Білімділер поралы

Оқытуда кембридж тәсілін қолдану

Оқытуда кембридж тәсілін қолдану

Қазіргі уақытта оқыту үрдісі жаңа әдіс – тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өзінің іс – тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілеспес үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастыра жүріп ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (базалық) деңгей ( білім берудегі Кембридж тәсілі ) Бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өттім.

Жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болатын білім берудегі жаңа формат тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған жеті модульден құралған бағдарламаның оқу мен тәрбиеде алатын орны ерекше. Әлемдік тәжірибеге негізделе отырып жасақталған бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін өзіндік дәлелін нанымды жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы қалыптастыруды мақсат етеді.

Бұл бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мүндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

Мен үшін осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің алатын ерекше болды. Бұл модульдердің кейбірін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік мағынасын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.

Негізінен, өздеріне сыныпта оқушы ретінде қарайтын мұғалімдер өз оқушыларын дамытуда көбіне табыстарға қол жеткізеді, өйткені олардың өзі оқиды. Олардың жаңа идеяларды немесе жұмыстың жаңа жолдарын зерттеу бойынша өз ізденісі туралы ойлану нәтижесінде қол жеткізетін тәжірибесі олардың жеке практикасына ықпал етеді. Сонымен, егер біз дамытқыз келген жаңа тәсілдерді зерттесек, өзіміздің де оқып жатқанымыз туралы ұмытпағанымыз жөн.
Нәтижесінде өзіміз де, оқушыларымызда да, сабақ үрдісімізді де үлкен өзгеріс болып жатқанын байқаймыз. Осындай жеті модульді енгізе отырып 11 - сыныпта "Алғашқы функция және интегралдау" тақырыбында өткізген қорытындылау сабағымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.

Оқытуда кембридж тәсілін қолдану. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 15
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 15
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика