Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес

Тақырыбы: Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Ата - анамен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Топ ішілік ата - аналар жиналысы
Ата - аналармен жеке кездесу
Ата – аналарға тест және сауалнамалар
Ата - аналармен жеке жұмыстар жүргізу және кеңестер беру
Отбасына саяхат
Ата - аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

Ата - аналарға кеңес: Ата - аналар бала - бақшада адаптация кезінде баласына қалай көмектесе алады.
Психологтың кеңесі
Сіздің балаңыз бала бақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бала бақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Құндылықтарының өзгеруі бала үшін стресс.
Бұл неден көрініс табады?
Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;
Дене қызуы көтерілуі мүмкін;
Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін;
Имунитетінің төмендеуі, саламағының азюы мүмкін.
Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Орта деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта - қайта шақыру.

Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты:
Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.
Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты;
Баланың жекелеген ерекшелігіне байланысты;
Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;
Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты).

Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек?
Кішкентай бала ата - анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата - анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан, баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата - анасы.
Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылауды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, болашақта не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабын екеуара таба білуіңіз қажет. Баланың бала бақшаға тез бейімделіп кетуі үшін, сіз оған алдын ала ақпарат беруіңіз керек. Оған өзінің құрдастарымен араласудың, қаншалықты қазақ екендігін, бала жаңа нәрсе үйренетіндігін айтып көрсету керек. Ең алдымен бала бақшаның іші сыртын толық балаға таныстырып көрсеткеніңіз дұрыс болады. Бұл баланың бойындағы үрей қорқыныштың сейілуіне мүмкіндік береді.
Баламен оның күнделікті бала бақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды, оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында бала бақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта пайда болады.

Өткізген: І кіші “Көбелектер” тобы тәрбиешісі: Байдалиева Л.

Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес. слайдын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 79
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 79
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика