Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы ағаштар

05 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Алматы облысы, Райымбек ауданы
"Балбөбек" бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі
Салықбаева Советхан Есімқызы

І – Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Сурет
Тақырыбы: Қысқы ағаштар
Мақсаты: Балаларға саусақ ұшымен, бастырмамен, қылқаламмен, бүктеу тәсілімен, сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, бояумен жұмыс істеуге жаттықтыру.
Ағаштың бейнесін қағаз бетіне дұрыс бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру, табиғатты сүйе білуге, оны аялап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қыс мезгіліндегі ағаштар, табиғат суреттері, ағаштардың суреттері.
Әдіс – тәсілдер: үлгі суреттерді талдау, ағаш құрлысының ерекшеліктеріне мән беру, (бұтақтарының орналасуына, ағашты қалай салуға болады, көрсете отырып түсіндіру) қылқаламмен сызба жолдарын көрсету.
Керекті материалдар: ақ қағаз, бояу, қылқалам, сүрткіш, тұғыр, су құятын ыдыс, су.
Сөздік жұмыс: ағаштың діңі, ұшар басы, қар жамылған, көлбеу.
Сабақ барысы: жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты таныстыру.

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Кейде, ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Балалар, бұл қай кезде болады?
- Қыста
- Қыс айларын атап айтайық
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күн суытып, аяз қысып, боран соғып, қар жауады. Жердің бетін, айналаның бәрі аппақ қар басады екен. Ағаштар да аппақ қар жамылады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Құстар неге жылы жаққа ұшады?
- Қорегі жоқ, азық тауып жей алмай қалатын болады. Қыстап қалатын құстарға қамқор болуымыз керек.
Балалар, біз бүгін сурет сабағынан қысқы ағаш түрлерін саламыз. Олардың суреттерін салуды үйренеміз.
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Шырша, аққайың, тал, терек және жеміс ағаштары.
Мына терезенің алдындағы ағаштарға қараңдаршы. Бұл қандай ағаш?
- Аққайың
Дұрыс айтасыңдар балалар ағаштың діңі, бұтағы болады.
Ағаштың бұтақтары әртүрлі орналасады екен. Мына шыршаның бұтағы діңіне көлбеу орналасқан. Ал тал теректердің бұтағы жоғары қарай орналасады екен. Ағаш діңі төменгі жағы жуан, жоғарғы жағы жіңішкеріп кетеді екен. Түсі қоңыр болады.
Шырша қыста да, жазда да жасыл түсті, қылқан жапырақты болады.

Балалар, 3 топқа бөлініп отырамыз.
І топ – саусақ ұшымен салады. ( қарағаш) ағаш
ІІ топ – бастырмамен суретті салады. ( шырша)
ІІІ топ – қылқаламмен бүктеу тәсілі арқылы суретті салғызу. Балаларға көмектесу.
Ақ қағаздың дәл ортасына сала білулерін қадағалау, көмектесу.
Суретін салып болған балаларға қыс туралы тақпақ айтқызу.
1 бала. Ақпан, ақпан қыс әлі,
Ақ түтек аяз қысады.
Арылмай жатыр даладан,
Ақсақал қыстың құшағы.

2 бала. Ақпан, ақпан қыс әлі,
Келеді қашан құс әні.
Қарлығаш, тырна, бозторғай,
Қалықтап қашан ұшады.

Жұмбақ жасыру. Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ матадай?
Қанеки, кім табады?
(Қар)
Балалар жұмбақ,
айтады: 1. Қанттай аппақ,
Мамықтай жұмсақ.
(Қар)
2. Суға батпайды,
Отқа жанбайды.
(Мұз)

3. Тікен – тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте.
(Шырша)
Мақал – мәтел: Бір тал кессең – он тал ек.

Сергіту жаттығуы: Қонақтады бақтарға,
Ақ көбелек ақ қанат.
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр шаттанып.

Ал балалар дайын болған суреттерден іліп қысқы орман көрінісін бейнелейміз.
Қане, ормандағы ең әдемі ағаш кімдікі екен, қайсысы екен, таңдап көрейік – деп еңбек нәтижесіне талдау жасап, мадақтау.
Балалар ауылымызды түрлендіру үшін ағаш өсірейік. Биыл тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына байланысты көктемде 20 - түп ағаш егейік. Ағаш бізге пайдалы, ауаны тазартады. Желден, бораннан, күннен қорғайды, жаңбырда сая болады.
- Ағашты сындыруға, жапырағын жұлуға болмайды.
Біз бүгін сурет сабағында ненің суретін салдық?
Қысқы ағаштардың суретін салдық.

Ән: «Зырлайды шанамыз!»
20 429
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алма бағы
Алма бағы
Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту, күздің ерекшеліктерін, белгілерін атай отырып, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін, бір - біріне қатынасын дұрыс бере білуді
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Өнерлі екен он саусақ
Өнерлі екен он саусақ
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектеп - балабақшасы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Айжарикова Гульбану Талаповна
Күзгі бұтақ
Күзгі бұтақ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 бастауыш мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Мамбетжанова Роза Жаңабайқызы
Қар жамылған ағаштар
Қар жамылған ағаштар
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Қысқы ағаш
Қысқы ағаш
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×