Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

01 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақ тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, Ақынның Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығында көрсеткен ерлігін эпикалық сарында көркем бейнелеуі туралы түсінік беру.

Басталуы
Кіріспе (10 минут)
Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу,
түгелдеу
Ә) Топқа біріктіру. Оқушыларға суреттер беру арқылы топтарға біріктіру
І топ Батыр ІІ Қайсар ІІІ Жамбыл. ІҮ Өтеген
Б) Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау
1. Оң жақтаға «10» - Ж. Жабаев қай жылы қай жерде дүниеге келген? (1846)
2. Оң жақтағы «20»- Жетісу ақындарының ішінде кімнен бата алған? (Сүйінбай)
3. Оң жақтаға «30» - Соғыста қайтыс болған ұлының аты кім? (Алғадай)
4. Оң жақтаға «40» - Қай жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді? (1941)
5. Сол жақтаға «10» - 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске арнап жазған өлеңдерін ата (Зілді бұйрық, Патша әмірі тарылды)
6. Сол жақтағы «20»- «Ленинградтық өренім» өлеңінің бір шумағын жатқа айт
7. Сол жақтаға «30» - 1936 жылы Правда газетінде жарияланған өлеңін ата (Туған елім)
8. Сол жақтаға «40» - Ж. Жабаевтың эпикалық туындыларын ата ( Өтеген батыр, Сұраншы батыр)
9. Сол жақтағы «50» - Ж. Жабаевтың өлеңдерін ата
10. Оң жақтағы «50»- 35 жасында 1881 жылдың күзінде Іле бойындағы үлкен жәрмеңкеде Жамбыл атақты ақынмен айтысып жеңіске жетіпті осы ақынды ата (Құлманбет)

1. Мағынаны тану.
Топтар өткен сабақта құрылған жоспар бойынша кезекпен сөйлейді.
Ортасы (тұсаукесер)
(10 минут)
Негізгі бөлім
2. Топтық жұмыс
І топ: Композициялық құрылымына талдау
Оқиғаның басталуы
Жиделібайсын жеріне,
«Алып келсем елімді
Қалмас еді - ау арманым».
Оқиғаның дамуы
«Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл
Ел - жұртын аман - есен көрді дейді»
Оқиғаның шиеленісуі
«Жиделібайсын деген жақсы жерге,
Көшелік тіл алсаңдар жерден ауып»
Оқиғаның шарықтау шегі
Елінің Өтеген батырдың тілін алмауы
Оқиғаның аяқталуы
Өтеген батырдың Түркістанға кетуі
ІІ топ: Өлеңнің көркемдік ерекшелігі
ІІІ топ: Өлең құрылысына талдау
Өтеген аман - есен келді дейді,
Аралап талай жерді көрді дейді,
Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл
Ел - жұртын аман - есен көрді дейді...
4тармақты, 3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы
Теңеу: қойдай шулап, құрдай жайнап.
Эпитет: жақсы жер, жақсы қоныс, жабайы арпа, қара шеңгел.
Асонанс: Айтады көрген менен білгендерін,
Аралап жиһан кезіп көрген жерін.

Мұғалімнің аты - жөні: Жанысбекова А.
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны жүктеу
3 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туылған.
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Алматы облысы, Қарасай ауданы, «С. Керімбеков атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсейтова Айман Наурузкановна
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есназарова Ләззат Дүйсенбаевна
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Рахимова Жаңылған Ынтықбайқызы
Жамбыл Жабаев «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Аттандыру»
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кадырова Нұрсая Жолмырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×