Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері, өмірбаяны

01 маусым 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті кейінгі буын бұл ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тиым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомыбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты.

Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын?
Өзінің «Мен кім?» деген өлеңінде мынадай жолдарды ұшыратамыз:
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармын мен, шыңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек десеңіз, өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз. Мұның алдында «арыстанмын, кім шыдар» деген жолдар бар. Осының бәрі – асып-тасудың, астамдықтың белгісі емес, асылдықтың, жайдың жасылындай өткірліктің жөні. Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған. Өзі оны түсінген де, білген де. Асыл сөздердің қадірменді иесі – зерделі оқушылар екенін кәміл ұққан. Ол – парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Мағжан ақын бір өмірін, білгенін сол туған халқына, еліне арнаған да, сарнаған да. «Жан сөзі» деген әйгілі өлеңінде (1920ж);

Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:
Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған, –
деуінің де төркіні сонда.
Мағжан өз тегін де, өз жерін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті. «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» дегенде, қауіп-қатер жоқ дегені емес, бірақ ақырында қылша мойнын талша қиылатынын біліп пе? Жалпы алып қарағанда, «мен өлмеймін» деген сөздерде терең шындық та жатыр. 60 жылдан аса уақыт бойы үстемдік құрған қоғам ақын үнін шығармай, тұмшалап келсе де, енді естіліп, ақыры жалғастық тауып отырғаны шындық. Ақын өлеңі мен дана сөзі өлмек емес. Ақын көзін аластап, өлеңін жауып жоқ қылған әкімшілік дәуір үстімізден енді ғана ауып барады. Қазақстанның тәуелсіз ел болып қайта құрылуы әрбір жеке адамның бас бостандығын қамтамасыз етпек

Ақынның тағдыры.

Мағжан Жұмабаев өлеңдерін бастыру, оқу тоқырай заманында мүмкін болмады. Енді жарты ғасырдан аса уақыт өткенде ғана, аты аңызға айналған ақынның шығармалары халқына қайта оралды.
Дүлей қара күшті ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ата-баба жолын ұмыттырып, тексіздікке сүйрегенін кешегі тарихтан білеміз. Бүгіндері өткендегі орасан қателерді жөндеп, рухани байлықты халықтың өз иелігіне қайтаруға мүмкіндік туып отыр.

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) медресеге оқуға түседі, бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шыққан жергілікті интеллигент Мұхамеджан Бегішев ашқан.

Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бірақ, бұл оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен Медресе – Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар болған. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.

Болашақ ақын талантын таныған Ғалымжан Ибрагимов (көпшілікке таныс «Қазақ қызы» романының авторы) оған білімін әрі қарай көтере түсу керектігін айтып, ақыл-кеңес береді. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы Мұғалімдер Семинариясына түсіп, сол қалада орын тепкен. 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шығады, оған Ғалымжан Ибрагимов көп жәрдем еткен.
Өлеңдер жинағы өзінің соны сезімдегі лирикаларымен, қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі. 1909 жылы Петербургте жарық көрген абай жинағы бұл кезде көпшілікке мәлім еді. Мағжан да әрине оны оқыған. Семинарияда М. Жұмабаев болашақ күрескер ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады.оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. «Жан сөзі»

Атты атақты өлеңінде ақын өзінің «Медресе – Ғалиядан» кетуіне үзілді-кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салқындықты және жергілікті дау-шарға қатысқысы келмеген жайын, өзінің сол тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады; тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалық түсіріп, із қалдырады. «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі осы сәтте туған.
1912-1914 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де жан-жақты, терең қаруланған, ата дарын иесі Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға еуропалық білім алуға, тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген.

1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді; кейін Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде істейді.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында М.Жұмабаев Ташкентте шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Сонда шығатын «Шолпан», «сана» журналында «Ақжол» газетінде қызмет атқарып, біраз дүниелерін жарыққа шығарады. Дәл осы кезде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды» жазды.

1923-1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыды. Ол кезде институтты В.Брюсов басқаратын еді. Бұл жылдары ол орыс әдебиетін, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, оқиды. Орыс мәдениеті қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады.
1929 жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрды деген айыптаулармен 10 жылға сотталады. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған, көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.

