Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылына арналған балабақшаға

05 тамыз 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
2024 - 2025 оқу жылының негізгі ерекшеліктері
Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай - ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне (бұдан әрі – Тұжырымдама), білім беру саласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде (бұдан әрі – МДТО) жұмыстың мынадай бағыттары өзектендірілді:
 жаңартылған Қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;
 МДҰ мен жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда мектепалды сыныптарда балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
 балалармен, ата - аналармен және айналасындағылармен қарым - қатынас жасауда педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтау, зорлық - зомбылықтың, буллингтің және балалардың құқықтарын бұзудың кез келген түрін болдырмау;
 Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңартылған қағидаларына сәйкес МДҰ - ға кезектілік пен жолдама беруді есепке алудың Бірыңғай базасы арқылы мемлекеттік қызметтерді іске асыру;
 отбасы мен тәрбиеленушілерді әлеуметтiк - педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған
балалардың ата - аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттердің қызметін кеңейту;
 «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру;
 бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектепалды даярлық бағдарламаларын меңгеру қорытындысы бойынша мектепалды жастағы баланың Жеке даму картасын қалыптастыру;
 өңірлік ерекшеліктер мен климаттық өзгерістерді ескере отырып, экологиялық білім беру сапасы мен тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін арттыру;
 ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, қазақ тілін меңгеруге ынталандыру;
 педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өткізу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасын іске асыру;
 МДҰ мен ата - аналар қауымдастығының ықпалдастығын нығайту, «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебі» әлеуметтік институтын дамыту;
 МДҰ қызметінің басым бағытын айқындау, Даму бағдарламасын әзірлеу;
 МДҰ - ның сапаны бағалау өлшемшарттарына сәйкестігін 50% – ға дейін ұлғайту (2023 ж. - 25%);
 жаңа жүйе бойынша МДҰ педагогтерін аттестаттаудан өткізу;
 тәрбиеленушілердің білім алудағы жетістіктері негізінде педагогтің қызметін бағалау;
 «Ұстаз Ұлттық платформасы» арқылы «Педагог бейіні» цифрлық модулінде кәсіби қызметтің нәтижелерін жинақтау;
 «жоғары», «бірінші», «екінші» біліктілік санаты бар педагогтер
2024 жылдың соңына дейін жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан міндетті түрде өтуі;
 тәрбиелеу - білім беру процесіне енгізу үшін МДҰ педагогтерінің озық тәжірибесінің электрондық Банкін қалыптастыру;
 Құзыреттілік орталықтарында үздік педагогикалық тәжірибе алмасу және тарату;
 Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі – Институт) сайтында4 виртуалды әдістемелік кабинет арқылы педагогтер практикасын және ата - аналарды қолдау;
 «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында МДҰ басшыларының республикалық кадрлық резервіне 50 үміткерді іріктеу.

Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 жыл жүктеп алу​​​
2 113
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы
Оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер 2024 - 2025 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі,
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған әдістемелік нұсқау хат 2023-2024
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған әдістемелік нұсқау хат 2023-2024
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған.
Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы
2023 - 2024 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу - тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×