Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аңдар қысты қалай өткізеді

13 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Ормандағы аңдардың тіршілігімен олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру. Балалардың аңдарды сипаттауға салыстыра білуге жаттықтыру тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: Орман, орман аңдарының суреттері, үнтаспа.
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар, бүгін күн қандай керемет, ерекше күн. Қане барлығымыз бір - бірімізге жылу, көтеріңкі көңіл сыйлай отырып, келген қонақ апайлармен сәлемдесейік.
Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ
Шұғыласын шашатын
Арайланған таң аппақ.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Қыс мезгілінде күн салқын, аяз болады.
Дұрыс айтасыңдар.
Іздену ұйымдастырушылық:
Тосын сәт: Есік қағылып ішке Маша кіреді.(Қолында себеті бар )
Маша: Сәламетсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Маша: Ой, балалар мен Аю досымды табалар емеспін, орманның бәрін іздедім, таба алмадым. Маған аюды іздеп табуға көмектесесіңдер ме?
Ия, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ой, балалар мынау аю мен Маша ертегісіндегі Маша ғой. Қош келдің, төрге шық. Балалар сендер Машаның досы Аюды білесіңдер ме?
Ия, білеміз.
Тағы да қандай аңдарды білесіңдер?
Қоян, түлкі, қасқыр.
Ал осы жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
Орманда өмір сүреді.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ендеше мен сендерге жұмбақтар жасырайын, сендер шешіп көріңдер.

1. Өзі бір қу
Жүрген жері айқайда шу. (Түлкі)

2. Қорбаң - қорбаң етеді.
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап
Қыста ұйқыға кетеді
Ол не, балалар? Аю.

3. Көлеңкесінен қорқып безектейді
Ал оның баласын «көжек» дейді.
Бұл не балалар? Қоян.
- Дұрыс таптыңдар балалар, бұлардың барлығы да орман аңдары екен.
Слайд:
Қанекей балалар барлығымыз тақтаға қарайықшы: Мен сендерге жабайы аңдардың қысты қалай өткізетіні туралы әңгімелеп берейін. Ал, осы орман аңдары жылдың әр мезгілінде өздерінің ыңғайына қарай әзірлік жасап, қарсы алады екен. Қыста жейтін азықтарын жаз бойы жинап алады. Мысалы: Аю жаз бойы денесіне май жинап, қыс бойы апанда ұйықтап жатады, көктем шыға оянады. Жабайы аралардың балын жейді. Ал, қоян болса қысқа азық жинамайды, ормандағы ағаш бұтақтарын, қабықтарын, қурап қалған шөптерді қорек етеді екен, сонымен бірге қоян нені жақсы көреді?
Қоян сәбізді жақсы көреді.
Ал енді түлкі - жақсы иіс сезгіш аң. Ол қар астындағы тышқандарды аулап қорек етіп, жейді екен. Сөйтіп жабайы аңдар қыс бойы азықтарын өздері тауып қоректенеді. Міне балалар осы орманда мекен ететін қандай аңдар болса да оларға қамқорлық жасауымыз керек екен. Оларды босқа өлтіруге болмайды, олардың да сендер сияқты кішкентай балалары бар.
Балалар, мұқият зер сала тыңдады.
- Қанекей, барлығымыз орнымыздан тұрып, Машамен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Аю құсап қорбаңдап,
Түлкі құсап сылаңдап
Қоян болып секіріп,
Орнымызды табайық.
Жарайсыңдар, балалар!

Дидактикалық ойын: «Анасын тап».
Міне аналары суреттерді қою ал балалары адасып қалыпты, қане аналарын тауып берейікші. Кім табады балалар?
Балалардың жауабы.
Дұрыс таптыңдар, балалар! Қане, осы аңдардың балаларының аттарын қайталап айтайықшы?
Аюдың баласы - қонжық.
Түлкінің баласы - мырша.
Қоянның баласы - көжек.
Жарайсыңдар, балалар!
Маша: - Рахмет, балалар мынау сендерге сыйлық. Мен енді үйіме қайтайын, сау болыңдар, балалар.
- Сау болыңыз, Маша.

Рефлексивті түзетушілік
Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар».
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа баулу.
Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнай білді.
Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне барлықтарыңда жақсы қатыстыңдар. Келген апайларға қош сау болыңыз айтайық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Орман аңдары: Қоян, Түлкі, Аю екендігін білді.
Түсінеді: Орман аңдарының қысқы тіршілігін туралы түсінді..
Қолдана біледі: Сұрақ - жауап, ойын барысында.
9 004
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Аппақ қар
Аппақ қар
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Армысың, қар ұшқыны!
Армысың, қар ұшқыны!
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы ақыл - ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қыс кереметі
Қыс кереметі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №11 «»Балапан балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Қар жамылған ағаштар
Қар жамылған ағаштар
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×