Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы

02 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек, істегің келу аз, істеу керек.»
И.В.Гете
Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда. Ел президенті
Н. Назарбаев өз Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Президентіміз Н. Назарбаев еліміздің дамыған, өркениетті елу елдің қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта келіп, өкіметке нақты міндеттер жүктеді.
Осы міндеттерді алға тартып, еліміз оқытудың жаңа кезеңіне көшті. Ол - нәтижеге бағытталған білім беру. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Құзырлық – ол тереңнен берілетін білім.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын Т.Г. Браже.

Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі бір-құзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда мұғалімге қойылатын талап та күшті. Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Яғни, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - құзіретті оқушы дайындап шығару үшін, ең алдымен, мектепке шығармашылық қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім даярлау қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білу керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Қазіргі таңдағы білім беру салаларында бұрынғы біліммен салыстырғанда көп айырмашылық бар. Бүгінгі білім саласында ақпараттық-комуникативтік құралдар, техникалық құралдар, аудио-визуалды құралдарды кеңінен пайдаланып, оқушының тек кітаптан оқып, құлақпен естіп қана қоймай, оны іс жүзінде көруге де көп мүмкіндігі бар. Сондықтан да мұғалім өзінің шеберлігінің, ізденімпаздығының арқасында ең жоғары деген нәтижеге жетуге құзіретті.

Мен де өз сабақтарымда әр-түрлі әдістерді кеңінен қолдануға тырысамын. Мен сабақ беретен орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып, айта білуге, сауатты жазуға, бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру, ойын қазақша жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу.

Мұндай жетістіктерге жету үшін әрбір мұғалім өз пәнінің хас маманы ғана емес, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырушы дәнекер шебер ұстаз бола білу керек. Өзінің әр сабағын түрлендіріп, оқушылардың ынта-назарларын осы пәнге аударта білу керек. Сол себепті мен де әр сабағымды түрлендіріп, өз дәрежесінде өткізе білуге тырысамын.
Осы мақсатта , мен, төмендегі бес әдісті кеңінен қолданамын. Олар:
6. Сұрақ-жауап әдісі.
7. Диалог әдісі
8. Аударма әдісі
9. Сурет әдісі
10. Тест әдісі

1. Сұрақ-жауап әдісі - орыс тілді сыныптарда қолданылатын ең тиімді әдістердің бірі. Бұл әдіс, әсіресе, орыс тілінде өтілген сабақтардан кейін оқушының бірден қазақша сөйлеп кетуі қиынға соғады. Сондықтан да бұл әдіс баланың тілін жаттықтыру үшін өте пайдалы. Мысалы, оқушыдан сыныпқа кірген мұғалім бірден сабақ, болмаса үй тапсырмасына не берілгенін сұрамай тұрып:
- Қазір қай мезгіл?
- Қай ай, нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Бұл күні қандай сабақтар болатын еді?
- Жаңа қандай сабақ болды?
- Қазір қандай сабақ?
деген секілді жеңіл сұрақ-жауап алудан бастаған өте тиімді . Осы әдісті пайдалану оқушының сабаққа да қызығушылығын арттырады, бір жағынан баланың тілін жаттықтырып, осы сабаққа зейіні мен ынтасы арта түседі. Сұрақ-жауап әдісі тек сабақтың басында ғана емес, ортасында, соңында да пайдалануға тиімді.
2. Диалог әдісі – оқушының оқушымен, оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын жақсарту үшін өте пайдалы әдіс. Оқушы мұғалімнің берген тапсырмасын орындай отырып, өз ойын анық жеткізе білуге, ашып айтуға үйренеді, мұғаліммен тікелей байланысқа түсе алады.