Өкініштісі сол, 1929 жылдан 1938 жылға дейін созылған ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М.Горкий мен Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, бірақ 1937 жылы М.Жұмабаев қайта қамауға алынады. Ал, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
Ғұмырының соңғы жылдары ештеңе жазбап па екен, жазса ол қайда, әлде ұшты-күйді жоғалып кетті ме деген сұрақ туады. Себебі М.Жұмабаевтың 1927 жылы жазған «Тоқсанның тобы» поэмасынан кейін басқа шығармалары мәлімсіз. Рас, тәркілеу, ұжымдастыру, онан кейінгі аштық жылдары, әрине, шығармашылық шабыт бере қоюы қиын. Ол уақыттың жалған поэзиясының айқайын жұрт енді естіп, ұғып отыр.
Сонда да болса, шеккен қайғы-қасіретін, тарқан азабын ақын дәптерге жазып қалдыруы да мүмкін. Бірақ М. Жұмабаев үні 1927 жылдан кейін естілмейді. Өзі бір кездері толғана жазған, үні өшкен бұлбұл кейпі ақынның басына келді:

Дариға, аяқталмай үзілді жыр,
Сұм жүрек жалын болып қалды ғой құр.
Бұлбұлдың әнін үзген не болды екен?
Мынау не, көлдің беті жыбыр-жыбыр?
Көл беті жыбыр-жыбыр бақа: «бақ-бақ»,
Сайрасын енді қалай бұлбұл бейбақ!
Өмірдің өзгермейтін құрсын заңы –
Бір жақтан бұлбұл шықса, бақа шықпақ.
Жыршы құс бақырайған бақа көрсе,
Бақылдап тырбық бақа әнін бөлсе,
Ойласаң таңқаларлық дәнеңе жоқ –
Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе.

М. Жұмабаев көңіл-күйін, өткен өмір жолын башқұрт халқының аса үлкен, қадірменді жаушысы Сайфи Құдаш тебірене баяндайды. Сайфи Құдаш ғасырдың бас кезінде Солтүстік Қазақстанда М.Жұмабаевпен бірге қызметтес болған, жете таныс адым. 1969 жылы ол Қазақстан басшыларына Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жайында толғана ұзақ хат жазған.

Бірақ онан еш нәтиже болмады.
«М. Жұмабаевты мен өзіндік ерекше, табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да, – дейді қарт жазушы, – бұл орайда ол Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады. Сонымен бірге оның өмірі, ақындық еңбегі және трагедиялық тағдыры бір-бірімен тұстас, бұлақ суының бір тамшысындай, М. Жұмабаев шығармаларына бір жақты баға беру, яғни оны Революционер, күрескер дәрежесіне көтеру, немесе, керісінше, Совет өкіметі мен қазақ халқының қас жауы етіп сипаттау – біздің тарихымыздың тұрпайы да, анайы, орны толмас олқылығы, екінші жағынан біздің мәдени мұраға деген көзқарастың жауапсыздығы, барып тұрған дөрекі түрі»

Шындығында, 20-шы жылдар оқиғалары мен өмір құбылыстары қаншама күрделі екенін ойға алсақ, саяси мәні жағынан сан-алуан, тіпті көбіне қарама-қарсы екенін ескерсек, тыңғылықты тұжырым жасау, нақты талдаумен белгілі бір ортақ ой-пікірге, қорытындыға келу оңай еместігіне көз жетеді. 1920 жылы Қаз АССР-ның құрылуы, ауылдардың советтендірілуі, ал екінші жартысында – байларды тәркілеу, республика жетекшілері мен интеллигенция өкілдерінің сан тарапқа тартқан сөздері, ұлттық шекараларды бөлу, әсіресе, ұлттық мәдениет мәселелері талайлардың намысын қоздырып, ақыл-ой, сананың шайқалуына әкеліп соқтырғанын анық білеміз. Мұнымен, қоймай, кеше ғана ауыз жаласқан достардың табанда бір-бірін қаралау, күйе жағуға дейін баруы қауым ішін әбден шиеленістірді.

