Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыларды ағылшын тілінен ҰБТ - ге дайындауда қолданылатын әдіс - тәсілдер

15 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Оқушыларды ағылшын тілінен ҰБТ - ге дайындауда қолданылатын әдіс - тәсілдер

Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін, жан – жақты жетілген, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан - жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.
Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай ұлттық тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында.

ҰБТ - ға дайындыққа арналған жоспар құрастыру.
Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлу
Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргізу
Тақырыптық тест құрастыру
Әр тараудан кейін лексикалық және грамматикалық сынақ өткізу.
Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда мыналарды басты назарға ұстау керек деп ойлаймыз:
Мұғалім өз ісінің жетік маманы болу керек.
Білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы, грамматикалық ережелерді жаттау арқылы,
тесттерде кездескен жаңа сөздерді аударып, жаттау арқылы іс жүзіне асыру керек.

Пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып, берілген білімнің сапасын аптасына 1 рет әкімшілік тест тапсырмаларын орындату арқылы жүйелеп, шыққан қорытындылары негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізе отырып үлгерім мен сапаны арттыру керек.

Сонда ғана Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі болады деп ойлаймыз.
11 сынып оқушыларын дайындау барысында теориялық білімдерін практикалық жаттығулармен ұштастырып отырып, үнемі жаттығулар орындату қажет. Жоспар бойынша әр тақырыпқа сай жаттығулар алып отырамыз.
Жаттығуларды арнайы электронды оқулықтардан алып қолданып отырамыз.
Интернет ресурстарын үнемі пайдаланып отырамыз. Оқушылар интернет арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, қашықтық олимпиадаларға қатыса алады. Пән бойынша on - line тестілеуді, 5+ бағдарламасын жиі қолданамыз. Бұл тесттердің артықшылығы жауабын тез алып, артынша қатемен жұмыс істеуге ыңғайлы.
11 сынып оқушыларын ҰБТ - ге дайындық жоспары тақырып
Фразалық етістіктер.
Буын типтері.
Артикль.
Географиялық атаулармен артикльдің қолданылуы
Зат есімнің көпше түрі
Зат есімнің тәуелділік түрі.
Сан есімдер
Сын есімнің шырайлары
Етістіктің шақтары, активті түрі.
Етістіктің шақтары, пассивті түрі.
Сұрақтар түрлері.
Предлогтар.
Модальді етістіктер.
Сөз жасау.
Герундий
Есімше
Инфинитив.
Шартты сөйлемдер.
Төлеу сөз.
Елтану.
Қорыта айтқанда, алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін – өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеу үшін оқушының білімге деген ықыласын жетілдіріп, өзінің ғана емес, өзгенің де өсуіне ықпал ететіндей деңгейге жеткізу - бүгінгі күн талабы.
5 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі
Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 1 - жартыжылдыққа арналған жұмыс дәптері
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 1 - жартыжылдыққа арналған жұмыс дәптері
Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Біріңғай ұлттық тестілеудің көрсеткіші.
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек
Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек
№ 1 Негізгі мектебі, Ерейментау қаласы Математика пәнінің мұғалімі Шайзина Раиса Дұйсембайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×