Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Даун синдромы бар баламен жұмыс жасау

12 қыркүйек 2020, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек

Даун синдромы ауруын ағылшын дәрігері Джон Даун зерттеген болатын. Осыған байланысты гендік ауру ұлы дәрігердің есімімен аталып кеткен. Даун синдромы радиацияның әсерінен, экологияның бұзылуынан, адам ағзасындағы иммунитеттің нашарлауынан пайда болады. айта кететін тағы бір жайт - вирустың жүкті әйелдерге өте тез әсер етуі яғни жүкті әйелдің ағзасы кез келген ауру түрін тез қабылдайды. Тұмау немесе басқада аурулар құрсақтағы сәбиге кері әсер етуі мүмкін, сол себепті дәрігердің кеңесіне құлақ түру керектігін айтады генетик ғалымдар. Ғалымдарымыздың айтуынша, даун синдромын емдеуде еліміз біраз жетістіктерге қол жеткізген.
Даун синдромымен дүниеге келген нәрестені мамандар тек симптомдық ем беру арқылы айықтыруға болатынын, яғни баланың ақыл - ойын алғашқы сатыда қалпына келтіруге болатынын айтады. Хромосоманың артық болуы ақыл - ойдың кемдігімен қатар, дене мүшелерінің жетілуіне де кері әсерін тигізеді. "Үміт үзген жан - ешқашан үміттеніп көрмеген жан" деп Б, Момышұлы айтқандай, осы аталған аурумен ауырған балалар ешқашан өз рухтарын түсірмегені абзал. Елімізде профилактикалық жұмыстардың жиі жүргізілуі арқасында даун синдромы біршама саты төмендеді.
Басқа балалармен салыстырғанда Даун синдромы бар нәрестелер кейбір аурулармен жиірек ауырады. Сондықтан бала бір жасқа келгенше, оны кардиолог, отоларинголог, ортопед, окулист, балалар хирургі, неврапатологқа міндетті түрде қаратып, кеңес алу қажет. Бұл өте маңызды!
Даун синдромы бар нәресте дамуының маңызды кезеңдері: Бұл бала дамуының басқа нәрестелер дамуынан принциптік айырмашылығы жоқ, тек даму жылдамдығы төменірек болады. Ақыл - ойы мен сөйлеу қабілеті бұзылысы көріну дәрежесі тек туа біткен факторларға ғана емес, баламен қаншалықты оқу - дамыту жұмыстары жүргізілуіне де байланысты. Даун синдромы бар балаларға арнайы әдістерді қолданып оқыту нәтижелері жаман емес. Бала оқуда қиналса да, жүріп, сөйлеп, оқып, жазып үйрене алады. олардың иммунитеті әлсіз болғандықтан, сондықтан жиі ауырады. Даун синдромы бар балаларда жиі сөйлеумен қиындықтар туады. Сөзді түсіну мен, сөз қайтару арасында кідіру болады. Кіші моторикасының дамуы кідіреді. Кейбір науқастар 2 жасында жүрсе, кейбіреулері 4 жасында аяқ басады. Баланы жетілдіру үшін:
- баланың неғұрлым ертерек, белсенді қимылдауына ата - ана, мамандар міндетті түрде себепкер болу керек.
- оқыту, үйрету процестері біртіндеп жүргізілуі керек және жаттығуды көбірек қайталау қажет
- баланың қимылы ерте даму үшін бала дағдыларды ұғып алып, игеруіне ата - аналар, мамандар күнделікті көмек көрсетуі керек.
Синдром даунасы бар балаларға ойын іс - шараларын ұйымдастыру.
бұл балаларға қимылды ойындар өткізу және оның ұзақтығы орта мөлшермен 6 - 8 минуттан аз болмауы тиіс. Жалпы ойындарды жылдың суық мезгілінде, жаңбырлы күндері топта ұйымдастырылады. алдын ала бөлменің ауасы тазартылады, еден дымқыл шүберекпен сүртеді. кейбір балалар ойынға қатыспаса да эмоциялы көңіл - күйін білдіреді. Қол шапалақтайды, билейді. өздерінің бірге қатысып тұрғанын білдіреді. Бірақ маманның басқа балалармен бірге ойна деген ұсынысына олар қанағаттанғысыз жауап береді. Егер қаттырақ талап етсе, олар үндемей, ойнап жатқандардан шеткерірек отыруы мүмкін. Мұндай балаларға маман өте нәзік қарым - қатынас жасауы керек. еріксіз көндіру, асығыстық жасау жарамайды. Баламен үнемі араласу, еркелету, көңіл қою дұрыс нәтижеге қол жеткізеді. Бұл балардың ой - өрістері тар, зейіні тұрақсыз, сондықтан олар үшін қарапайым да оңай сюжетті ойындардың кейіпкерлері күнделікті өмірде таныс картинаны, ертегіні, ойыншықтарды (аю, қоян, түлкіні ) пайдалану керек. Бір мезетте екі ойын ойнатуға болмайды. Балаларға таныс жаттығуы бар ойындар ойнатылады. Мысалы "Қояндар мен түлкі" ойыны, "Күн мен бұлт", "Пойыз", "Кемемен саяхат", "өз үйіңді тап". т. б ойындар ойнатуға болады. Бұл ойындар даун балалардың қимыл үйлесімдігін дамытуда маңызы зор. Тақпақ айту арқылы қысқа да көркем сөз сөйлеу, балаларға қандай қимылдар жасау керектігін айтады.
Мысалы: Ақ қояным тұршы
бетіңді жушы - дегенде балалар орындарынан тұрып, беті қолдарын жуу керектігін,
топ - топ балақан, шапалақтап алақан дегенде балалар аяқтарын тарпылдатып, қолдарын шапалақтауды түсіну үшін үнемі қимылдарды қайталау арқылы жасатамыз. Балалардың ішінен бұл қимылдарды орындамаса оның еш сөгеттігі жоқ. Бұл қимылдар жеке жұмыс кезінде тағыда қайталанады. Бұл балалар ойынның ережелерін, қажетті жерлерін мейлінше жай меңгереді. Сондықтан олармен бір ойынның өзін бірнеше рет және күнделікті жұмыста қолданып отырылады. Қимылды ойындар ойнаған кезде, балалардың өте шаршамауын, қызбаланбауын қадағалау қажет. Беттерінің қызаруы, кейбір балалардың өңі бозарғаны, қатты терлеуі, тынысының жиілеуі байқалса, ойынды қысқартып немесе уақытша тоқтатып қойып, балаларға дем алдыру керек. Тыныстаған кезде балалармен әңгімелесуге, тақпақ мәніндерін қайталауға болады.

8 426
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Жеке бас тазалығына сақтауға баулу.
Генетика және селекция негіздері
Генетика және селекция негіздері
«Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша 9 - сынып оқушыларының білімін тексеріп, бағалауға арналған тест тапсырмалары
Ұрықтың дамуы
Ұрықтың дамуы
Оқушыларға адамның жыныспен көбеюінің ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс жасушалары туралы түсінік беру; Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту;
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Гендер мен хромосомадағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан өзгерісті айтады. Мутация» терминін алғаш Г. Де Фриз өзінің «Мутациялық теория» атты классикалық еңбегінде пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген.
Ұрықтың дамуы
Ұрықтың дамуы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Мырзабекова Бахтыгул Мұстахиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×