Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті ағайынды

30 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың мақсаты: Сандарды тура және кері санату, Балаларды логикалық тапсырмалар бойынша есте сақтау қабілетін дамыту, ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, жұмбақтар шештіру арқылы мезгіл, уақыттарын ажырата алуға үйрету. Ауызша есептер шығара білуге жаттықтыру, бір - біріне деген сыйластыққа, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, тапсырмалар, карточкалар, есептер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, логикалық тапсырма, есептер құрастыру, әріптер жазу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен бірге шаттық шеңберіне жиналып, бір - біріне деген жылулықтарын сыйлау.
Сәлем деймін мен күнге,
Сәлем деймін мен саған,
Сәлем деймін апайға,
Еркем, еркем еркем - ай,
Еркелеген еркем - ай
Жақсы көрем өмірді,
Жақсы көрем мен сені.
Сабақты жұмбақпен жасыру: Қандай құстар бұл өзі,
Жетіден ұшып жүреді,
Шұбырып тізбек құрады,
Қайырылмай артқа ұзады (Апта күндері)
- Апта күндері дұрыс.
- Балалар ертеде 7 жеті ағайынды болып, олар бір - бірінен адасып қалыпты.
- Ол үшін бізге олардың әр тапсырмасын орындасақ оларды тауып достастырайық.
1. Дүйсенбінің тапсырмасы.
- Мына суретте түлкінің алдында артында не бар екенін айту.
2. Сейсенбінің тапсырмасы: ішінде не бар? Сыртында не бар?
- 1 - ден - 20 - ға дейін тура және кері санау керек.
3. Сәрсенбінің тапсырмасы: «Жоғалған санды тап»
1... 4 1....... 7
Сергіту сәті: «Доп»
Он, тоғыз,
Сегіз, жеті
Алты, бес
Төрт, үш
Екі, бір
Доп ойнайық
Кел, жүгір
Тек білейік
Анық нақ
Допты қашқан
Кім қумақ.
4. Бейсенбінің тапсырмасы: Санды ретімен қойып, әріпті жаз.
А Т С З К Ө
2 1 3 3 1 2
- Ал, енді мезгіл, уақыт туралы жұмбақ жасыру.
1. Ұйқымыздан оянамыз, беті - қолды жуамыз,
Анамызға ереміз, бақшамызға келеміз. (таңертең)
Балабақшада біз, білімге зейін қоямыз.
2. Тоғызбен он бір арасы, қай мезгілге жатады. (сәске)
3. Серуенге біз шығамыз,
Тамақ ішіп аламыз,
Тәтті ұйқыға батамыз (түс )
4. Ұйқыдан біз тұрамыз
Жеңіл тамақ ішеміз (бесін)
5. Аулада біз ойнап жүргенде ата - анамыз жұмыстан,
Шаршап үйге қайтады, күлімдеп алдынан қарсы аламыз (Кеш)
6. Маңайды қараңғылық басады, үйлерде шам жанады,
Барлық бала амалсыз, үйге кіре бастайды. (ымырт)
7. Атамызбен әжеміз, ертегісін тыңдап біз,
Тәтті ұйқыға батамыз ( түн)
- жарайсыңдар, балалар.
5. Жұманың тапсырмасы: Конверттегі санды біріктір.
6. Сенбінің тапсырмасы:
- Алдарыңда қазақтың ұлттық ою - өрнегі бар. Енді тапсырманы түсіндіремін оюдағы есепті шығарып оюды біріктіріңдер не шығады екен?
7. Жексенбінің тапсырмасы:
Логикалық сұрақтар:
- Екі мысықта неше аяқ бар? 8
- Бес сиырдың мүйізі нешеу? 10
- Алты тышқанда неше құйрық? 6
- Әтеш 10 жұмыртқа тапты?
- 2 адамда неше көз? 4
- Тасбақа неше жыл өмір сүреді? 300 - 100
- Сегіз аяқтың қанының түсі қандай болады? Көк
- Дүкеннен апам төртбұрышты 2 доп әкеліп берді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? Доп дөңгелек болады.
Сол сияқты кәне +, - таңбасы бойынша ауызша есеп шығарам дейді.
Қорытындылау: Міне, бүгін жеті ағайынды тауып, достастырдық. Әр тапсырманы орындадық. Кәне, кім өзін қай баспалдаққа қояды. Кім қалай жауап бердім деп ойлайды.
- Неге сен 10 - шы баспалдаққа қойдың?
Балалардың жауаптары тыңдалады, өз - өздерің бағалайды.
Тәрбиеші:- Балалар, бүгінгі сабақта барлықтарың жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге. Осымен математика сабағы аяқталды. Келген қонақтарға сау болыңыздар.
3 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Қоян - жазда аптап ыстықта қоянды қызып кетуден сақтайтын ұзын құлағы ағзадағы ыстықты белсенді түрде шығарады.
Құстың ұясы
Құстың ұясы
Балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту. Балалардың ойлау қабілетін дамыту арқылы құстың ұясын құрастыра білуге үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру, түстер туралы білімдерін кеңейту, зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
7 санының құрамы
7 санының құрамы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измағанбетова Нұргүл Амантайқызы
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Апта күндері. Атауы
Апта күндері. Атауы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жиенбекова Баян Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×