Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 деңгей мұғалімдеріне көмек

29 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Мектептегі тәжірибе кезеңінде жасалатын басты қадамдар.
1. Мектеп әкімшілігімен сұхбат (даму жоспарына ұсынылған өзгерістерді талқылау, тәжірибелік кезеңнің жоспарымен таныстыру ).
2. Мектептің педагог қызметкерлерімен кездесу (деңгейлік бағдарламаның мақсатымен, 7 модульмен, таңдалған тақырыппен таныстыру, мұғалімдерден жаңа бағытқа көзқарасын, мектептің жалпы деңгейін анықтау үшін сауалнама алу, тәлім алушыларды анықтау, т. б.).
3. Желілік қауымдастық құру (мектепішілік, мектепаралық, ауданаралық, қалааралық, облысаралық т. б.).
4. Таңдалған сыныппен жұмыс (оқушылардан бастапқы ахуалды, білім деңгейлері мен дайындықтарын, дәстүрлі сабақ пен жаңа бағыттағы сабаққа деген көзқарас пікірлерін анықтау үшін сауалнамалар алу, бастапқы және соңғы деңгейлерді салыстыра зерттеу үшін сабақтарына қатысып, зерттеулер жүргізу, интервью алу).
5. Коучинг сабақтар өткізу (сабақ соңында, тәлім алушымен бірге келесі сабақтың тақырыбын анықтап, жоспарлау, кәсіби әңгіме жүргізу, кері байланыс орнату, т. б.).
6. Өзінің рефлексивті есебін жазып отыру (мектеп жұмысы, бастапқы және тәжірибелік кезеңдегі зерттеу барысындағы жинаған мәліметтерді салыстыру, мониторинг жасау).
7. Тәлім алушылардың коучинг сабақтарын жоспарлауға қатысу және ол сабақтардың өтілуін бақылау (әр сабақ соңында талқылау, кері байланыс жасап отыру).
8. Тәлім алушы және оның әріптестерімен бірлескен қысқа және орта мерзімді жоспар құруға қатысу (Lesson Study әдісімен).
9. Зерттеуге алынған сыныптардың сабақтарына қатысу, зерттеу (жалпы сынып ахуалын, өсу деңгейін, үш деңгейлі оқушылардың өзгерістерін салыстыру, мониторинг жасау).
10. Рефлексивті есептерді аяқтау (әр есепке зерттеу барысында жинақтаған мәліметтерді қосып, толықтырып отыру).
31 278
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы"
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы"
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы" Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу - тәрбие, әдістеме, тәжірибе – эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді: - Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау; - Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру. Мектепті дамыту жоспарының (МДЖ) басымдықтары
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлім алушының оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи бай білімді игеруі. Тәлім алушының кәсіби дамуына ықпал ету үшін тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру.
АКТ құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары
АКТ құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары
АКТ құзіреттілігін арттыру туралы ой қозғау және оның оқу мен оқыту процесіне тигізер пайдасы мен кедергілерін анықтау. Ақиқатқа сай шешімдер құру және талдау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×