Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаларды қалай тыңдау керек?

29 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Балаларды қалай тыңдау керек?
Балалардың тұйықтығы – оның сезімдерінің өз аясына жасырынып жатуының белгісі болып табылады. Ол кезде балаға көрсету, көмектесу, үйрету арқылы көмектесе алмаймыз. Бұл жағдайда ең дұрыс шешім - балаңызды тыңдау. психологтар өте тиімді тәсіл ойлап тапқан, ол «тыңдаушының көмегі» немесе «белсенді тыңдау» деп аталады.
Белсенді тыңдау дегеніміз не?
Мысал келтіріп өтейік:
1. Анасы саябақта отырады, оған үш жасар баласы жылап келіп: «Ол менің ойыншығымды тартып алды!»- дейді.
2. Баласы мектептен ашуланып келеді, сөмкесін лақтырып: «Мен енді мектепке бармаймын!»- дейді.
3. Қызы серуенге дайындалып жатып, анасына: «Мына бас киімді кимеймін - ол жаман!»- дейді.
Бұл жағдайларда балалар ашулы, ренжулі, жолы болмаған, оған болып жатқан жағдай ауыртпашылық әкеледі, ол ұялады, әділетсіздікті бастан кешірген. Сіздің тарапыңыздан ең біріншіден – балаңызға оны түсінетініңізді, оның жан айқайын «еститініңізді» білдіруіңіз керек.
Егер балаңызда эмоционалдық уайымы болса, оны белсенді тыңдау керек.
Жоғарыда айтылған мысалдарға жауап ретінде, мынадай үлгі келтірілген:
1. Ештеңе етпейді, ойнап болғасын береді.
2. Мектепке бармайтының қалай, сабақтан қалмау керек.
3. Бас киімің тым жақсы, еркелігіңді доғар!
Белсенді тыңдау арқылы, баланың жан дүниесін түсінетіндігімізді, оған көмектесуге дайын екендігімізді дәлелдейміз.
Белсенді тыңдаудың қосалқы ережелері.
Біріншіден баланы тыңдағыңыз келсе, міндетті түрде балаға бетпе-бет қараңыз, оның көзімен сіздің көзіңіз ұшырасуы керек. Егер бала кішкентай болса, оны алдыңызға алып отырғызыңыз, немесе орындығыңызды оған жақындатыңыз.
Керісінше баламен көрші бөлмеде тұрып сөйлесуден, теріс қарап тұрып, теледидар қарап отырып,, газет оқып отырып, немесе диванда жатып сөйлесуден аулақ болыңыз.
Сіздің отырысыңыз балаға деген қарым - қатынасыңызды, сіз оны тыңдауға немесе оның жағдайын түсінуге деген ойыңызды білдіреді. Бұл жерде мұқият болғаныңыз жөн, өйткені бала оның бәрін сезеді.
Екіншіден баламен сұхбаттасу барысында өзіңіздің көңіл - күйіңізге мән беріңіз. Баламен қатал немесе ренжулі күйде сөйлесуге болмайды. Бұл жағдайда бала сізге ашыла алмайды.
Үшіншіден әңгіме барысында «үзіліс» жасап отыру қажет. Өйткені бұл уақыт баланы тыңдауға берілген. Үзілістен кейін бала ойын жинақтап, тағы әңгімесін толықтыруы мүмкін.
Белсенді тыңдаудан біз мынадай қорытынды шығара аламыз:
1. Баланың қуанышы көбейіп, уайымы екі есеге азаяды.
2. Ана - анасының тыңдауға дайын екенін сезініп, бала толығымен ашылады, бала өміріндегі ана - анасы білмейтін көптеген сырлары мәлім болады.
3. Бала өзінің мәселелерін өзі шешіп үйренеді, өздігінен шешім қабылдайды.

1. Ата - ана көмегі.
2. «Бірге жасайық»
3. Егер жасағысы келмесе?
4. Баланы қалай тыңдау керек?

Ақтөбе қаласы
№51 «Жарқын бала»МДҰ
Тәрбиеші: Сабитова Альмира Сабитовна
2 325
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кешірім сұрау
Кешірім сұрау
Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні
Ертегілер еліне саяхат тренинг сабақ
Ертегілер еліне саяхат тренинг сабақ
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін
Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым
Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Білім күні
Білім күні
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира
Сіз қандай ата -анасыз?
Сіз қандай ата -анасыз?
Қармақшы ауданы, №30 орта мектебі Шепенова Ләззат
Сіз қандай ата-анасыз?
Сіз қандай ата-анасыз?
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×