Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлме өсімдіктері

04 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы:«Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - қызметі: Экология, Сурет салу.
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері
Мақсаты: Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру. Қазтамақ пен фикус гүлі туралы айтып, оларды бір - бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға картоппен бастырмалау әдісі арқылы сурет салуға жаттықтыру, қиялын дамыту. Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу, гүлдердің сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, топтау, ойын жаттығулары, триз әдісі.
Көрнекілігі: бөлме өсімдіктері суреттері(слайд), дидактикалық материалдар, бөлме өсімдіктерін күтуге қажетті заттар (су құйғыш, сүрткіш, ыдыс, топырақ, тастар, алжапқыш), субояқтар, дөңгелене кесілген картоп.
Сабақтың типі: Кіріктірілген
Сөздік жұмыс: қазтамақ
Билингвальды компонент: өсімдіктер - растения, гүл - цветок, жапырақтар - листья, сабақ - стебель.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Әлемдегі барлық адамдарға тек жақсылық сыйлаймыз.

Ұйымдастырушылық, ізденушілік
Жұмбақ жасыру.
Адамдардың бәрі қызығады
Су құймасаң сәні бұзылады
Ол не?
Дұрыс балалар, гүл екен.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап айтыңдаршы.
Жарайсыңдар, балалар өте дұрыс айттыңыздар.
Өсімдіктер өзі дала және бөлме гүлдері болып бөлінеді. Гүлдер тірі табиғатқа жатады, олар тамыры арқылы қоректенеді, өседі, өнеді, көбейеді. Өсімдіктер өмір сәні, табиғат көркі. Дала өсімдіктерінің ерекшеліктері далада топырақты жарып шығады, жаңбырмен суарылады, күн көзінен нәр алады. Айналаны көркейтіп, табиғатқа сән береді, қош иісімен көңіл күйімізді көтереді, қуаныш сыйлайды.
Енді, біз бөлме гүлдерімен танысамыз. Бөлме гүлдеріне фикус, қазтамақ, қоян құлақ, алоэ т. б гүлдер жатады. Олар бөлмені тек әдемі етіп қоймайды, бөлменің ауасын тазартады, адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайды. Барлық өсімдіктер күнді, суды, жарықты жақсы көреді., сондықтан гүлдерді жарық түсетін жерлерге қоямыз. Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты; тамыры, сабағы, жапырағы, гүлдері болады.
Практикалық әрекет: Ал енді балалар біз бөлмеде тамырланған Қазтамақ гүлін ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасайсыңдар. Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін ыдысқа топырақ саламыз. Жай даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл отырғызуға арналған топырақ. Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз. Балалар гүл отырғыздық, енді осылай қоямыз ба?
Дұрыс, енді су құямыз, шаңын сүртеміз, топырағын қопсытып тұрамыз. Жылына бір рет топырағы мен ыдысын ауыстырып тұру керек.
Гүл туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Ойын: «Гүлдері құрылысы бойынша орналастыр»
Шарты: гүлдерді ретімен орналастыра білу.(тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі)
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз
Жапырақтай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді тік ұстап,
Билеп - билеп аламыз.
Дәптермен жұмыс: Енді, балалар осы гүлімізді дөңгелек картоп кесінділерін пайдалана отырып, бастырмалау әдісімен дәптерімізге саламыз.
Суретпен жұмыс: Әңгімелеу.( балалардың гүлдерді күтіп, баптаудағы іс әрекеттері, еңбектері)
Ойын: «Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?»
Шарты: гүл жайқалып өсу үшін қажет заттарды топтайды.
Сөздік жұмыс: қазтамақ
Билингвальды компонент: өсімдіктер - растения, гүл - цветок, жапырақтар - листья, сабақ - стебель.

Рефлекстік-түзетушілік
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - қызметін қорытындылау.
Біз қандай бөлме өсімдігімен таныстық?
Нені бейнеледік, немен салдық?
Гүлдер қалай қоректенеді екен?
Тамыр не үшін қажет?
Бөлме өсімдіктерінің пайдасы қандай?
Бүгінгі отырғызған гүліміздің аты қандай?
Осы көктемнің гүліндей жайқалып өсе беріңіздер деп, сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлай отырып, қыздарымыздың «Көбелек» биімен оқу іс - қызметімізді аяқтаймыз. Балаларды мадақтау.

Білуі керек: Бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін білуі.
Түсінеді: Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы мәліметтерді, яғни олардың өсіп - жетілуі үшін топырақ, су, жарық, жылу қажет екенін.
Қолданады: Бөлме өсімдіктерін күте білу дағдыларын іс жүзінде, сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу.

Атырау облысы, Курмангазы ауданы, Алға селосы
«Ақмарал» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Зинешова Айгул Шапагатовна

Толық нұсқасын жүктеу
12 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Сурет салу арқылы баланың бейнелі ойлауын, кеңістікті бағдарлауын дамыту. Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету.
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Біздің үйіміз пәтеріміз
Біздің үйіміз пәтеріміз
Балаларды өз пәтерлеріндегі бөлмелерді дұрыс атай білуге, мекен – жайын айта білуге уйрету. Сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіріп дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Бөлме гүлдері «Кактус»
Бөлме гүлдері «Кактус»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру салалары: Қатынас Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×