Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саз әлемі

02 наурыз 2012, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
«Саз әлемі» жобасы
Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Саз әлемі» жобасына қош келдіңіздер демекпін.
1 - жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.
2 - жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.

1 - жүргізуші: Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып - тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.
2 - жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге, өнерге деген құштарлығымен өзін бас - көзге қарамай қамшылап жүргендер.

1 - жүргізуші: «Болар адам - бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. №182 мектепте 8 - 11 сыныптар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Саз әлемі» жобасы оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.

2 - жүргізуші: Шараның мақсаты - Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.
1 - жүргізуші: Сонымен бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры ------------------------------------------- ағайға сөз береміз.
2 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Саз әлемі» жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем.
------------------------------------
1 - жүргізуші: Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып салайық!
2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтсем:
Тәрбие ісінің меңгерушісі ----------------------- ағай
Бастауыш бірлестік жетекшісі ------------------ апай
Ән - әуез пәнінің мұғалімі ------------------------ апай

1 - жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Саз әлемі» жобасының сарапшыларымен таныстырып өтсем:
-----------------------------------------
2 - жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға номері 1 - ші талапкеріміз
Сілтеу Исламды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Саз әлемі сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады - сахнада 2 - ші номерлі талапкеріміз-------------------------- ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың - дей келе 3 - ші номерлі әнші қызымыз------------------------------ қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Айтса әні алыс шыңға жететін,
Шақырайық Мақсатты ән мен жырды шертетін. Сахнада 4 - ші номерлі әншіміз --------------------------- қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5 - ші номерлі ---------------------------------------- ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 6 - шы номерлі талапкерімізді -------------------------------------- ортаға шақырамыз. Қошемет.
1 - жүргізуші: Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка - өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен 7 - ші номерлі әншіміз ------------------------- қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Қазылар алқасының пікірін тыңдап көрелік.
2 - жүргізуші:: Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 8 - номерлі әншіміз ----------------------------------------------------- ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда.
1 - жүргізуші: Шық аруым жарысқа,
Бір - бірінен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
Мына отырған халықта - демекші бүгінгі сайысымыздың 9 - номерлі әншісі ---------------------------- қарсы алайық. Қошемет.
1 - жүргізуші: Қазылар алқасымен сарапшыларымызға кезек берелік.
2 - жүргізуші:: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе енді сайысымыздың соңғы номерлі талапкерін -------------------------------------------- ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.
1 - жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берелік.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы қорытынды шығарам дегенше тамаша әнге кезек берейік.
1 - жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.
29 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білімділер әлемі интеллектуалдық ойыны
Білімділер әлемі интеллектуалдық ойыны
Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу. сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына 100 жыл
Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына 100 жыл
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектебі ММ Мұражай жетекшісі: Кенесова Гулмира Кистаубаевна
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Жұлдызды кеш
Жұлдызды кеш
Армысыздар өнер сүйер қауымдарым, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер. Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Сөнбес жұлдыздар
Сөнбес жұлдыздар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы»ММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Муханмедиева Шынар Муханмедиевна
Әнші балапан
Әнші балапан
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×