Құзырлы оқытудың негізгі факторлары
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Strong, 2011
2012 - 2013 оқу жылы басталысымен үш айлық курс, Кембридж университетінің бағдарламасы нені оқытады деген ұстаздар қауымына таныс емес сұрақтар мені де мазалаған еді. Сол курстан Республикалық деңгейде өткен әріптестеріммен бірлесе оқу барысында білім саласында болып жаңалықтар мен өзгерістермен мен де хабардар болдым.
Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульманның «үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына тығыз байланысты екендігін байқадым. Мерсер мен Литлтон 2007 жылы « Диалог сабақта - оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетсе ал « Оқытудағы әңгімелесу – қарым – қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді оның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деді - Александер, 2004 жыл. Джин Роддок «Оқушы үніне» баса назар аудару керек. яғни «дәстүрлі стильде мұғалім басты рольде тұрса, енді оқушыны сөйлетуге өз ойын еркін жеткізе білуге өзіндік пікірін қалыптастыра білуге үйретуіміз керек екенін білдім. Топтық жұмыс оқушыларға бір - бірінен қалмау үшін білімге бәсекелестік туғызса ал сабақта сөйлемейтін оқушы топта сөйлей бастаса, кейбір оқушыдан көшбасшылықты та аңғаруға болатынына көзім жетті. Тек әрбір ұстаз ертеңгі өтер 45 минуттық сабағына үлкен дайындық жасап бару керек те оқушыға бағыт бағдар бере отырып сыни ойлата білуі керек. «Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - бұл сынау емес, ойлау туралы ойлану» - деген Флейвел сөзімен айтқанда оқушыны сабақ айтпас бұрын ойлануына уақыт беруіміз керек. Осының нәтижесінде:
- олар топпен жұмыс жасауды білді;
- өз ойларын бірлесе қағазға сала білді;
- әрқайсы өз пікірін білдіруге тырысты;
- оны қорғау үшін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады.
- пәнге деген қызығушылықтары тереңдей бастады.
- топ үшін белсенділіктері арта түсті;
- бірін - бірі бағалауды үйренді;
- алынған сауалнама, тест жұмыстарының қорытындысына қарағанда білім сапасында ілгерілеушілікті байқадым. Ал әріптестеріме коуч ретінде:
1. Жекеленген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу қажеттілігінің мәселелері бойынша мұғалімдерге қалай кеңес беру керектігін білдім;
2. Коуч пен тәлімгердің ролін орындай отырып, мұғалімдердің топтық, жекелей оқуын басқардым, бағыт бағдар бердім.
3. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қызметіне бастама көтердім, және оны әріптестерім қызу қолдады. Мектебіміз осы бағдарлама бойынша ауданда «Үлгі тірек» мектебі болды.
4. Мектепте тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда тәлімгерлік ролін атқара бастадым. жетістіктері мен оны ынталандыру жолдары, сондай - ақ оқушылардың оқуын жетілдіру үшін одан әрі дамытылуға тиісті саланы анықтау жөнінде оқушыларға, әріптестер мен ата - аналарға уақтылы, сындарлы кері байланыс жасауды. Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы» арқылы да ой қорытуды білдім.
«Орташа мұғалім - айтып береді, Жақсы мұғалім - түсіндіреді, Үздік мұғалім - көрсетеді, Ұлы мұғалім - шабыттандырады» деп А. У. Уорд айтса, «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген қытай мақалы.
Ал біздің ел билеген бабамыз Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік, Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!» деген еді.
Бастаған жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Жаңалықтар
Оқытуда кембридж тәсілін қолдану
Жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болатын білім берудегі жаңа формат тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған жеті модульден құралған бағдарламаның оқу мен тәрбиеде алатын орны ерекше.
Биология пәніне кембридж бағдарламасы бойынша оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп
Хромтау ауданы, Қызылсу орта мектебінің биология пән мұғалімі Кажыгалиева Лаззат Кекилбаровна
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №119 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аймуратова Замзегуль Аптихалыковна
2 деңгей мұғалімдеріне көмек
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті №9 балабақша - мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.