Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеу өнері "Көркемдік өнер және кескіндеме" авторлық факультативтік курс

03 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бейнелеу өнері "Көркемдік өнер және кескіндеме" авторлық факультативтік курс

Кіріспе
Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан - жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған. Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой - өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Көркем өнер жеке құбылыстардың жалпы табиғатын ашуға тырысады, ал жалпы табиғат, жалпы қасиеттің өзін көрікті бейнелер арқылы аралайды. Сұлулықты тану үрдісі жаратылыстану құбылысының тек бірегей, нақты көрінісін бейнелеп қана қоймайды, ол сол құбылыстың тыныстану, «өмір сүру» заңдылығын айқындайтын негізгі қасиеттерін де тап баса алады.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.
Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігін өрісі ашылмай - ақ көрінетін ой қисынымен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байыта қорытып, келісті мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүйеде өз алдына жеке бөлініп ап - айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірінше дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады.
Нанымдылық - сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан - сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.
Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымында ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.
Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл - күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.

Бұл бағдарлама оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, бейнелеу өнері пәнінен 6 сыныпқа арналып жасалған. Аптасына 1 рет өтілетін сабақ негізінде және жылдық уақыт мөлшері - 34 сағатты құрайды. Бұл бағдарламаны құру барысында оқушылардың өнер туындыларын түсіне алатын қабілеттерін дамытуда күрделенген тақырыптар алдым. Мектеп бағдарламасынан тысқары, күрделенген, кеңейтілген тақырыптар алынды. Сонымен бірге талғампаздықты, үйреншікті нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болу, көргенін есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап талдауға, білгенін жинақтауға үйренеді.
Бағдарлама оқушының 5 - сыныпта игерген білім жүйесін, практикалық бейнелеу және өнерді қабылдау жұмыстары арқылы жүйелі түрде жалғастыруға, тиянақты бекітуге құрылды.
Ұсынылып отырған бағдарламаның мазмұны, қазіргі кезеңде республикалық қазақ мектептерінде оқу - тәрбие жұмыстарына қойылып отырған негізгі мақсат - міндеттерімен, талаптарымен ұштастырыла жасалған. Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушының әсемдік талғамын, көркемдік іскерлік және ісмерлік қабілетін дамыту арқылы, оларға имандылық, ізгілік - эстетикалық, көркемдік тәрбие береді.
Оқушы заттың пропорциясын, ондағы дақтар арақатынасын іздестіре алуы, неғұрлым әсерлі бояу шешімдерін таба білуді үйренеді.
Әрбір дара тұлға, көркем іс - әрекеттердің түрлеріне бейімдеп қоршаған орта мен табиғаттағы түрлі - түстер мен формаларды танып, қабылдау қабілеттері қалыптасады.
Оқушының қоршаған өмір шындығы, заттар пішіні, құрылысы, табиғат дүниесінің құбылыстары, адамдар мен жан - жануарлар өмірінің ерекшеліктері, туған жер сұлулығы туралы түсініктерін қалыптастыруға және олардың бейнелеу өнері саласындағы алғашқы көркемдік таным өрісін, білім шеңберін кеңейте отырып, бейнелеу жұмыстарының әдіс - тәсілдерін жүйелі түрде игеруін қамтамасыз етуге құрылған.
Бейнелеу өнері сабағында оқушының практикалық білімі мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білу, олардың шындық пен өнердегі байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, өнерге деген қызығушылығын арттырады. Қоршаған шындық объектілерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру, белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке баулиды және табиғат сұлулығын қорғай білуге тәрбиелейді.
Оқу бағдарламаның мақсаттары:
- жас суретшінің дұрыс жолмен дамуына алғашқы түрткі жасау, көркем шығармашылықтың түрлі салаларында шеберлікті, жұмыс істеу техникасын бастапқы меңгеру үшін мүмкіндігінше жан - жақты материал бере отырып, оқушының өнерге деген құштарлығын арттыру.
- Өзімізді қоршаған дүниені танып білудің, шығармашылық толғанысты және әсемдікті түсіну қабілетін дамыту.

Бейнелеу өнері "Көркемдік өнер және кескіндеме" авторлық факультативтік курс. жүктеу
3 157
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйірма. Сиқырлы бояулар
Үйірма. Сиқырлы бояулар
«Жас суретші» үйірмесі эмоциялық - бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Сурет пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Сурет пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер мектептерінде көркем эстетикалық бағыттағы сурет пәні бойынша авторлық қосымша білім беру оқу бағдарламасы білім мазмұнын, білімді игерудегі қажеттілікпен қатар, сурет салу шеберліктерін арттырып олардың
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу
Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектебінің технология, бейнелеу өнері, сызу пәндері мұғалімі: Абдрахманова Алмагүл Хамаридденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×