Білімділер поралы
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Жариялаған bibka   Категориясы: Жыраулар

Жиембет жырау

Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді.
Жариялаған ramuk_b   Категориясы: Жыраулар

Шалкиіз жырау

Шалкиіз жырау (1465-1560) Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орын ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатысқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол «Дулығаның төбесі туған айдай болмаса, Батыршылық сүрмен-ді», «Дулығалы бас кескен, Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма?» деп батырлықты жоғары бағалаған. Елін жауынан, дұшпанынан тек «жалаңаш барып жауға тиер» ер ғана қорғай алады деген түйін жасайды. Ақын жақсы деген не, жаман деген не; ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекеті, қылық – мінезінен көрінеді, міне осы тақырыпта жыр-толғаған.
Жариялаған ramuk_b   Категориясы: Жыраулар
Доспамбет жырау (XVI ғасыр) Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған. «Азаулының Стамбулдан несі кем» деген жолдарынан Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз. Өз толғауларында ақын өзін «Ер Доспамбет» деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол «асытына қарт күреңді мініп», «болат қылыш асынып» жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол «күңіреніп күн түбіне жортқан», «садақ тоған сайгез оқ өткеріп», «арғымақтың талдай мойнын талдырып» көп жорықтарды бастаған.
Жариялаған ramuk_b   Категориясы: Жыраулар

Қазтуған жырау

Қазтуған жырау (XV ғасыр)   Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады, Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады.
Жариялаған ramuk_b   Категориясы: Жыраулар

Асан қайғы

Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен замана жайын әріден толғаған ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы, да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның халық қайғысын, мұң-арманын, тағдырын ойлаумен өткен адам екенін аңғарамыз. Асан қайғы туралы халық аңыздары да оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танытады.
Жариялаған ramuk_b   Категориясы: Жыраулар
Бәйге бөлімі
  • Мәтін, мәтіндік блоктарды құру

    Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасауды үйрету; Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру
  • Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

    Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат алуға, танып - білуге қызықтыру, «Сүйемін» өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінуге және өлең құрылысын жан - жақты талдай білуге, сын ...
  • Қайталау. 400 - 406 - жаттығулар

    Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Қош келдің – әз Наурыз!

    Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай балаларды адамгершілікке, елін, ...
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • «Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

    - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

    Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 103
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 103
Роботтар: 3
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика