Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қар жамылған ағаштар

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Шығармашылық. Қатынас
Бөлімі: Сурет. Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар
Мақсаты: Б. м: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Д. м: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен
жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Т. м: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң, сурет салу орталығы

Іс - әрекет кезеңі
Мотивациялық оятушылық
Шаттық шеңбер: Қайырлы таң Алтын күн!
Қайырлы таң Көк аспан!
Қайырлы таң – апайлар!
Қайырлы таң достарым!
Балалар шеңберге тұрып, бір – бірімен амандасады
Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Ұ. о. іс - әрекетін мына бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы - осы өлеңде не туралы айтылған?
- Қыс мезгілі туралы
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
- Қыста күн қандай болады?
- Суық, аяз, боран.
- Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты

Суретпен жұмыс: Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.
- Осы суретке қарап әңгіме құраңдар.
- Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
- Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек.
Әнуарбек Дүйсенбиев аталарыңның «Қыс» өлеңін айтып орманға барайық.
Аппақ, аппақ жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды қысқы орман
(Балалар қыс өлеңін айтып барады)
Рефлекивтік түзетушілік
- Орманда нелер болады?
- Ағаштар, құстар, аңдар болады
- Мынау қандай ағаш?
- Шырша
- Орман ауасы қандай таза, қане, терең тыныс алайық.
- Балалар терең тыныс алады
- Қар қалай жауады? (қимылмен көрсетеді)
- Жапалақтап, борандатып жауады
- Қар қандай болады?
- Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады
- Қар неге ұқсайды екен? (ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді)
- Жұлдызшаға, әдемі өрнекке, шырша ойыншығына ұқсайды
- Дұрыс балалар қар, әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайды екен.
(Орманнан қайтып, орындарына келіп
бағанадан бері көргендерін, байқағандарын енді қағаз бетіне түсіреді)
«Қар жамылған ағаш» бейнесін саламыз.
Жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі:
- Қылқаламды алып, қоңыр түсті гуашпен ағашты саламыз. Ағаштың жуан діңін, төменнен жоғары қарай салып, қар жамылған бейнені ақ гуашпен саламыз. Қар жауып тұрған сәтті шашырату әдісімен салып көрсету.
- Енді балалар, сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық.
- Енді, отырып жұмысымызды бастай беруге болады.
Қорытындылау: Бір баланы шығарып, кімнің салған суреті өзіне ұнайды, соны алып шығып, не себепті ұнайтынын айтады.
Күні бойы еңбекпен
Өрмекші өрмек тоқыды
Нөсер кенет селдеткен
Еңбегін оның жоқ қылды
Күн шықты қайта жарқырап. Өрмекші өрмек тоқуға. Кірісті дереу тезірек.
- Баланың жауабы

- Балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер жасап «Көлеңке» деген ойын ойнаймыз. Бір аңды айтамын, сендер сол аңның жүрісін саласыңдар?
Көлбең - көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді, жүрісін салайық. Мен қоян деймін, сендер қоянның жүрісін саласыңдар.
Балалар аңдар жүрісін салады

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді
Нені игереді: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін
Нені біледі: Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді
33 417
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Шырша бейнесі
Шырша бейнесі
Балалардың мүсіндеуге деген іскерлігін арттыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Жемістер
Жемістер
Жемістер суретін сала отырып, түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Ойлауға, елестетуге, қиялдауға дағдыландыру. Әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қысқы ағаштар
Қысқы ағаштар
Ағаштың бейнесін қағаз бетіне дұрыс бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру, табиғатты сүйе білуге, оны аялап, қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Қыс мезгіліндегі ағаштар, табиғат суреттері, ағаштардың суреттері.
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×