Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшаға арналған сабақ топтамасы. Ою - өрнек әлемі

07 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Ою-өрнек түрлерімен танысу
2. Сырмақ
3. Тышқанізбен көмкерілген қоржын

Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрлері: Бағдарлама «Ою - өрнек әлемі»
Тақырыбы: Тышқанізбен көмкерілген қоржын
Мақсаты: Балалардытышқаніз оюын үлгі бойынша оюға дағдыландыру, оюды пайдалана отырып, қоржынды әшекейлеуге үйрету, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Методикалық әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ой тастау, ойын ойнату, мақал айту.
Көрнекі құралдары: Қоржынның сурет үлгісі, үлестірмелі қоржындар суреті, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, тышқан із оюының бастырмасы, кішкене ойыншық түрлері.

Мотивациялық қозғаушы:
Балалар, бәріміз бір - бірімізбен амандасып, жақсы тілектер айтайық.
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілейміз біз бейбіт күн
Ашық болсын кең аспан.
Рахмет, балалар тілектеріңе, бәріміз аман болайық.

Іздену ұйымдастырушы:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір, күз мезгілі.
- Күздің неше айы бар екен?
- Күздің үш айы бар.
- Қазір қай айы?
- Қараша айы.

- Күз мезгілін сипаттап бере аласыңдар ма?
- Күн салқындап, күн бұлттанады, жаңбыр жиі жауады, жел соғады, жапырақтар сарғайып, жерге ұшып түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Өте жақсы, балалар.
Ал, мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Атқа мінген баланы.
Дұрыс - ақ.. Тағы нені байқадыңдар?
- Баланың алдында дорба бар.
Балалар, ол дорба емес, қоржын деп аталады.
- Қоржынның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
- Тамақ немесе киім.
Дұрыс, алыс жолға шыққанда қоржынға киім - кешек, ас - ауқат салу ыңғайлы.
Бүгін біздер қоржынды тышқан із оюымен әшекейлеп үйренеміз.(Тәрбиеші жасалу жолдарын көрсетеді).
Тышқан із оюы қандай геометриялық пішінге ұқсайды екен?
- Тізбектелген үшбұрышқа.
«Көз қорқақ қол батыр» дегендей, енді өздерің жасап көріңдер. Бәріңнің де қолдарыңнан келеді. Балалар, берілген бастырма бойынша тышқан із оюын бастырып, қайшымен қиып алып қоржынға жапсырады.
Шаршасаңдар сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Үй шатырын құрайық
Ұқсай ма екен оюға
Досымыздан сұрайық.

Ойын: «Сиқырлы қоржын»
Қоржынның ішіне үй құстарының, төрт түліктің кішкентай ойыншықтары салынған.
Балалар, ойын шарты бойынша біреуін алып, соған сипаттама беруі керек.
Жылқы - үй жануарына жатады, оның сүті, еті пайдалы. Жылқы кісінейді.
Тауық - үй құсы, оның жұмыртқасын, етін пайдаланамыз.

Рефлексивті коррекциялаушы:
Балалар, қоржындарымызды көрме сөресіне орналастырайық.
Балалар өз еңбектерін орналастырады, және ішінен ең әдемісін таңдайды
- Қоржынды көркемдеу қиын болған жоқ па?
- Жоқ, қиын емес.
- Қандай оюмен көмкердіңдер?
- Тышқан із оюымен.
Өте жақсы балалар.
- Қандай мақалды еске түсірдіңдер?
«Көз қорқақ қол батыр»
- Мағынасын түсіндіңдер ме?
- Иә, көзіңмен көріп қорықсаң да, қолыңмен істеп көрсете аласың.
- Дұрыс айтасыңдар.
Осымен сабағымыз аяқталды, сіздерге көп - көп рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 276
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Әжемнің табағын безендіру»
«Әжемнің табағын безендіру»
ҰОҚ - ның мақсаты: Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып табақты безндіруге үйрету. «Үш бұрыш», «шеңбер», «сопақша» – өрнектерімен орналасуы, халық ұлттық шеберлердің түстері қолдануға үйрету. Балалардың қызығушылығын арттыру.
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Камзолды оюмен өрнектейміз
Камзолды оюмен өрнектейміз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Кемалова Күнжамила
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×