Мысалы, мен, 7-сыныптағы «Мамандық» тақырыбын өткенде оқушыға өз досыңмен болашақ мамандығың туралы әңгімелес деп тапсырма бердім. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-біріне өз ойларын ашып айта білді, бір-бірінің сүйікті мамандықтары туралы танысты және бір-бірімен тікелей байланыста болды. Сонымен қатар жұптасып жұмыс жасауды үйренді. Өз ойларын осы күнгі мамандық иелерін қатыстыра отырып, оң нәтижелер шығарды.

3. Аударма әдісі – орыс тілді сыныптарда ең қажетті әдістердің бірі. Ең алдымен, сөздік арқылы жұмыс жасалып, оқушыларға мәтін бойынша бөліктер беріп аударма жасату. Бұл жұмыс күнделікті сабақта қолданылуы тиіс. Себебі, оқушы екі тілді қатар меңгере отырып тіл үйренуге тез жаттығады. Аударма жұмысын әсіресе сөздердің омоним, синонимдерін табу кезінде көбірек пайдаланған жөн. Мысалы, бас- голова, бас – нажми, бас – топай. Осы сөздерді жеке-жеке сөйлем құрату арқылы ажырата білуге үйрету.

Синоним сөздердің де орыс тілінен аударғанда тура аудармасының мағынасы кейде сәйкес келмейтіндігін түсіндіріп өту керек. Мысалы: Чистить картошку – картопты аршу,
ал тура аударғандағы мағынасы – картопты тазалау. Осы секілді қарапайым мысалдар келтіріп отырып сабақ сайын түсіндірілсе бала аударма жасауға да тез дағдыланады

4. Сурет әдісі – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту , сөздік қорын молайту, ойларын ашып айта білу үшін тиімді әдіс. Бұл әдісті қазақ тілді сыныптарда да пайдалануға болады. Сурет әдісінің ең тиімді жағы, бала суретті көріп қана қоймай, ондағы нәрселермен танысады, жадында сақтай да алады. Тақырыпқа сай суреттерді бере отырып жаңа тақырып мазмұнын ашуға да болады. Мысалы, 7-сыныпта «Жыл мезгілдері» тақырыбын өтерде 4 мезгілдің суретін беріп, оқушылардың сурет туралы ойларын ортаға салғызып барып, тақырып ашылды.

Cонымен қатар, 8 – сыныпта «Тарихи ғажайыптар» тақырыбында өткізген ашық сабағымда осы суретке байланысты «Суретті диктант» әдісін пайдаландым. Мәтінде берілген Алтын адамның суретін және жанына сөздер мен сөз тіркестерін беріп, оқушылардан 10 минуттық диктант алынды.

Осы диктант мазмұны арқылы оқушылардың жаңа лексикалық тақырыпты қалай меңгергендіктері көрінді, олар Алтын адамның Есік қорғанынан табылғандығын, оның сол кездегі салт-дәстүр бойынша жерленгендігін, жанына табылған заттардың барлығының сол кездегі өз дәстүрлері екендігін ашып айтып, тек сөйлем құрап қана қоймай тарих пәнін алған білімдерін де ортаға салды. Осы әдіс арқылы оқушылардың жақсы нәтижеге жеткендігін көрдім, оқушылардың қызығушылығы да арта түсті. Суретті әдістің қазақ тіліне тән дыбыстарды өткен кезде тиімділігі зор. Ішінде осы дыбыстар кездесетін суреттерді бере отырып салыстырып түсіндіру. Мысалы, кен мен кең сөзінің айырмасын түсіндіру.

Алматы қаласы, 1969-1970 жыл,
Есік қорғаны, әшекейлер,
алтын бұйымдар, қару-жарақ,
жерленген, археолог, 17-18 жасар,
дәстүр бойынша, 2500 жыл бұрын
2000 жылы, Атырау, З. Самашев,
сырт киімі, б.з.д. ІІІ-IV ғасыр
аралығында, дүниежүзілік мәдениет

5. Тест әдісі – оқушылардың лексика-грамматикалық білімдерін бекіту, тексеру, бағалау мақсатында қолданылатын ең қажетті әдіс. Тесттің түрі көп. Оқушыларға берілетін тест түрлері жүйелі, жеңіл, түсінікті болу шарт. Сондықтан да мен, өз сабағымда мына тест түрлерін кеңінен пайдаланамын.

