезеңнен тұрады:

1 - кезең. Ассоциограмма құру. Ассоциограмма – қандай да бір түсініктің мән - мағынасын ассоциативті байланысы арқылы ашу. Осындай жұмыстар мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты нығайта түседі.
Мысалы, мұғалім «Информатика» сөзін айтқанда оқушының көкейінде ақпарат, компьютер, ғылым, бағдарламалық жабдықтама, объект т. б сөздері ассоциацияланады.
Оқушылардың жеке құрастырған ассоциацияларын топтық тұрғыдан бірігіп талқылау керек.

Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану. жүктеу
2 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы орайда, ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану заман талабына сай мұғалімдерге педагогикалық тәжірибе жинақтауға,
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×