Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Әжемнің табағын безендіру»

25 наурыз 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
ҰОҚ - ның білім саласы: «Шығармашылық» «Таным»
ҰОҚ - ның тақырыбы: «Әжемнің табағын безендіру»
ҰОҚ - ның мақсаты: Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып табақты безндіруге үйрету.«үш бұрыш», «шеңбер», «сопақша» – өрнектерімен орналасуы, халық ұлттық шеберлердің түстері қолдануға үйрету. Балалардың қызығушылығын арттыру. Байқампаздығын, ойлау қабілеттерің, тілдерің дамыту. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдары: табақтың суретті, пішіндердің түрлері, желім, қайшы, табақтың үлгісі.
Қостілділік компонент:
табақ – блюдо,
әшекейлеу, безендіру - украшать,
өрнек - орнамент,
пішіндер – фигурки,
Іс – әрекет кезендері:
І. Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
- Балалар, бүгінгі сабақты бір - бірімізге жақсы тіліктер айтудан бастайық.
Балалар шеңберге тұрып, оң жақтағы көршісіне жағымды жақсы сөздер айтады.

ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог кіріспе әңгіме өткізіп, балалардан қандай ыдыс - аяқ түрлерін білетіндерін сұрайды.
- Кесе, тәрелке, шәйнек.
Балаларға табақты қарастырылады.
- Балалар, мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Табақ.(балалардың жауабы)
Табақ дегеніміз тәрелкенің үлкен түрі айтады. Бұл қазақтың ұлттық шеберлерінің бір түрі ыдыс - аяқ.
- Табаққа қандай тағамды саламыз?
Балалардың жауаптары.
Расында да, бұл табаққа ұлттық тамақ – етті салады. Сондықтан табақ әр үйде болу керек.
- Табақ қандай пішіндерге ұқсайды?
- Дөңгелек.
- Табақты қалай әшекейлеуге болады?
- Гүлдермен, домалақтармен, сызықтармен.
- Балалар, біз бүгін табақты өрнекпен әдемі әшекейлейміз. Соңына табақты сендер аналарыңа сыйлайсыңдар.
Ертеде ыдыстарды, тұрмыс бұйымдары түрлі ою - өрнектермен безендірілген. Ою - өрнек – сан алуан ұлт адамдарының тұрмысынан өз көрінісін тапқан өте ежелгі өнер. Ою - өрнек ерте замандардан бері тұмар болып саналған. Ыдыс - аяқты, киімдерді жиһаздарды ою - өрнекпен әшекейлеген. Біздің ата - әжелеріміз ою - өрнек символдарының құпия мағынасын оқи білген. Көбінесе өрнектер ақ пен қара болған. Бұдан кейінгі кездері қазақтың ою - өрнегіне әр түрлі ашық түстер қосыла бастады.
Қарындашпен, бояумен пайдалана отырып, әсем табақтарды әдемі өрнектермен әшекейле. Олардың қалай безендірілгеніне назар аударады.

Ойын Д\О: «Кеңістікті бағдарлау»
Мақсаты: Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғының бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.
Тәрбиеші тексереді.
Сергігу сәті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Жұмысты орындаудың реті
• Пішіндердің элементін, оның түсін таңдау.
• Табақ үлгісін қайшымен қиып алу.
• Табаққа пішіндерді балалармен бірге желімдеп орналастыру.
Балалар табақты безендіруге (әшекейлеуге) кіріседі. «Шеңбер», «Үшбұрыш», «Төрт бұрыш», «Сопақша» өрнектерді табаққа орналастырады.

ІІІ. Рефлексивті – түзетушілік
Балалар шығармалары көрмесі және талдау.
Сабақтың соңыңда төрт - бес үздік жұмыс балалардың көмегімен таңдап алынуы және мына сұрақтар бойынша талдау өткізілуі тиіс:
- Пішіндерді қалай орнымен қолданылған ба?
- Жұмыс ұқыпты орындалған ба?
Балалардың жауаптарын қорытындылап, барлық жұмыстарды мадақтайды.
Балалар салған суреттерін, алған әсерлерін көрсетіп айтады.
Бүгінгі жұмысқа деген қызығушылықтарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: табақ, пішін - туралы түсінік алады және маңызын біледі.
Игереді: табақ үлгісі үстіне өрнек салу игереді;
Меңгереді: табақты ою - өрнекпен әшекейлеуге меңгереді.
1 647
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Пішіндер
Пішіндер
- Балалар білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер? - Пішіндерді кезек - кезек тақтаға іліп, оларды дұрыс атау: - Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (дөңгелекті көрсетіп). - Дөңгелекке доп, тәрелке
Табақты өрнекпен безендіру
Табақты өрнекпен безендіру
ШҚО, Семей қаласы «№10 «Бал бұлақ» бала - бақшасы» КМҚК бейнелеу өнері мұғалімі Каримжанова Т. К.
Шыршаны безендіру
Шыршаны безендіру
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×