Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазтуған жырау толғаулары, тәрбиелік мәні

26 қыркүйек 2013, Бейсенбі
Категориясы: Жыраулар
Сабақтың технологиялық картасы
І БЛОК «Мақсаттылық»
Пәні:
Қазақ әдебиеті Мамандығы: 0111000 – «Негізгі білім беру»
(Қазақ тілі мен әдебиеті) Тобы:
ҚТ - Ж - 11 Күні:
12. 03. 2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау толғаулары, тәрбиелік мәні
Сабақтың типі: Алған білімді бекіту
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
Оқушыларға қазақ әдебиеті әлеміндегі өзіндік орны бар Қазтуған жырау толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, жырау шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орнының ерекшелігін көрсету, көркемдік әлемін таныту, шығармаларын талдап, көркемдік ерекшеліктерін танып оқи білуге үйрету; жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасау;
Тәрбиелік:
практикалық тапсырмалар орындату барысында ізгілік қатынасқа үйрету, адамды сүюге, өзін қадірлеуге, табиғатты сүюге, қорғауға, ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, гумандық, патриоттық тәрбие беру;
Дамытушылық:
Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өздігінен білім алып дами алатын тұлға қалыптастыру, шығармалардағы көркем сөз айшықтарын талдап, жүйелі мазмұндау арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; өздігінен білім алуға баулу,
Кәсібилік
Болашақ өз мамандықтарына сәйкес тәжірибеде көркем шығарма компоненттерін тиімді оқыта білуін, өз ойын жүйелі жеткізе білуін дамыту; жыр құрылысына толық әдеби талдаулар жасап, зерттеу жолдарын біліп, сабақ барысындағы әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана білуге үйренеді
Күтілетін нәтижелер:
Базалық: - Толғаулардың нұсқалары, зерттелуі, көркемдігі туралы мәліметтерді біледі;
- Шығарманың ерекшеліктерін ұғынып әдеби - теориялық талдау жасай алады
Кәсіптік:
Тәжірибе жинақтау кезінде жыраулық поэзия әдебиеті үлгілерін, жыр мен терме ақын шығармалары, эпостық жырларын, жыраулық дәстүрдегі шығармаларды тиімді әдіс - тәсілдер арқылы меңгерту тәсілдеріне қанығады, өз білгенін түсіндіру әдісі арқылы баяндауға үйренеді.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, әдебиеттануға кіріспе, музыка, география.
ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Көрнекі құралдар
Тірек – сызбалар, үлестірмелі таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар, бағалау ведомості, бағалау мониторингі, ОӘК, тест тапсырмалары, оқулықтар, магнитофон, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, компьютерлер, ноутбуктер.
Таратпа материалдар таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптерлері (электронды және қағаз нұсқалары)
Оқытудың техникалық құралдары Магниттік тақта, видеопроектор, компьютерлер, интерактивті тақта, ноутбуктер т. б.
«Қазақ әдебиеті» 9 - сынып. Электронды оқулық, БАПТО, 2009 жыл
Ақпараттық қор
Негізгі: (әдебиеттер) 1. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.
Оқулық, Алматы, «Ана тілі», 1992 жыл, – 368 бет
2. Мағауин М. «Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991 жыл. 432 - бет;
Қосымша: (әдебиеттер)
1. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық: оқу құралы - Алматы, Жазушы, 1989 жыл.
2. Жеті ғасыр жырлайды. – Алматы: “Жазушы” 2004 жыл
3. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы: “Ана тілі”, 1998 ж.
Негізгі терминдер мен ұғымдар Ақын, жыршы, жырау, аударма, жазба әдебиет, көпнұсқалылық, эпостық жырлар, сөздік, хандық дәуір әдебиеті, көнерген сөздер түсіндірмелері
Сабақтың технологиясы мен әдістері: Дамыта оқыту, проблемалық оқыту технологиясы, тірек - сызбалар, сұрақ - жауап әдісі, баяндау әдісі, СТО әдістерін пайдалану, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре - баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Оқу - әдістемелік кешен «Қазтуған жырау» тақырыбына арналған оқу - әдістемелік кешен
Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмасы: (әр тапсырманың құны 1 ұпайдан)
1. Қазтуған жыраудан қалған әдеби мұраның нұсқалары, негізгі зерттеушілері туралы не білесің?
2. Жыраудың шығармашылығы, түркі халықтарына ортақтығы, негізгі себептері қандай?
3. Жырау шығармаларының тарихи негіздері туралы қандай деректер білесің?
4. Жыраудың өзіне арналған мадақ жыры арқылы кейіпкер ретінде сипаттама жасаңыз.
(Мадақ жырында көрініс тапқан жеке тұлғалық қасиеттерін ғана атап көрсетіңіз.)
5. Қазтуған жырау толғауларының өзіндік ерекшеліктері.

