Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе "Мен мектепке дейінгі ұйым әдіскерімін"

30 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мен мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу.
Мен өз қызмет жолымды №33 орта мектепте тәлімгер қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екен сезіндім.

Ал қазір мен «Мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін». Әдіскер болу - жәй ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын ағамыз М. Жұмабаев айтқандай «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» - деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.

Педагог маманымен дәрігерді салыстырып көрелік. Дәрігер баланы тексеріп алмай, диагноз қойып қателесуіне құқысы бар ма? Жоқ құқысы жоқ. Сол сияқты педагог маман да баланы алдын ала зерттеп алмай оған тәрбиелеу мен дамыту әдістерін қолдана алмайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Балабақша педагогтары Республикалық «Өрлеу», «Нұр болашақ» ғылыми зерттеу орталықтарының ұйымдастырған жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне ендіріп те үлгерді.

Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата - аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған.

Біздің балабақшада төмендегідей формада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізіледі
1. Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.
2. Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата - аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу.
3. Ғаламтодан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар кеңестер өткізіп отыру.
4. Шығармашылық топ құру. Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне қатысты заманауи технологияларды ендіру жолдарын қарастыру. Бұл топқа білікті педагог кадрлар кіреді.
Білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп берілген. Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан жақты ізденіп ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірбиесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін.

Ақын М. Жұмабаев өз еңбегінің бағыт бағдарын былайша аңғартады; «Алдыма бір кітапты қойып алып, желге бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдардың пікірін тыңдап алуға ұмтылдым» деп, ақын осылайша айтса, мен өзімнің әріптестеріме жаңа инновациялық тұрғыда әдістемелік көмек бере отырып, алдымен оларға рухани қуат, мейрімділік, шыдамдылық, кешіре білу, қызметтестеріммен тең жағдайда сырласу, әр кадрдың мүмкіндіктеріне сену, ойларын тыңдау қасиеттерім арқылы мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, мәртебемді көтере алатындығыма сенемін.
Менің әдістемелік қызметімнің нәтижелігі өз педагогтарымның өзін - өзі тануға ықпал жасау. Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен бақыт.
Өз ісінің шебері атану үшін не керек? Әрине білім, міндетті түрде - мейрімділік, жылы жүрек, баламен мамандығына деген сүйіспеншілік.
Менің өмірдегі ұстанымым
• көмек сұрағандарға көмек беру.
• өз сезімімді жасырмай, оны бақылай алу
• өзгелердің пікірін сыйлай білу
• тыңдай білу, тыңдата алу
• жаңалыққа жақын жаңашыл әдіскер болу
Өз сөзімді қорытындылай келе, жаңашыл әдіскер қандай болу керек? - деген сұраққа жауап бергім келеді
Жаңашыл әдіскер
• әдіскер - технолог
• әдіскер – педагог
• әдіскер – зерттеуші
• әдіскер – эксперт
• әдіскер – аналитик
• әдіскер басқарушы
Ең бастысы баламен өз мамандығын сүйетін жан болуы керек.
Эпилог орнына
Егер менің сиқырлы таяқшам болса, сол таяқшаммен жер бетін мейрімді жандарға толтырып, науқас жандарды ауруынан айықтырып, қызметтестерімнің жалақысын көбейтер едім. Сол кезде адамдар бақытқа бөленер еді.
Бірақ бақытты болу үшін сиқырлы таяқшаның болуы міндетті емес.
Ол үшін өзіңді сүйе біл, жақындарыңды сыйлап, қадірлей біл, әрбір өткізген шуақты күнді бағалай біл.
Ең бастысы өмірдің тамаша екендігіне сен!
32 913
0
  • 80
5 дауыс


Жаңалықтар
Менің педагогикалық ұстаныным
Менің педагогикалық ұстаныным
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №30 "Гүлдер" бөбекжайы тәрбиешісі Дербисова Жадыра Саниязовна
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының
Әдіскер - балабақша жүрегі
Әдіскер - балабақша жүрегі
Қызылорда қаласы, «Назым»балабақшасының әдіскері Гүлмира Егембердиева
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Келісім шарт
Келісім шарт
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 "Ақбота"МДҰ әдіскері Есжанова Света Ташкенбаевна
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×