Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жомарт күз» атты эстафеталық жанұялық сайыс

18 шілде 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балалардың күз туралы ұғымын кеңейту, спортқа қызығушылығын арттыру, ата - аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: күзгі өнімдер, қолшатыр, жапырақтар, кішкене қапшықтар, ойыншық машиналар және де басқа да, эстафеталық жарысқа қажетті құралдар.
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Дене тәрбиесі жетекшісі: Қош келдіңіздер, құрметті спорт сүйер қауым. Міне кеше ғана өзінің берекесі мен молшылығын ала келген алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған эстафеталық сайысқа топ тәрбиешілері ата - аналарымен және балаларымен бірге қатысады.
Ендеше сайысқа қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.
«Алтын кілт» тобынан Ермауытовтар отбасы, папасы Ермауытов Айдын, мамасы Өмірзақова Жанар, балалары Ислам және тәрбиеші Тілеуниязова Жансая.
«Күншуақ» тобынан Жұмағұловтар отбасы папасы Жұмағұлов Еркін, мамасы Түктібаева Қарлығаш, балалары Ақжан және тәрбиеші Изенова Зухра.
«Балдәурен» тобынан Баймахановтар отбасы папасы Баймаханов Ержан, мамасы Дүйсенғалиева Әсия, балалары Ерболат және тәрбиеші Серікбаева Клара.
Әділқазылар алқасы сайланады.

Сайыс 7 турдан тұрады.
1 - тур. «Жаңбыр жауып тұр»
Шарты: Аяқтарына резеңке етік, қолдарына қолшатыр ұстап кедергі арасымен жүгіріп барып, кедергі арасымен жүгіріп қайту.

2 - тур. «Ауланы тазартайық»
Шарты: Сарғайып түскен жапырақтарды жинап, межедегі шелекке салып, кедергі арасымен жүгіріп қайту

3 - тур. «Картоп егу»
Шарты: Әр кедергінің түбіне картопты егу, қайтарда жинау

4 - тур. «Сәбіз тасу»
Шарты: Әр ойыншы машинамен кедергі арасымен барып, 1сәбізден салып алып, кедергі арасымен қайтады
5 - тур. «Жуа жинау»
Шарты: Ортада үйіліп жатқан жуаларды үш топ ұзыннан тұрып өз үйлеріне тасиды.
6 - тур. «Қырмандағы астықты қоймаға тасу»
Шарты: Әр ойыншы кішкене қапшықтарды қырманнан біртіндеп өз қоймаларына тасу.
7 - тур. Топ мүшелерімен жеке ойындар
Мамаларымен ойын: «Көкөністерді іріктеу». Шарты: Көзі байланған мамалар көкөністерді іріктейді.
Балаларымен ойын: «Не жоқ?». Шарты: Балаларға көрсетпей көкөністерді жасырып, не жоқ екенін сұрау.
Папаларымен ойын: «Отжимание» жасату
Апайларымен ойын: «Кім жылдам?» Шарты: Картоп, жуа, сәбізді жылдам аршу.
Ойын арасында жанкүйер балалар «Жаса Қазақстан», «Қырманға кел, қалқатай», «Көк тудың желбірегені» әндерін орындайды.
Жеңімпаз топтар марапатталады
9 369
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Ағам және мен» спорттық сайысы
«Ағам және мен» спорттық сайысы
Балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу; денешынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Балабақшамен ата - аналардың тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата - аналардың белсене қатысып,
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттыру, достыққа баулу. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналар белсене қатысып нәтижелі болғандығына көз жеткізу.
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің
Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының дене тәрбиесінің жетекшісі Түменбаева Айман
Көңілді мәре
Көңілді мәре
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі дене шынықтыру мұғалімі Нұртазин Болат Нұрахметұлы
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы «Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары» (Эстафеталық жарыс)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×