ІІ деңгей тапсырмасы:
(әр тапсырманың құны 2 ұпайдан)

1. Жырау шығармаларында кездесетін жер - су атаулары (өзен - су аттары, көшіп жүрген жерлер, т. б.)
2. Қазтуған жырау толғауларындағы бала ұғымына қиын тиетін сөздер, түсіндірме сөздікпен жұмыс жасаңыз. (көбе, қары ұнымы, сырық, балдағы, қылшан, салуалы, ботташық, кежі т. б.)
3. Жырау шығармаларындағы сөз қолданысы, әдеби - көркемдегіш тәсілдерге талдау жасаңыз. Адам образын жасауда жыршы, жырау қандай көркемдік үлгілер қолданады, оқиғаны дамыту ерекшелігі қандай?
4. Ай мен Таңсықтың туған жермен қоштасуынан алынған үзінді өлеңмен, М. Қашқари сөздігіндегі ұқсастықтарға талдау жасаңыз:
Балталы, Бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл аман бол.
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап, күліп, ер жеткен, жер аман бол!
Махмұд Қашқари сөздігінде мына бір өлең берілген:
Еділдің суы ағады,
Ойпаң жерлерге қақ тұрады.
Осындай көлшіктерде балық пенен бақалар
Өсіп - өніп көбейеді.
5. Халық тәуелсіздігі, ел бостандығы жайлы өзіндік пікіріңіз.
(5 - 6 сөйлеммен, нақты түрде ғана)

ІІІ деңгей тапсырмасы:
Тест сұрақтары:
(әр тапсырманың құны 1 ұпайдан, компьютер көмегімен тапсырады, бағаланады. VIP TEST)

1. Өлең тармағындағы соңғы бунағының буын санының бірдей болып үйлесіп келуі не деп аталады?
А) буын
В) ұйқас
С) бунақ
Д) шумақ
Е) тармақ
2. Халық поэзиясының жанрлық түрі, өлеңмен баяндалатын, оқиғалы, көркем поэзиялық шығарма түрі
А) өлең
В) эпопея
С) әңгіме
Д) жыр
Е) ертегі
3. Төмендегі ғалымдардың қайсысы Қазтуған жырау тақырыбын арнайы зерттемеген?
А) М. Мағауин
В) Қ. Жұмалиев
С) Х. Сүйіншәлиев
Д) М. Байділдаев
4. «Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем тіркестерге бай, өр рухты толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады» деген пікірді айтушы кім?
А) Ә. Қоңыратбаев
В) М. Мағауин
С) Қ. Жұмалиев
Д) М. Ғабдуллин
Е) Х. Сүйіншәлиев
5. Шоқан Уәлиханов «Көшпенділер философы» деп атаған жырау кім еді?
А) Қазтуған
В) Ақтамберді
С) Шалкиіз
Д) Асан қайғы
Е) Доспамбет
6. «Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған» дегенде қандай көркемдегіш құрал қолданған?
А) қайталау тәсілі
В) метафора
С) эпитет
Д) әсірелей күшейту
Е) әсірелей теңеу
7. Қазтуған жыраудың басқа жыраулардан өзіндік ерекшелігі неде?
А) бізге шығармаларымен жеткен тұңғыш болуы
В) толғаударының ұйқастық ерекшелігінде
С) жырларының реалистік сипаты жоқ
Д) өзін мақтап және диалогқа құрылуында
Е) толғауларында монологтары көп болуында
8. Қазтуған жырауда кездеспейтін толғау өлеңінің түрі?
А) «Бұдырайған екі шекелі»
В) «Алаң да алаң, алаң жұрт»
С) «Салп - салпыншақ анау үш өзен»
Д) «Балдағы алтын құрыш болат»
Е) «Ай хан, мен айтпасам білмейсің»
9. «Арғымақ аттың баласы,
Арыған сайын тың жортар.
Арқа мен қосым қалар деп
Ақ дария толқын күшейтер» дегенде қандай көркемдегіш тәсіл, сөз қолданысы бар?
А) аллитерация
В) ассонанс
С) теңеу
Д) қайталау
Е) әсірелеу
10. Қазтуған жырау толғауларында кездеспейтін ұйқасты көрсетіңіз.
А) қара өлең ұйқасы
В) шұбыртпалы ұйқас
С) шалыс ұйқас
Д) кезекті ұйқас
Е) егіз ұйқас

