Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Денсаулық күніне арналған «Көңілді эстафеталар» ойын - сауық кеші
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне достық қарым - қатынастарын дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі - түсті жалаушалар, ұранды сөздер жазылған плакаттар, денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін көрсететін сандар.
Музыка ойналып, қыздар ортаға әртүрлі қимылдар жасап, билеп шығады.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін №7 «Балдырған» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында психолог пен дене тәрбиесі жетекшісінің ұйымдастыруымен екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс - шарасын өткізгелі отырмыз.
Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Марш ойналып, балалар төрт қатарға бөлініп залға кіреді.
А) Доппен би орындалады;
Б) Лентамен ырғақты қимылды би.
Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырады.
1. «Намыс» тобы оң иықпен оңға бұрыл
2. «Жігер» тобы сол иықпен солға бұрыл
Әнұран ойналып, еліміздің туы көтеріледі.

Екі команданың сәлемдесуі
1. Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден де озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз
«Намыс» тобынан «Жігер» тобына жалынды сәлем!

2. Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар
«Жігер» тобынан «Намыс» тобына жалынды сәлем!

Эстафеталық жарыс түрлері:
1. Жалаушаны алып, межені айнала жүгіріп келу
2. Тарелкаға салынған допты құлатып алмай, межені айналып жүгіріп келу
3. Төрт аяқтап жүгіру (екі аяқ, екі қолмен)
4. Балық аулап, себетке тасу
5. Артпен жүгіріп, қайтарда қайтарда жүрелеп жүгіру
6. Түрлі - түсті доптардың ішінен екі команда көк және сары түс доптарды теріп алып келу.
7. Топты екі тізенің арасына қысып жүгіру
8. Арқан тартыс
9. Ойын «Тақия тастау»

Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін ән айтылып, би биленеді.
Ән: «Бала тілегі». Орындайтын Әсет
Би: «Мен қазақпын»
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарға мадақтау және сыйлықтар тапсырады.
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!
46 937
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Секіреміз, жүгіреміз
Секіреміз, жүгіреміз
Балаларды салауатты өмір сүруге және қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларын әдістерін үйрету, балалардың қимыл - қозғалысын және күш қуатын белсенділігін дамыту.
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау, бір-біріне көмектесуге, достық қарым-қатынастарын дамыту
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Жасұлан балабақшасы тәрбиешісі Телманова Әсия
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК дене тәрбиесі маманы Амиров Әділ
Көңілді мәре
Көңілді мәре
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі дене шынықтыру мұғалімі Нұртазин Болат Нұрахметұлы
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×