Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс қызығы

28 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қыс қызығы
Мақсаты: Балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттыру, достыққа баулу. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналар белсене қатысып нәтижелі болғандығына көз жеткізу.

Дене тәрбие жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, балабақша ұжымы және бүлдіршіндер. «Қыс қызығы» атты жанұялық спорттық сайысқа қош келдіңіздер!
Алматы қаласында 2017 жылдың қаңтар айының 29 – нан бастап қысқы универсиада ойындары өтуіне байланысты «Ақерке» балабақшасында да ата – аналардың қатысуымен қысқы спорттық сайыс яғни «Универсиада - Ақеркеде» ұйымдастырылып отыр. Осы кезге дейін қоржынымызға алтын, күміс, қола медалдар түсті. Біз Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі іс – шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Алға Қазақстан, алға Универсиада!
Денсаулық бар байлығын бойындағы
Жайнаған өміріңнің жолын бағы
Қастерлеп мәпелеп аяласақ,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы – дей келе бүгінгі осы Универсиадаға арнап ата – аналармен балабақша арасында өткелі тұрған «Қыс қызығы» атты жанұялық эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортамызға шақырайық.
1. Салиевтер отбасы
2. Темірбаевтар отбасы
3. Мырзабековтар отбасы

Қошеметпен қарсы алыңыздар.
Ойынды бастамас бұрын әрбір жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Балабақша меңгерушісі: Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы
2. Балабақша әдіскері: Серікбаева Клара Тоғамысқызы
3. Балабақша мейіркеші: Ашықбай Сәуле Төреханқызы

Әнұран орындалады. Ту көтеріледі.
Командалар сәлемдеседі.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1. Аққала құрастыру.
2. Қай топтың шанасы алда
3. Қар жинау ойыны.
4. Құрсаумен мәреге жету.

1. Аққала құрастыру.
Шарты: 1) Әкесі кедергілер арасынан өтіп аққаланың бір көзін салады.
2) Анасы кедергілер арасынан өтіп екінші көзін салады
3) Баласы мұрнын салады
Барлығы осылайша кезек – кезек аққаланың бет әлпетін келтіреді.

2. Қай топтың шанасы алда.
Шарты: Ата – аналар өз балаларын шанаға мінгізіп кедергілерден өтіп, межеден айналып орнына келу.

3. Қар жинау ойыны.
Шарты: Жерде жатқан қарды отбасы болып кедергілер арасынан жүріп шелекке толтыру.

4. Құрсаумен мәреге жету.
Шарты: Құрсаумен әкесі кедергілер арасынан өтіп барлық жанұясын бір – бірлеп жинау.
Бүгінгі сайысқа қатысушы ата – аналар сіздерге көптен көп рахмет. Сіздер мықты отбасы екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Әділ баға беретін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.

Бүгін міне оң болып әр ісіміз.
Жоғары боп күш – жігер, намысымыз
Осылайша қуанышпен думандатып
Аяқталды халайық жарысымыз.

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы
№1 «Ақерке» бөбекжай - балабақшасының дене тәрбие жетекшісі
Төлегенова Айсәуле Оңбосынқызы
7 951
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Ағам және мен» спорттық сайысы
«Ағам және мен» спорттық сайысы
Балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу; денешынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Балабақшамен ата - аналардың тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата - аналардың белсене қатысып,
Денсаулық фестивалі
Денсаулық фестивалі
Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
Толағай (топтық сайыс)
Толағай (топтық сайыс)
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Спорт, әлем, жаз
Спорт, әлем, жаз
Балалардың дене бітімін шынықтыру, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Жазғы спорттық жаттығуға деген қызығушылығын арттыру.
«Жомарт күз» атты эстафеталық жанұялық сайыс
«Жомарт күз» атты эстафеталық жанұялық сайыс
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының дене тәрбиесі жетекшісі Түменбаева Айман
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×