Құны 5 ұпайлық 2 тапсырма
«Қазтуған жырау» толғауларында қолданылған көркемдік тәсілдерді мысал келтіре отырып талдап көрсетіңіз. Олардың жырау туындыларын көркемдеудегі маңызы неде?
(Негізгі оқулықтар бойынша зерттеушілер пікірлерін салыстыра отырып, өзіндік ізденіс жұмысын жүргізу)
Қазтуған жырау толғауларына қатыстырып «ХХІ ғасыр жырауларының негізгі тақырыбы не болар еді?» тақырыбына байланысты өзіндік ой - пікіріңізді білдіріңіз.
ІІІ БЛОК «Сабақ мазмұны»

Өткізу технологиясы Оқытушы іс - әрекеті ОӘК Оқушылар іс - әрекеті Күтілетін нәтиже
I. Оқу
іс - әрекетінің мотивациясы (2 мин)
Мақсаты:
Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту  Мұғалімнің амандасуы
 Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін бір шумақ өлең оқылады, жыр нұсқасы авторын тапқызады:
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан.
Мұсылман мен кәуірдің,
Арасын бұзып өтіп дінді ашқан
Деп шалқыған жырау кім еді?
Сүйінішұлы Қазтуған «Мадақ жыры»
Интерактивті тақта
Сабақ құрылымы

Ақынның суреті

Манас өзіне
«мадақ жырын» арнау  Амандасу
 оқу - құралдарын дайындау
 кезекшілік міндеттерін атқару;

Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым - қатынасы орнайды.

II. Сабақ тақырыбы, мақсаттың қойылуы
(3мин) Мақсаттар: Сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру  Сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру;
 Сабақ барысымен таныстыру:
1. Жыраулар поэзиясы туралы түсінік.
Тірек - сызба бойынша мазмұндау.
2. Қазтуған жырау толғаулары, сақталып жеткен нұсқалары туралы.
3. Жырау шығармашылығының зерттелуі, ғылыми еңбектер.
4. Жырау толғауларының мазмұны, басты кейіпкерлері, жер - су атаулары, салт - дәстүрлер т. б. Толғауларының негізгі тақырыбы, идеясы.
5. Қазтуған жырау толғауларының тәрбиелік мәні, тарихи, әдеби маңыздылығы.
6. Жыраудың өлеңдері, көркемдік ерекшелігі

Тірек - сызба

Сабақтың мақсаты мен міндеттері
«Қазақ әдебиеті»
9 - сынып. Электронды оқулық, БАПТО,
2009 жыл

 Сабақтың мақсат - міндеттерімен танысады;
 Сабақ барысын, орындалатын жұмыстар реттілігін біледі.
Сабақтың тақырыбымен танысады, мақсатын түсінеді
III. Негізгі кезең (практикалық тапсырмалар орындау)
(25 мин) Мақсаттар:
Жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірме жүргізу;
- Негізгі ұғымдардың мағынасын ашу, анықтама беру  Түсіндіру әдісі арқылы жыраулық дәстүр ерекшеліктерін таныстыру
 Негізгі ұғымдар (жыршы, жорықшы жырау, толғау, терме, нұсқалары, көркемдік)
 Оқушылардың зерттеу жұмыстарын сараптап, бағдар беріп, қосымша мәліметтер беру
 Тақырыпты меңгеруге қажетті әдебиеттер мен ақпараттар тізімін таныстыру
 Қазтуғанның «Қайран Еділ» әнін тыңдату (видеоклипімен, Бекболат Тілеухан орындауында)
 Компьютерлерде берілген деңгейлік тапсырмалар, орындалу барысын түсіндіру
Көрнекі құралдар,
тірек - сызбалар
глоссарий
Ақпарат көздері
Әдебиеттер тізімі
Электронды оқулық

