Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі

07 қаңтар 2015, Сәрсенбі
1. Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұғындыру.
3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ журналдары.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
- Эвакуация деген не?
- Эвакуация міндеттері
б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.
Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі
Әрбір төтенше жағдайдың өз ерекшеліктері бар және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын шаралардың нақты тізбесі бар. Сонымен қатар төтенше жағдайлар болған ретте адамдарды қорғау үшін қолданылатын іс - қимылдың жалпы жиыны болады, оған күнілгері және төтенше жағдай болғанда тікелей жүргізілетін шаралар қамтылады. Күнілгері жүргізілетіндері: берілген аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайды болжамдау, ықтимал төтенше жағдайлардың шығындарын азайтуға бағытталған шаралар, төтенше жағдай болған кезде жүзеге асырылатын іс - қимылды жоспарлау, төтенше жағдайларда қолданылатын күш пен құралды дайындау, халыққа төтенше жағдайлардағы құлық ережелерін үйрету, төтенше жағдайларда болуы мүмкін материалдық қор жасау. Халыққа хабарлау дегеніміз су басу, орман өрті, зілзала, тасқын не басқадай дүлей апат туралы ескерту, болған апат не алапат туралы ақпарат беру. Бұл үшін байланыс, радио және теледидар құралдарының барлығы қолданылады. Уақыт – басты фактор. Төтенше жағдайларда оны зая жіберуге болмайды. Адамдардың тағдыры осыған көп байланысты. Қазақстан республикасындағы радиотрансляция жүйесі кең тараған. Радиотрансляция торабы жоқ бірде - бір қала, ірі елді мекен жоқ. Кәсіпорындардың, оқу орындарының көпшілігінің өз радиоторабы бар.
Оқу орындарындағы АҚ - тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Хабарлау жүйесі деген не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 431
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
БӘД - ның мақсат міндеттері және мазмұны, «ҚР Қорғаныс және ҚК
БӘД - ның мақсат міндеттері және мазмұны, «ҚР Қорғаныс және ҚК
Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі туралы
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану іс - шаралары
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану іс - шаралары
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі
Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мекетебінің АӘД пәні мұғалімі Тұралы Мереке Елеусізұлы
Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау
Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп КММ» АӘД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы Досымханов Бекжан Сақажанұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×