Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен cөзтізбелер

12 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Туматова А. Ж. іс - тәжірибесінен
Оқушылардың қазақ тілі сабағында құрастырған сөзтізбелері

Бүлдіргенге барғанда
Бұғысынның байлығы балық, бүлдірген, балқарағай.
Бірқанша бала бүлдіргенге, балықтауға, балқарағайға Бұғысынға барды. Бесіншінің балалары бар. Балалармен бірге бесіншідегі Бауыржанның бауыры барды. Бауыржанның бауыры Болат бір бұтақтың басындағы бозторғайдың балапандарын бақылады. Барған балалар бөлінді. Бесеуі балықтауға барды, бесеуі бүлдіргенге барды, бірнешеуі балқарағайға барды. Бүлдіргенге барған балаларда бір - бір банка. Барлық балалардың бүлдіргенін біріктіргенде бір бәшөк болды. Балықтарын, бүлдіргендерін балқарағайларын, барлық бала бөлісті.
7 сынып оқушысы: Нурсалиев Алимұрат

Кітапханада
Күз келді. Күннің көзі көрінбейді. Күзде Кәмилә, Кәлен кітапханаға келді. Кітапханада керекті кітаптар көп. Кәмилә, Кәлен керекті кітаптарының көбін көрді. Кітаптан күз кездерін көрді. Кітапханада кітап көрген кішкентайлар көп. Көбі кітаптан күз кездерін көреді. Кітапханашы көп кітаптар көрсетті. Кәмила, Кәлен кітаптардан керектісін көшірді.
5 сынып оқушысы: Жокенова Алтынгүл

Мектепте
Менімен Марат мектептеміз. Мараттың мамасы мектепте мұғалім. Мамасы
мәтінді Мұратқа, Маратқа, Манарға мазмұндатты. Марат мәтінді мазмұндады.
Мұғалім Маратты мақтады.
5 cынып оқушысы: Касымқанов Ерғанат

Қалың қар
Қаңтарда қар қапалақтады. Қар қапалақтай - қапалақтай қалыңдады. Қорадағы қалыңдаған қар қатып қалды. Қораға қой, қозы қамалған. Қой, қозыны Қанат қарлатпақшы. Қорада қар қалың. Қанат, қарындасы Қарлығаш қорадағы қалың қарды қазбақшы. Қанат, Қарлығаш қарды қолмен қазды. Қаза - қаза қолдары қатып қалды. Қатқан қолдарына қолғап қаптады. Қалың қарды қолмен қазған Қанат қой, қозыларды қарлатқайы қырға қарай қаптатты. Қарсысында қоянды қуған қасқырды қызықтады. Қоян қарағанға қарай қашты. Қарағанға қақпан құрылған. Қоян қақпаннан қарғыды. Қасқыр қарғығанда құйрығы қақпанға қыстырылып қалды. Қоян қасқырдан, қақпаннан құтылды. Қасқыр қоянды қуалағанды қойып, қой - қозыға қарады, қуаламақшы. Қанат қасқырдан қорқып, қарлатқан қой - қозыларын қораға қарай қаптатты. Қарындасы Қарлығаш, Қанат қой - қозыларды қораға қайтадан қамады. Қанат қасқырды қамшымен қуалады.
Қасқыр қалың қардан қарғып - қарғып қашты. Қанат қой - қозыларын қасқырдан құтқарғанына қатты қуанды.
10 сынып оқушысы: Тамимова Гүлсім

Төбелер орта мектебі
Жаңбыр
Жаңбыр жазда жауады. Жауған жаңбыр жырада, жерде жылтырайды. Жаңбыр жауғанда жылаған Жәмилә жұбанды. Жер жұтаған, жауған жаңбырды жер жұтты.. Жазда жаңбыр жауған жақсы.. жер жұтамайды, жаңарады, жақсы.
5 сынып оқушысы: Бектурганова Гүлдәнә

Сурет сабағында
Сыртта суық. Сегізінші сыныпта сағат сегізде сурет сабағы. Сабақта сәбіздің суретін салмақ. Сурет сабағында Салтанат, Серік, Саягүл сәбіздің суретін салды. Санат, Самал сәбіздің суретін салмады, салмаған себебі сол сабақта сарымсақтың суретін салмақ.
5 сынып оқушысы: Жокенова Ризагүл

Сыйлық
Сара сырмақты сырыды. Сырылған сырмақты Сара Сәкенге сыйламақшы. Сырылған сырмақты Сара Сәкенге сәуірдің сегізінде сыйлады. Сәкен Сара сыйлаған сырмағын сейнеге салды. Сараға Сәкен сандықша сыйлады. Сәкеннің сыйлығына Сара сүйсінді. Сара сандықшаны сырмен сырлады. Сөйтіп, сыйлаған сыйлықтарын сәндеді.
А. Жұлдыз

Аңшы
Асан, Ақан аң аулады. Аңды аулай - аулай атпен ауылдан алыстады. Аңда арқарды, аюды атып алды. Атқан аңды Асан, Ақан арба апарып. арбаға артты. Арбаға артқан аңдарды ауылға апарды. Ақан атын апарғанша арбадағы аңдарды Асан аңдыды. Асанға анасы,. атасы, Алма аяңдады. Асан аңды атқанын, арбаға артқанын айтты. Атын апарған Ақан аңдарды аулаға апарды.
6 сынып оқушысы: Актаева В

Балабақшада
Балабақшада балалар бар. Бірқанша бала бірнеше бөлмеге бөлінді. Бір бөлмеде Балжан, Бақытжан, Балдырған болды, бірбөлмеде басқа балалар болды. Балаларға бастық балмұздақ, балық, бауырсақ бергізді, барлық балаларға бергендерін бірдей бөліп берді. Біраз болғанда балалар би билесті. Биді бітіп, балалар баққа барды. Бақта барлығы бірқанша болды.
7 сынып оқушысы: Имамагзамов Саят

Жаз
Жазда жылы, жасаң жап - жасыл. Жасыл жасаңда жылқылар жайылып жүр.
Жанар және Жұлдыз жасаңда жүр. Жанар және Жұлдыз жолдас. Жанар жапырақ жұлды. Жұлдыз Жанардың жанында жүгіріп жүр. Жүгіріп жүрген Жұлдыз жығылып жарақаттанды. Жұлдыздың жарақатына Жанар жұлған жапырағын жапсырды. Жылаған Жұлдызды Жанар жұбатты. Жаңбыр жауды. Жамылғы жамылып, Жанар және Жұлдыз жолмен жүрді. Жолда Жанардың Жолдыаяғы жолықты. Жолдыаяқ жайылған жылқыларға жүгірді. Жанар және Жұлдыз жан – жаққа жөнелді.
6 сынып Насынова Гүлсат
2 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Есепті шығар. Түлкі мен қасқыр балық аулауға барды. Түлкі 7 балық аулады, ал қасқыр 3 балық аулады. Түлкі мен қасқыр екеуі қанша балық аулады?
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Логикалық есептер 1. Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған? Жауабы: Асхат
Математика жүрек тілімен
Математика жүрек тілімен
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп – гимназияның бастауыш класс мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Мектеп кітапханасы. Сын есім
Мектеп кітапханасы. Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы. Сын есім
Қазақ тілінен тест тапсырмалары
Қазақ тілінен тест тапсырмалары
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна Қазақ тілінен тест тапсырмалары
Жай сөйлемдер
Жай сөйлемдер
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×