а) Қосымшалы тест – қазақ тілінен жалғауларды өткенде беруге тиімді. Мысалы:
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып жаз:
1) балық
а) нан
2) оқушы
ә) дың
3) қыз
б) ді
4) дәптер
в) мен
5) қалам
г) қа
ә) Толықтыруды қажет ететін тест – сөйлем аяқталмай көп нүкте беріледі, соның орнына екінші бағанадан керекті сөздер мен сөз тіркестерін орналастыру керек. Мысалы:
1) Балалар балабақшаға ..... а) жатыр
2) Сыныпқа ... келді. ә) тап-таза
3) Сабақ басталғалы ...б) келді
4) Сынып іші ...в) гүл
5) Есік алдына ... отырғызды. г) жатыр

б) Еске салушы тесттер - өтілген тақырып бойынша таныс сөздер беріп, еске түсіру арқылы жауабын табу. Мысалы:
Бірде есім тұлғасында, бірде етістік тұлғасында жүретін етістіктің түрі ...
а) көсемше ә) есімше б) етіс
в) Таңдамалы тест – бірнеше жауаптың ішінен дұрысын таңдау. Мысалы:
Қыс айын ата? Жазда не піседі?
а) ақпан а) күн
ә) сәуір ә) нан
б) тамыз б) жемістер

Мен күнделікті сабақтарымда осы тест түрлерін көп қолданамын. Нәтижесі де өте жоғары. Күнделікті алынатын тесттен гөрі, осы тест түрлері арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігі арта түсті.

Өз сабақтарымда осы көрсетілген әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланып жүрмін, берген нәтижесі де айтарлықтай. Осы әдіс-тәсілдердің көмегімен өзім сабақ беретін 10-А сынып оқушысы Ачкасова Анастасия өзге ұлт бола тұра, осы пәнді сүйіп оқып , пәндік олимпиада және басқа да жарыстарған қатысып жүр. Нәтижесіз емес, облыстық, аудандық пән олимпиада, байқауларға қатысып жүлделі орындар алып, алғыс хаттармен марапатталып жүр.

Қай пәннің мұғалімі болмасын, өзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру басты міндеті болып саналады. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы жағынан мазмұнды етіп беру, әр түрлі әдіс тәсілдермен түрлендіру әр мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. Сондықтан да ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар шыңының биік болу мүмкіндігі мол. Нәтижеге жету үшін ылғи да ізденіп, талаптану қажет.

Елбасының жолдауында айтылған «Келешекте мұғалім мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болу керек. Әрине мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, мен де өз білімімді әрі қарай жетілдіріп , оқушылардың білімі мен білігі сай нәтижеге бағытталған құзіретті тұлға дайындауға атсалысамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұгымдары. Алматы-2007.
2. ҚР «Білім туралы» заңында
3. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте.
4. Қазақстан мұғалімі.
5. «Нәтижеге бағытталған білім беруде жеке тұлға қалыптастырудағы мұғалім ролі» тақырыбындағы педагогикалық оқу материалдары. Өскемен, 2006.
6. Назарбаев Н.Ә. « Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». (Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы). Астана, 2006 жылғы 1 наурыз
7. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » (Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы). Астана, 2007 жылғы 28 ақпан. 2000 ж.
20 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Білім беру саласындағы кірігу ұстанымдарына сәйкес пәндік дамыту ортасын құру
Білім беру саласындағы кірігу ұстанымдарына сәйкес пәндік дамыту ортасын құру
№ 249 мектеп – лицей жанындағы «Айналайын» шағын орталығы Балапан” тобының тәрбиешісі: Кужбанова Айдана Қуанышқызы "Үздік баяндама" номинациясы бойынша
Жалпы орта білім беретін мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Жалпы орта білім беретін мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×