Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек тәрбиесі

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: Еңбек тәрбиесі
Балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне - өзі қызмет көрсету, шаруашылық - тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және
қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар.
Өзіне - өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т. с. с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттігінде. Бұл іс - әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне - өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне - өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне - өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамымағандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші балалардың осы жас кезеңінде - ақ өзіне - өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Осының бәрі сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті, көтермелеп отыруды талап етеді. Балалардың өзіне - өзі қызмет көрсетуіне орай тәрбиеші әрбір баламен жеке - дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті құралдардың аттарын атай отырып, балалардың ана тіліндегі сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, ересектерге сүйіспеншілік сезім мен сенімі қалыптасады.

Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне - өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл - әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға
жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені
үшін алғыс айтуды үйретеді.

Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне - өзі қызмет көрсетудің жаңа түрлері: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту, үзілген түймелерін өздері қадау және т. б. еңбекке тәрбиеленеді. Бұл кезеңде тәрбиелік міндеттер күрделене түседі, олар: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Бала басқалармен араласуы барысында өзіне - өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттіліктерін түсінуі, білуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескере отырып қалай істеу керек екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндеттеріне кірісу үшін олардың тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолайсыздық жасамау үшін өтуге рұқсат сұрау және т. с. с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым еңбектегі сақтыққа, маңайындағыларды құрметтеуге дағдыландырады.

Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық - тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек үйдің ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге үйретеді. Шаруашылық - тұрмыстық еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық - тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т. т. дағдыларды қалыптастырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 092
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі баланы еңбек арқылы тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі баланы еңбек арқылы тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке баулу арқылы рухани - адамгершілікке тәрбиелеу.
Мамандығым – мақтанышым
Мамандығым – мақтанышым
Кез­келген адам баласы ес білгелі өзінің тағдырын кай мамандықпен байланыстыруы жайлы ойланады. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы Өзін - өзі тану пәнінің әдістеме бірлестігі Мақсаттары: • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Біздің ауыл және қала. Ауыл еңбегі
Біздің ауыл және қала. Ауыл еңбегі
Қазақстан халқының көбі ауылды жерлерде тұрады. Егін егу, мал бағу, жеміс - жидек өсіру – осының бәрінде де ауыл адамдары істейді. Ауылда мектеп, мәдениет үйі, бала тәрбиесі мекемелері, дәрігерлік мекемелері бар.
Мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке баулу
Мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке баулу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы Кушикбаева Гүлбану Мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке баулу арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×