Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептер

30 қаңтар 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Логикалық есептер
1. Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған? Жауабы: Асхат
2. Мың саны. Сіздер 1000 санын бір түрлі сегіз цифр арқылы өрнектей аласыздар ма? Жауабы: 888х88х8х8х8=1000
3. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?
Жауабы: 3 күшік және 4 балапан
4. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз.
Жауабы: 3, 7, 9 цифрларды алып тастасақ 2854106 шығады.
5. Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: - Қанша асық ұттың? – дейді. Ол:
- Онша көп ұтқыза коймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді.
– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.
– Ең көп асық ұтылғаны мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан соң кімде неше асық қалды?
Жауабы: 2 бала 10 – 2 =8 асық: 3 бала 10+8=18 асық; 1 бала 30 - 8 - 18=4 асық
6. Үшбұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама - қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу? Жауабы: Мысықтар тең қабырғалы үшбұрыштың төбелерінде отыр. Олардың саны үшеу
7. Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек.
Жауабы: Тоғыз жерінен кесіледі
8. Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?
Жауабы: 10 - шы қаңтар
9. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді
10. Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті. 11. 4 үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр? Жауабы: 5 үйрек бірінің соңынан бірі келеді.
12. Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы 15 - ке келемін,- деді Бекзат. Бекзат дұрыс айтқан болса, оның туған күні қашан. Жауабы: Алдыңғы күн 31 желтоқсанда әлі - 13 жаста болады. 2 қаңтар күні - 14 жасқа толады. Келесі яғни, тура бір жыл өткен соң 15 жасқа толады. 13. 3тиін 3 жаңғақты 3 минутта жесе, 100 тиін 100 жаңғақты неше минутта жейді? Жауабы: Әр тиін 1 жаңғақты жеуге 3 минут уақыт жұмсайды.
14. Ас үйде тәрелкелер мен ыдыстардың қайсысы көп? Жауабы: Ыдыстар 15. Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
16. Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?
Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар.
17. Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. - 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.
Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?
Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге
400: 4=100 теңге
1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге
18. Бір жәшік алманың салмағы 25 кг. Жарты жәшік алма сатылған соң, жәшікті өлшесе 15 кг көрсетіп тұр. Ал бос жәшіктің салмағы неше кг болғаны?
Жауабы: 25 кг – 15 кг = 10 кг (алма сатылған)
10 кг х 2 = 20 кг (алма болғаны)
25 кг – 20 кг = 5 кг ( бос жәшік салмағы )
19. Мектеп - бақшаға 300 кг жемістер әкелінді. Алма мен алмұрт 230 кг, алма мен апельсин 200 кг. Мектеп – бақшаға әрқайсысынан неше кг әкелінді?
Жауабы: 300 кг – 230 кг = 70 кг (апельсин)
200 кг - 70 кг = 130 кг (алма)
300 кг – 200 кг = 100 кг (алмұрт)
20. 20 - ның жартысының жартысы артық па, не 80 - нің ширегінің ширегі ме?
Жауабы: 20: 2: 2 = 80: 4: 4 тең 21. Ғабиттің бойы Ароннан биік, Талғаттан аласа. Самалдың бойы Қанаттан биік, Ғабиттен аласа. Ең бойы биігі кім?
Жауабы: Талғат
22. 1 қатарда 8 тас, аралары 2 см - ден, 2 – ші қатарда 15 тас, аралары 1 см - ден. Қай қатар ұзынырақ?
Жауабы: бірдей
23. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?
Жауабы: 3 күшік және 4 балапан
24. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз.
Жауабы: 3, 7, 9 цифрларды алып тастасақ 2854106 шығады

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,
№3Алға қазақ орта мектебінің
2 класс оқушысы Рысбаева Анеля
396 800
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асық технологиясын пайдалана отырып балаларды қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне баулу
Асық технологиясын пайдалана отырып балаларды қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне баулу
Асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.
Математика пәнінен логикалық есептер жинағы
Математика пәнінен логикалық есептер жинағы
Математика пәнінен логикалық есептер жинағы 1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді?
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Математика - ақыл-ойдың әуені (ойын)
Математика - ақыл-ойдың әуені (ойын)
Ләззат Сарманова №39 «Қызылөзек» орта мектебінің математика және информатика пәндері мұғалімі
Үздік математик
Үздік математик
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әбдіхалықова Жайнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×