Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім беру саласындағы кірігу ұстанымдарына сәйкес пәндік дамыту ортасын құру

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Бәйге
Білім беру саласындағы кірігу ұстанымдарына сәйкес пәндік дамыту ортасын құру.

«Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек, істегің келу аз, істеу керек» (И. В. Гете)

Жұмысымның мақсаты:
Жұмысымның міндеті:
Әрбір кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Ел президенті Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.

Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі кезеңде жас ұрпақ тәрбиесі, білім беру үрдісі ең күрделі мәселеге айналып отыр. Осыған орай, тәрбиеге қойылатын қазіргі талаптар тәрбиешіден зор шеберлікті қажет етеді, дегенмен есесіне тәрбиеленушінің ізденуіне де зор мүмкіндік беруде.
Еліміз оқытудың жаңа кезеңіне көшті. Ол – нәтижеге бағытталған білім беру. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру. Құзырлық – ол тереңнен берілетін білім.

Тәрбиеленушінің құзырлылығын қалыптастыру үшін тәрбиешінің өзі бір құзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда тәрбиешіге қойылатын талап та күшті. Жаңа фармация тәрбиешінің тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психолгиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Мектепке дейінгі ұйымда оқу - тәрбие жұмысының басты шарты – пәндік дамыту ортасын құру болып табылады. Дамыту ортасы деп пайдалы ұйымдастырылған әртүрлі материалдармен толықтырылған, арнайы жабдықталған жайлы жағдай деп түсіну керек. Мұндай ортада барлық топ балаларын танымдық - шығармашылық іс - әрекетке бір уақытқа белсенді араластыруға болады.
Ортаны құрудың анықтауыш сәті педагогикалық пікір, мақсат болып табылады. Бұл мақсатқа жету таңдалған білім беру бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Дамыту ортасын құра отырып «Айналайын» шағын орталығында біз топтардағы тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін ескереміз. Жасы, даму деңгейі, қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, құрамы, жеке қабілеті. Мен де өзімнің ұйымдастырған оқу іс - әрекетімде әртүрлі әдістерді кеңінен қолдануға тырысамын. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіндегі қазақ тілін оқытудың басты мақсаты – тәрбиеленушілердің сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып, айта білуге, бір - бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру, ойын анық жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу.

Мұндай жетістіктерге жеткізу үшін әрбір тәрбиеші өз ісінің хас шебері ғана емес, тәрбиеленушілердің сол пәнге деген қызығушылығын арттырушы дәнекер шебер тәрбиеші бола білу керек. Өзінің әр ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін түрлендіріп, тәрбиеленушілердің ынта - назарларын осы пәнге аударта білу керек. Сол себепті мен де әр кез ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімді түрлендіріп, өз дәрежесінде өткізуге тырысамын.

Пәндік дамыту ортасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1. Әрбір топтарда өз жас ерекшеліктеріне сай мақсатқа бағытталған белсенді іс - әрекетке жағдай жасалған (ойын, қозғалыс,
бейнелеу, сахналау)

2. Дамыту ортасының пәндерін орналастыру және ұйымдастыру тәрбиеленушілердің қажеттілігі мен жас ерекшеліктеріне
сәйкестендірілген. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі 3 қажеттілігі бар: қозғалыста, қарым - қатынаста, танымдық. Баланың өзіндік таңдауы болу үшін ортада жағдай жасалған: кіммен, қайда, қалай не ойнау керек. Топтағы жабдықтар мен материалдпрды таңдау нақты жастағы баланың даму ерекшеліктерімен анықталады.

3. Даму ортасындағы пәндердің жан-жақтылығы. Топтың ішінде балаларға қажетті, оның дамуына ықпал ететін материалдар
ғана болуы тиіс. Егер жақын арада ойын құралдары пайдаланылмаса оларды қолданыстан шығарып тастау қажет. Топ материалдармен оқу – құралдарды сақтайтын қоймаға айналмауы керек.
4. Ұлдар мен қыздардың қызығушылығына сәйкес даму ортасы мазмұнды құрылған.
5. Барлық жас ерекшелігіндегі топтарды демалуға жайлы орындар белгіленген.

