Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту - қазіргі таңдағы үлкен проблемалардың бірі болып саналады.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: “ Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі ” деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Олай болса “ Мұғалім ” қоғам айнасы бола білуі керек. Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал сол мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайықты бейімдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге сәйкес келмейтіні белгілі. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Сондай - ақ оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.
Б. Ұ. Ұ шешімімен “ ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры” деп аталды.

Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпарат - тандыру ғаламдық процесінің негізіне айналды.
Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптас - тыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастық - тың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады. Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы құзырлы оқушы даярлау. Ал, оның негізі – мектеп. Оларға тәлім – тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу. Олардың ерекше қабілеттерін жетілдіру және көрсету. Қазіргі кезде білім беру жүйесі моделін құрастыруға жаңа бағыттар мен көзқарастар іздестірілуде, оның мақсаты - бала дарындылығын ашу, дамыту барысында озық әдіс - тәсілдерді пайдалану.

Жұмыс нәтижесі:
- Оқушылардың пәндер арасындағы байланыстарды толықтай сезінуіне жол ашады;
- Оқу үрдісінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Ақпараттық - коммуникациялық технология оқушы мен ақпарат арасына байланыс орнатады;
- Ақпараттық – коммуникациялық технология білім алу мен күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерді шешуде қолдана білуді оқып үйренеді;
- Оқу үрдісінде мұғалімнің рөлі өзгереді;
- Ақпараттық - коммуникациялық технология оқушы мен ақпарат арасына байланыс орнатады;
- Ақпараттық – коммуникациялық технология білім алу мен күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерді шешуде қолдана білуді оқып үйренеді.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық – әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай – ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 589
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қабілетін арттыру
Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қабілетін арттыру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі Баяндамашы: Информатика пәнінің мұғалімі Аширова Лаззат Бейсенбековна
MathCad бағдарламасы
MathCad бағдарламасы
Ақмола облысы, Ушаков орта мектебі Егіндікөл ауданы 8 сынып оқушысы Артықбаева Анара Жетекшісі: Нұрмұрат Әл - Фараби
Қазақ тілі сабағында интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану – заман талабы
Қазақ тілі сабағында интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану – заман талабы
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін көтеру
Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін көтеру
Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту - қазіргі таңдағы үлкен проблемалардың бірі болып саналады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×