Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сағындым (2-бөлім)

06 тамыз 2023, Жексенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Сағындым 2

Көзді ашып жұмғанша,
Бір күн өтті қасқағым.
Көп ұзамай өзіңе,
Жаңа өлең бастадым.

Айтар сөзім ішіме,
Сыймай жатыр білсең ғой.
Мәңгі бірге қасымда,
Ойнап,күліп жүрсең ғой.

Көз алдым сенсіз қараңғы.
Өткенім тырнар жарамды.
Отырмын тағы мұңданып.
Қолыма алып қаламды.

Қиын екен сағынған.
Келші деп жүрек жалынған.
Қоштасқан кезде білдіртпей,
Көз жастан моншақ тағынғам.

Қиналар жүрек мендегі.
Сағыныш әлі сөнбеді.
Қанша уақыт өтседе,
Басқаға жүрек көнбеді.

Күндерім өтпес көңілді.
Сағындым өткен күнімді.
Есіме түссе сенсіздік,
Жек көріп кетjем өмірді.

Отырмын аңсап өзіңді.
Еркелеп айтқан сөзіңді.
Аллам қайтарып берсе ғой,
Сол бақытты кезімді.

Айтушы едім өзіңе,
"Жалғызым сенсің" деп қана.
Жүректің мұңын ақтарып,
Саған жаздым тек қана.

Сенсізде күнім өтуде,
Бірақ іште өкініш.
Егерде мені сағынсаң,
Хабарласшы өтініш.

Ұзын сөздің қысқасы,
Жалғызым сені сағындым.
Көп қинамай жүректі,
Түсінші сырын, жанымның.

Автор: Бекарыс Ташкенбай
3 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сағындым
Сағындым
Сағындым Сағындым жаным өзіңді Мөлдіреген көзіңді Айтушы едің күн түні, Сүйемін деген сөзіңді.
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Шәкәрімнің өмірбаянына қатысты қосымша мәлімет ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру;
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілесова Набат Сержанқызы
Жетімдерді жебейік
Жетімдерді жебейік
Астана қаласындағы Д. А. Қонаев атындағы университет колледж. Ұйымдастырған: Ыбырайқызы Рыскүл
Жылы жүрек – жақсы тілек
Жылы жүрек – жақсы тілек
Өмірде жаман адам туылмайды. Егер нәпсісі рухынан жоғары, үстем болса, жақсы іс - әрекеттерді адам бойынан табу қиын. Ал барлық жақсы қасиеттер, яғни шыншыл, мейірімді, кешірімді, еңбекқор, ақылды т. б. адамда ғана болады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×