Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест әдісі арқылы оқушылардың білімін есепке алу

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Тест әдісі арқылы оқушылардың білімін есепке алу
Әдебиет тест 5 - сынып ІІІ тоқсан
1. С. Торайғыров қай жылдары өмір сүрді?
А) 1893 - 1938
В) 1909 - 1995
*С) 1893 - 1920
Д) 1894 - 1938
Е) 1873 - 1938
2. Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеуді не дейді?
*А) кейіптеу
В) эпитет
С) метафора
Д) метонимия
Е) теңеу
3. Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы арлы анамды сағындым,- деп жырлаған ақынды белгілеңіз?
А) Б. Майлин
В) І. Жансүгіров
С) С. Сейфуллин
*Д) М. Жұмабаев
Е) С. Торайғыров
4. – Мен келдім сіздерге, елім, қоныс тауып,
Көп көрдім жүрген жерден қатер - қауіп.
Жиделібайсын деген жақсы жерге,
Көшемін, тіл алсаңдар жерден ауып,- деп айтқан кім?
А) Асан қайғы
*В) Өтеген
С) Ерсары
Д) Байсары
Е) Сұраншы
5. «Аққудың айырылысуы», «Көкшетау», «Қызыл ат», «Ақсақ киік» шығармаларының авторын ата.
А) Б. Майлин
В) І. Жансүгіров
*С) С. Сейфуллин
Д) М. Жұмабаев
Е) Ж. Аймауытов
6. Молықбай қобызшы қобызына қай ертегіні қосушы еді?
А) «Нар идірген»
*В) «Бозінген»
С) «Боз айғыр»
Д) «Ақсақ құла»
Е) «Ақсақ құлан»
7. – Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің?!
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң, шыңға жетерсің – деп Абайға домбыра ұсынған кім?
*А) Барлас
В) Байкөкше
С) Майбасар
Д) Әжесі
Е) Жұмабай
8. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді не дейді?
А) кейіптеу
В) пейзаж
*С) портрет
Д) пролог
Е) эпилог
9. – дай, - дей, - тай, - тей жұрнақтарының жалғауы арқылы жасалып, «қандай?» деген сұраққа жауап беретін көркемдегіш құралды қалай атайды?
*А) теңеу
В) кейіптеу
С) метафора
Д) эпитет
Е) метонимия
10. Құстың жауын алыстан сездіретін мүшесі
А) мұрны
В) көзі
*С) құлағы
Д) қанаты
Е) жүрегі
11. «Құс салып, айдын көлді дабылдаттым» деп кім айтқан?
А) Ахмет
В) Абай
С) Балтабай
Д) Балғабай
*Е) Халық өлеңі
12. Ғ. Мүсіреповтің өмір сүрген жылдары
А) 1900 - 1973
*В) 1902 - 1985
С) 1895 - 1982
Д) 1911 - 1954
Е) 1900 - 1946
13. «Қазақ солдаты» романында кімнің өмір жолы баяндалады?
А) Ғ. Мүсіреповтің
*В) Қ. Сарталиевтің
С) Айдаштың
Д) Шегеннің
Е) Бораштың
14. «Қазақ солдаты» қандай шығарма?
А) Мемуарлық роман
*В) Ұлы Отан соғысы туралы тарихи роман
С) Ғасырдың ұлы туындысы
Д) Халықтың байырғы тұрмыс - салтын бейнелеген туынды
Е) Роман - дилогия
15. «Уәде етпеу керек, уәде еттің - орында», - деп жаңа танысқан досына өзінің әдетін түсіндірген кім?
А) Мысық
В) Жақып
*С) Шоқан
Д) Шыңғыс
Е) Сыдық
16. «Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол – Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе осы оқиға қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды»,- деп жазған жазушы.
А) С. Мұқанов
В) М. Әуезов
С) Қ. Әбдіқадыров
*Д) С. Бегалин
Е) С. Жүнісов
17. Өте дарынды әртіс, әйгілі «Құралай сұлу» дастанының авторы Иса Байзақов қайда дүниеге келген?
А) Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі
В) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы
С) Қарағанды облысы, Нілді деген жерде
*Д) Павлодар облысы, Ертіс өңірі
Е) Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
18. «Қажымұқан» хикаятының авторы кім?
А) И. Байзақов
*В) Қ. Әбдіқадыров
С) Қ. Аманжолов
Д) Қ. Шаңғытбаев
Е) Ж. Молдағалиев
19. «- Бұл жаратылыста жеке болмасын деп, мен үшін арнап жаратқан серігім»,- деп Дубный кімді айтты?
А) Дядя Иванды
В) Добрый - Рабыйды
*С) Мұқанды
Д) Иван - Кореньді
Е) Рига - Риберді
20. «Абдолла», «Орамал», «Туған жер», «Дауыл», «Өзім туралы» т. б. жырлар кімдікі?
*А) Қ. Аманжолов
В) Қ. Шаңғытбаев
С) И. Байзақов
Д) Ж. Молдағалиев
Е) М. Мақатаев
21. Қай өлеңнен?
- Қояндар қамыстан өліпті,
Батырлар намыстан өліпті.
Қорқақтар құлдыққа көніпті,
Батылдар дауыл боп төніпті.
А) «Сабалақ»
В) «Дауыл»
С) «Жазғы кеш»
*Д) «Ар - ұят туралы»
Е) «Барлығы да сендердікі»
22. Ұлы Отан соғысына қатысқан, көптеген жыр кітаптарының авторы, «Менің Республикам» өлеңінде туған елге деген сүйіспеншілік сезімін өршіл рухпен жеткізген ақын.
А) Қ. Аманжолов
В) Ж. Молдағалиев
С) М. Мақатаев
Д) Қ. Шаңғытбаев
*Е) С. Мәуленов
23. Абылай тағы туа ма деп қазақтан,
Тосып келем, сол ендігі арманым,- деп жырлаған ақын
*А) Қ. Шаңғытбаев
В) М. Мақатаев
С) С. Мәуленов
Д) Қ. Аманжолов
Е) Ж. Молдағалиев
24. «Фантазия», «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын» өлеңдерінің авторы
А) И. Байзақов
В) Қ. Аманжолов
С) Ж. Молдағалиев
Д) С. Мәуленов
*Е) М. Мақатаев
25. Атақты әнші, ақын, сазгер, саяткер, құсбегі Ақан серінің өмірі туралы роман - диалогия жазған жазушы.
А) Қ. Әбдіқадыров
В) С. Бегалин
*С) С. Жүнісов
Д) Қ. Жұмаділов
Е) Н. Серәлиев
8 758
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, Ақынның Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығында көрсеткен ерлігін эпикалық сарында көркем бейнелеуі туралы түсінік беру.
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×