Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыларының шығармашылығын дамытудағы мұғалімнің рөлі. (тренинг)

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Психология
Жас мамандар семинарына арналған тренинг.

Тақырыбы: Оқушыларының шығармашылығын дамытудағы мұғалімнің рөлі. (тренинг)
«Оқушыны оның берген жауаптарына емес, саған қойған сұрақтарына қарап бағала” Вольтер.

“Бала жайлы әділетті де дұрыс ойлау үшін біз оны өз өрісінен біздің өрісімізге алып келуге тиіс емеспіз. Қайта оның рухани әлеміне көшуге тиіспіз”. Н. Н. Прогов.

Кіріспе.
Құрметті жас маман!
“Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
 оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
 бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
 берер білімнің ғылымилығын арттыру;
 алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
 оқушысының ой белсенділігін дамыту;
 әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту
 білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;

Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Бүгін сіздерге мен оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған тренинг өткізуге ұсынамын.
Алдымен, Аамир Кхан мен Амол Гуптэнің «Звездочки на земле» драмасынан үзіндіні тамашалайық.
Қысқаша мазмұны:
Кішкентай 8 жасар ұл Ишан Авасти туғанынан басқа балалардан өзгешеленеді. Басқаларға оңай білім оған аса қиыншылықпен беріледі. Өзінің туған әке - шешесінен бастап бәрі оны түсінбейді. Мектепте үшінші емтиханды құлатқан кезде, әкесі Ишанды мектеп интернатқа жазалау мақсатында жібереді. Жалғыздық баланы қинайды, ол бүкіл әлемге, бәрінен бұрын ата - анасына қатты ренжүлі болады. Сол мектепке уақытша келген сурет мұғалімі Рам Никум ғана Ишанды түсінеді. Рам өзіне осы баланың өмірін, айналадағылардың қарым - қатынасын өзгертуді мақсат етіп, қол жеткізеді.
Талдау: Сіз үзіндіні көрген кезде не сезіндіңіз?
Ал, енді жаттығуларымызды бастайық.
1 жаттығу. «Сәлемдесу» деп аталады.
Мақсаты: танысу, серпілту
Шарты:
Екі шеңбер жасап тұрамыз. Сыртқы және ішкі. Белгі берілген уақытта қарама - қарсы тұрған адамға есімімізді айтып, қол алысып амандасамыз, оңға бір адым жасап, келесі тұрған адаммен басқаша амандасамыз. Сүйтіп барлығымыз бір - бірімен әр түрлі амандасып, танысып шығамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 339
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
“Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Сондықтан садигіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы
Мектепішілік олимпиада есептері
Мектепішілік олимпиада есептері
Шалхарбаева Алтынгүл Мұратқызы Математика пәнінің мұғалімі Қашаған Қүржіманұлы атындығы орта мектебі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Шалқарбаева Алтынгүл
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×