Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақтар бізде қонақта

26 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі: Света Атауова

Технологиялық карта
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс әрекеті: Сенсорлық тәрбие
Тақырыбы: Қуыршақтар бізде қонақта.
Мақсаты: Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру, түстер туралы білімдерін кеңейту, зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қызыл, сары, көк, жасыл.
Көрнекіліктер: қуыршақтар, кубиктер, қорапша, гүлдер.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Сәлем деймін күнге мен!
Сәлем деймін саған мен!
Сәлем деймін апайға!
Қонақтарға баршаға!
Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Ұйымдастырушылық - іздеушілік
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
Мен сендерге жұмбақ оқып берейін, сендер шешуін тауып беріңдер.
Қыста жердің бетін басады, Жазда сай - салаға қашады. Ол не?
Міне, балалар қараңдаршы бізге қуыршақтар қонаққа келіпті. Олар әдемі көйлектерін киіп келген екен.
Қуыршақтарға ат қойып алайық.
- Қуыршақтарымыздың көйлектерінің түсін қандай?

Балалар бізге Нұргүл есімді қуыршақ та, қонаққа келіпті, көйлегінің түсіне қараңдаршы, бұл әдемі жасыл түс.
Міне, бүгін жасыл түспен танысамыз.
Балалар, сендер білесіңдер ме, шөптің, жапырақтың түстері де жасыл болып келеді. Бірге қайталау.
- Балалар, тыңдаңдаршы есік қағады, кім екен?
- Балалар аюмен амандасайық.
- Аю;«Балалар мен орманнан келдім, сендер түстерді жақсы ажырата білесіңдер, маған түс айырып беруге көмектесесіңдер ме? Жолда келе жатып кубиктер тауып алдым, осы кубиктерді
бірдей түстес қорапшаларға бөліп бересіңдер ме?»
Балалар, аюдың кубиктерін қорапшаларға түстеріне сәйкестіріп салып береміз бе?
Әр түрлі қорапшаларға түстеріне сәйкес кубиктерді салу.,
Қорапшаларға жинақтау.
- Балалар, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
«Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен,
Теріп, теріп аламыз, қалтамызға саламыз».

Ревлексивтік – түзетушілік
- Жақсы орнымызға отырайық.
Аюмен қоштасу.
- Аю; «сау болыңдар балалар түсті ажыратуға көмектескендеріңе рахмет!»
Дидактикалық ойын;
«Қуыршақтарға гүл сыйлау»
Мақсаты; Ұқсас түстерді ажырата білуге үйрету.
Сары, қызыл, көк, жасыл түсті гүлдерді, қонаққа келген қуыршақтардың киіп келген көйлектерімен түстес гүлдерді сыйға тарту.

- Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекеті ұнады ма?
Не үйрендіңдер?

Толық нұсқасын жүктеу
10 625
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Қоян - жазда аптап ыстықта қоянды қызып кетуден сақтайтын ұзын құлағы ағзадағы ыстықты белсенді түрде шығарады.
Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық
Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай әр түрлі болатынын түсіндіру. «Біреу» және «Көп» ұғымын қалыптастыру.
Қақпақтар
Қақпақтар
Екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қуыршақ киімдерінің түстері
Қуыршақ киімдерінің түстері
Балаларға түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Заттарды негізгі қызыл, сары, жасыл, көк төрт түске топтастыра білу дағдыларын ойын арқылы жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Заттарды  салыстыру
Заттарды салыстыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×