- Алдын ала бөліп берілген тақырыптар бойынша «Қазтуған жырау» толғаулары нұсқалары, зерттеушілері туралы өзіндік ізденіс, зерттеу жұмыстары - ның нәтижесімен бөліседі, мәліметтер алмасады.
- берілген ұғымдарды әдеби терминдерге глоссарий, сөздіктерге бағдар жасау арқылы анықтайды, талдайды, шешім қабылдайды.
Жырау толғауларының нұсқаларының тарихи жағдайларға байланыстылығын анықтады.
IV. Бекіту
(25 мин) Мақсаттар:
Жаңа тақырыпқа байланысты игерілген алғашқы түсініктерін тиянақтау, бекіту, игерілген білімдерді практикада қолдана алу қабілеттерін дамыту - Оқушыларды топтарға бөлу;
- Топтарды бекіту кезеңінің тапсырмаларымен таныстыру;
1. Жеделдетпе сұрақтар қою
А) Жырау шығармаларында қандай көркемдегіш тәсілдер қолданған екен?
Ә) Қазтуған шығармаларының тәрбиелік мәні қандай?
Б) М. Мағауин еңбегінің ерекшелігі, құндылығы неде?
В) Сөздік жұмысын орындау
2. Деңгейлік тапсырмалар орындау
Деңгейлік тапсырмалар - Оқушылар топтарға бөлінеді;
1. Тақырып бойынша жеделдетпе сұрақтарға жауап береді;
2. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
- шынайы және ойлаған жағдаяттардың бір - бірінен айырмашылығын көрсете отырып, сипаттайды.
- өз ойын айту іскерлігі дамиды;
- көпшілік алдында сөйлеудің нормасы мен шегін анықтай алады;
- педагогикалық ойлауын дамытады;
V. Білімді бақылау, бағалау.
(20 мин) Мақсаттары:
- білім, біліктерін тексеру, олқылықтарды анықтау, игерілген білім, іскерлік, дағдыларын бағалау. 1. Дайындық дәрежесін ескеру;
2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау деңгейін тексеру
3. Бағалау (өзін өзі, бірін - бірі, компьютер арқылы, нәтижесінде жинаған ұпайы бойынша қорытынды бағасы қойылады) «Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесі - Кесте арқылы жаңа тақырып бойынша өз ойларын, пікірлерін айтады;
- бекіту сұрақтарына жауап береді;
- Тесттік тапсырмаларды орындайды
- әр топ сарапшылары бағалайды, пікірін айтады. - деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы мәліметтерді бір - бірімен салыстыра алу құзыреттілігі қалыптасады, бағалау критерийлерін игереді, анализ, қойылған бағаға сараптама жасай алады.
VI. Қорытынды
(5 мин)  Рефлексия, қорытындылау Активатор таратпасы Сабақ барысына талдау жасап, пікір, ұсыныстарын айтады. - Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады
ҮІІ. Үйге тапсырма:
(10 мин)
- міндетті бағыт бойынша:
- тереңдетілген бағыт бойынша:
- шығармашылық бағыт бойынша:  Үйге тапсырма береді, орындалу жолын түсіндіреді
1. Деңгейлік тапсырмалардың үлгірмеген кезеңдерін үйден орындап келу;
2. Асан қайғы, Доспамбет жырау шығармаларының мазмұнымен танысу. Жыраулар шығармалары, ерекшеліктері жайлы зерттеушілер пікірлерін салыстыру.
3. «Жерұйық – құтты мекен» тақырыбында эссе немесе «Қазтуған жырауға» арнау, хат, жазу; өлең арнау.
Ақпарат көздері

Әдебиеттер тізімі
Осы тақырыптағы көркем туындылар;
9 - сынып «Әдебиет» оқулығында 2 сағат берілген, сабақ жоспары үлгісін жасау.
 Үйге берілген тапсырманы жазып алады
 Сұрақтар қояды Тапсырмаларды орындауда ұсынылған ақпараттардан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады;
- Шығармашылық қабілеттерін дамытады;

Сөздік жұмысы:
Көбе – көбесі болаттан немесе темірден жасалған сауыт түрі.
Қары ұнымы
Құрық – жылқыны ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық.
Сырық – киіз үйдің киізін жөндеуге, түндікті көтеріп ашуға арналған ұзын таяқ.
Балдағы – қылыштың, пышақтың сағағын, сабын бекітіп тұратын сақина.
Қылшан – жебе салып жүру үшін, жылқының қылынан тоқып жасалған оқ қабы, қорамсап
Салуалы – салауатты, парасатты, байыпты
Ботташық – шатырша гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік
Кежі – күзет, қарауыл, шолғын, торуыл
Шөк – түйенің тізесін бүгіп жатуы
36 469
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау
ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары туралы толық мағлұмат беру.
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған.
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»
Шалкиіз Тіленшіұлының толғауларының басты тақырыптары, жырларының адамгершілік қасиеттерді насихаттауымен, ақыл - нақыл мен өсиет сөздерінің молдығымен ерекшеленетінін ұғындыру. Толғауының мазмұнын игерту. Тәрбиелік: дүниедегі жақсылық атаулыға
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Астана қаласы, №36 орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсынхан Г. Т
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау (XV ғасыр)   Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады, Қазтуған жырау тайпалар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×