Өлеңдері

Адастым
Айрылдым сенен, жан сәулем
Ақсақ Темір сөзі
Алданған сұлу
Ал ішіңдер, бұл – қымыз
Алатауда
Ана
Арабтан
Асық иіру
Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға
Ата, бата
Ауру
Әйел
Балалық шағы
Бала мен құс
Батқан күн, атқан таңның жыры
Бостандық
Ботамды көрдім түсімде
Бөбектің тілегі
Бұлбұл
Бұтақ
Бір биге
Бір кезде іштік арақты
Бір күні
Дәрігер
Достық һәм көз жасы
Дін үйреткенге
Еділдің сағасында
Еділде
Екі бетің, сұлу қыз
Ертегі
Ертеңгі сәулелер
Ес кірген соң
Ескі Түркістан
Еслам қазасына көңіл айту
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Жазғы таң
Жазғытұры
Жазды күні қалада
Жамбылға
Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Жан сөзі
Жаралы жан
Жарым
Жарыма
Жас Мағжанға
Жас келін
Жатыр
Жауардың азаматтарына
Жауынгердің жыры
Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат)
Жау жеңді, берік қамады
Жәй әншейін ойын ғой
Жәмила
Жел
Жел
Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзіне...
Жердің жұмырлығы
Жоғалған алтын
Жолдасқа
Жүсіп хан
Жылқышының үйінде
Жігер шіркін желінді
Заманымыздың ақыны
Зар
Зарлы сұлу
Зуһра
Күз
Көбелек
Көңіл
Көңіліңді ашар
Көңілде қайғы қалдырмас
Күн шығады да, батады
Күннің батуы
Қазағым
Қазақ азаматы
Қазақ тілі
Қазақ қызына әзіл
Қазақыес
Қайғылы сұлуға
Қаламыма
Қаныш бай қиссасы
Қарағым
Қараңғы, дауылды түн
Қарындастарға
Қойлыбайдың қобызы
Қойшы бала мен күшік
Қойшының әләуләйі
Қоңыр жыр
Қызыл жалау
Қырғыз, қазаққа
Құр қалыппын
Қысқы жолда
Ләззат қайда
М. Д. абақтыдан шыққанда
Мағарри сөздер
Мен жастарға сенемін
Мен сорлы
Мешіт һәм абақты
Мысық пен ет
Нағашыларға
Немере мен әжесі
Оқжетпестің қиясында
Оразада
Орал
Орамал
Орман патшасы
Осы күнгі күй
Өзеннің суын жел тербеп
Өлең
Өлеңнің ұйқасы
Өмір
Өміріме өкпем
Өнер - білім қайтсе табылар
Өткен – аяулы
Өтірік ертек
Р... альбомына
Р... ға
Сағат
Сағындым
Сал, сал білек, сал білек
Сарғайдым
Сарғайып келген егін толқынданса
Сәлем хат
Сәуле
Сен сұлу
Сең
Сорлы қазақ
Сұр құлын
Сүй жан сәулем
Сүйгенім анық
Сүйгеніме
Сылдырмақ
Сырық мойын, біз мұрын
Татар саудасы
Тәңірі
Тоқаевқа еліктеу
Толған ай
Толғау
Төбет
Тұтқын (М. Д.- ға хат)
Тұтқын
Түркістан
Түс
Туған жер
Туған жерім – Сасықкөл
Түн еді
Тілегім
Тілегім
Тірі бол
Тіршіліктің көркі – ерік
Ұлан
Ұлбосын
Шалдың үміті
Шойынжол
Шын айт
Шын сорлы
Эпиграммалар
75 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой - пікірін қалыптастыру
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Рухшыл жыр бастауындағы көркем иірімдер (М. Жұмабаев «От» өлеңі)
Рухшыл жыр бастауындағы көркем иірімдер (М. Жұмабаев «От» өлеңі)
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Пеньково орта мектебі Шаймерденова Гульдер Елтаевна "Үздік ғылыми жұмыс" номинациясы бойынша
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан. Тоқсан би ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы
Пікірлер (0)
×