Ойын ортасы:
1. Сюжеттік - рөлдік ойындарға арналған ойын құралдары;
2. Режиссерлік ойындарға арналған құралдар;
3. Көпжақты текше;
4. Үлгілер (үй, гараж, карта - кесте, ойын аймағы және шымылдық)
5. Ертегілердегі жануарлар;

Сауаттылық ортасы
Әдеби орталық
Халық ауыз әдебиетінің шығармалары;
Қазақ халқының ертегілері;
Қазіргі заманғы авторларының шығармалары (әңгімелер, ертегілер, тақпақтар)

Қызықты математика орталығы
1. «Ғажайып қапшық» ойыны
2. Геометриялық фигураларды, заттарды түсіне, көлеміне қарай салыстыру және сенсорлық белгілеріне қарай топтау. Мысалы:
үлкен себетке – үлкен доптар. Қызыл қораптарға – қызыл текшелерді т. б.
3. Геометриялық фигураларды, заттарды түсіне қарай арнайы құралдар арқылы атын атап, айыра білуге арналған үстел ойындары
4. Моншақтарды жіпке тізу, көлеміне қарай кезектестіру.
5. Геометриялық фигураларды түсіне, көлеміне қарай арнайы құралдар арқылы атын атап, айыра білуге арналған үстел ойындары
6. Жүйелі іс - әрекетте берілген алгоритмді ойындар
7. Көлемдік, сандық, пішіндік қатынастарды игеруге арналған ойындар.

Балалардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамытуға арналған тапсырмалар
Логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамытуға арналған тапсырмалар
Өнер орталығы
1. Сурет салу
2. Ән айту
3. Би билеу

Дене шынықтыру орталығы
1. Спорт кешені
2. Шағын дене шынықтыру бұрыштары
3. Ойын құралдары
Осы мақсатта мен төмендегі төрт әдісті қолданамын. Олар:
1. Сұрақ - жауап әдісі
2. Диалог әдісі
3. Сурет әдісі
4. Тест әдісі

1. Сұрақ - жауап әдісі: Мысалы:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қай ай, нешесі?
Аптаның қай күні?
Қандай ойындар ойнадық?
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде не үйрендік?, деген сияқты жеңіл сұрақтар алу тиімді. Осы әдісті пайдалану баланың ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне деген қызығушылығы артып, тілдерінің жаттығып, зейіні мен ынтасы артады. Сұрақ - жауап әдісін, оқу іс - әрекетінің басында ғана емес, ортасында, бекіту мақсатында соңында қоюға да болады.

2. Диалог әдісі - баланың баламен, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым - қатынасын жақсарту үшін өте пайдалы әдіс. Бала
тәрбиешінің берген тапсырмасын орындай отырып, өз ойын анық жеткізе білуге, ашып айтуға үйренеді, тәрбиешімен тікелей байланысқа түсе алады. Мысалы, мен өз досыңмен сүйікті ісің туралы әңгімелес деп тапсырма бердім. Осы тапсырманы орындау барысында балалар бір - біріне өз ойларын ашып айта білді, бір - бірінің сүйікті ісі туралы танысты және бір - бірімен тікелей байланыста болды. Сонымен қатар жұптасып жұмыс жасауды үйренді. Өз ойларын бөлісе отырып, оң нәтижелер шығарды.

3. Сурет әдісі – балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, ойларын ашып айту үшін тиімді әдіс. Сурет
әдісінің ең тиімді жағы, бала суретті көріп қана қоймай, ондағы нәрселермен танысады, жадында сақтай алады. Тақырыпқа сай суреттерді бере отырып жаңа тақырып мазмұнын ашуға да болады. Мысалы, «Жыл мезгілдері» тақырыбын өтерде төрт мезгілдің суретін беріп, балалардың сурет туралы ойларын ортаға салғызып барып тақырып ашылды.

4. Тест әдісі – тесттің түрі өте көп. Тәрбиеленушілерге берілетін тест түрлері жүйелі, жеңіл түсінікті болуы шарт. Сондықтан мен,
өзімнің ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерімде осы тест әдістерін пайдаланамын.

Күтілетін нәтиже:
Қай істің маманы болмасын, қай пәннің мұғалімі болмасын, өзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру басты міндет болып саналады. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы жағынан мазмұнды етіп беру, әртүрлі әдіс - тәсілдермен түрлендіру әр мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. Сондықтан да ізденімпаз, өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік болу қажет.

Елбасының жолдауында айтылғандай «Келешек мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болуы керек. Әрине мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» деген сөздерді басшылыққа ала отырып, мен де, өз білімімді ары қарай жетілдіріп, білімі мен білігі сай нәтижеге бағытталған құзыретті тұлға дайындауға ат салысамын.
5 660
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы
Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы
№266 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисенбаева Алтынгүл Талғатқызы «Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек, істегің келу аз, істеу керек.» И.В.Гете Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×