Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепішілік олимпиада есептері

05 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар.
«Оқушыны оның берген жауаптарына емес, саған қойған сұрақтарына қарап бағала” Вольтер.
“Бала жайлы әділетті де дұрыс ойлау үшін біз оны өз өрісінен біздің өрісімізге алып келуге тиіс емеспіз. Қайта оның рухани әлеміне көшуге тиіспіз ”. Н. Н. Прогов.
“Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы” орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен білімділігін, әдіскер шығармашылығын талап етеді.
“Білім Заңында” мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу, олардың ақыл - ой, танымдық шығармашылық қабілеттерін айқындау міндеттері айтылған.

Мектептегі жеке тұлғаны дамыту үшін ұстаз тұлғасына қойылатын негізгі талаптар:
1. Шәкірт жанын түсініп, оны зерттей білу шеберлігі,
2. Шәкірттің жеке тұлға екенін мойындауы.
3. Өзіне сын көзбен қарай алуы. және өзіне айтылған сынды қабылдай алуы.
4. Шәкіртке ықпал ете білуі
5. Шәкірттен шындық айта білуді талап ете алуы.
6. Шәкірт бағалай алатындай білімдарлық, адамгершілік қабілеті
7. Ойлау, сөйлеу шеберлігі
8. Шығармашылық ізденгіштік қабілеті болуы шарт.
Ұлы Орыс педагогы К. Д. Ушинский педагог мамандығын жоғары бағалай келіп:
“Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істердің бірі” деген.
Мұғалім халқымыздың болашағы болып саналатын өскелең ұрпақтың интеллектуалдық негізін салушы, рухани дүниесін қалыптастырушы, және ол ұрпақтар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізі факторы - өздігінен білім алу болып табылады,
Бұл бағытта әрбір мұғалім озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі кітапханалардан әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істеуі міндетті.
Өздігінен білім алуда атқаратын қызметтері ретінде: М. Князеваның мынадай топтамасын келтіруге болады:
1. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау.
2. Компенсаторлық - мектептік білімнің олқылықтарын толтырып, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.
3. Бағдарлық - мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.
4. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.
5. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.
6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орнату.
7. Шығармашылық - шығармашылыққа үйрену.
8. Жаңашылдық - қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою және жаттандылықтан арылу.
9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.
10. Горонтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің және іскерліктің керектігін талап етеді. Сол себепті де - оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, оқушының табиғи дарындылығын пайдалана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту керек.
Шығармашыл адам - ол жасампаз тұлға. Ол өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға әсер ететін факторлар:
- жүйелі жұмыстар
- сабақ оқыту тәсілдері
- үйірме жұмыстары
- ғылыми жұмыс
- оқу құралдары
- оқулық
- электрондық оқулықтар
- желілік байланыстар.

Шығармашылық іс - әрекет шәкірттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс - әрекеті.
Шығармашылық дегеніміз - алынған ақпаратты түрлендіріп, тапқырлық танытып бірыңғай ойларды қорыта білуі, оралымды ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.
Оқушының шығармашылық іс әрекеті қалыптасуының негізгі кезеңдері:
1. Айқын дұрыс қойылған мақсат
2. Қосымша мәліметтер іздеу
3. Нәтижені жан жақты тексеру.
Шығармашылықтың пайда болуының негізгі шарттары:
1. Пәнге үйретудің еркіндігі.
2. Білім кеңістігінің әр бағытты болуы.
3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.

Шығармашылықты дамытудың алғы шарттары:
1. Оқушының шығармашылық деңгейін анықтау.
2. Оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Оқушының мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып, зерттеу.
5. Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
6. Мұғалімнің өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізуі.

Оқушы шығармашылығын дамыту мынадай үш кезеңмен анықталады:
1. Анықтау кезеңі: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің бастапқы деңгейін анықтау, оқушыларды қабілет деңгейіне қарай топтау.
2. Қалыптастыру кезеңі: Шығармашылық тапсырмалар жинақталған әдістемелік нұсқау жасап, оның тиімділігін оқу үрдісінде тексеріп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз ету керек.
3. Бағалау, қорыту кезеңі: Алдыңғы жасалған жұмыстар нәтижесінде оқушының шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызығуы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімдер құра білуі тиіс.
Шығармашылық тұлғадағы ең басты фактор: білуге құмарлық, терең түрлі сипатта қабылдағыштық, меңгеруге икемділік, ақыл - ой белсенділігі, зейін, ой ұшқырлығы.
Оқушының шығармашылық қызығушылығына әсер ететін факторлар:
1. Оқу мазмұны.
2. Оқушының бағыты мен жоспарына меңгерілетін білімнің сәйкестігі.
3. Оқу материалының мазмұны, қызықты болуы.
4. Мұғалімнің шеберлігі.
5. Жеке тұлғаның ерекшелігі.
6. Оқу үрдісіндегі жағымды қарым - қатынас.
Оқушының шығармашылық қызығуының дамуы, жеке
тұлғаның қалыптасуы барысында дамитындықтан оқушының жас ерекшелігіне аса мән берілуі керек.

ҚР “Білім туралы” заңының 41 бабында “Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағдыны қамтамасыз етуге, шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы міндетті”- делінген. Сондықтан оқушыларды шығармашылыққа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін сыныптан тыс жұмыстардың рөлі зор.

Сыныптан тыс жұмыстар.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар:
1. Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі керек.
3. Сыныпта тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатында өтуі тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
- оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
- өзіндік қабілеттерін дамыту
- қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Міндеті:
- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру
- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау
- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру
- оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру
Еңбектенуге, ізденуге ықпал ету.
Талабы:
- Оқушы қабілетін ескеру
- білім мен тәрбиенің өзара байланысы
- оқушының ой еркіндігі.
Күтілетін нәтиже.
- жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға үйренеді
- орындау тәртібін түсінеді
- мұғалімнің нұсқауын тыңдап, дұрыс орындауға үйренеді
- өз жұмысына қорытынды жасауға үйренеді
- тіл байлығы мен ойлау қабілеті артады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 269
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Нұрхат Бижанұлы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Шалқарбаева Алтынгүл
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×