Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош сүйікті бақшамыз!

03 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Қош сүйікті бақшамыз!» атты ертеңгіліктің сценарийі

Балалар музыка ырғағымен залға кіреді
Жүргізуші:
Келе берсін нұрланып көктен
Күн күлімдеп шуағын төккен
Балалардың қоштасу тойы
Біз талайдан толғанып күткен, –
Демекші қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, сүйікті балалар барлықтарыңызды бүгінгі балғын балаларымыздың балабақшамен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ашық аспан тілей отырып «қош сүйікті бақшамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!
Баланың балалығы ертегіден басталады демекші мына бір тамаша ертегіге көз жүгіртіп көрейік, құлақ асып тыңдайық:
Жасыл орманның шетінде күнге бетін беріп, ойып жасалған үйшік тұр. Оны кім салғаны қазір ешкімнің есінде жоқ. Бірде қасынан тышқан өтіп бара жатты.
Тышқан: Қандай әдемі үйшік!
Автор: деп айқайлады тышқан.
Тышқан: Ей мұнда кім тұрады?
Автор: Ешкім жауап бермеді. Тышқан ішіне кіріп, жан - жағына қарады.
Тышқан: Үйшіктің іші қандай әдемі! Енді мұнда мен тұрамын. Мұнда менің тұруыма өнерім жетеді.

Тақпақтар:
1 - бала: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық!

2 - бала: Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.

3 - бала: Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,
Өсті, міне, бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!

Ән: «Біріншіге барамын»
Автор: Сөйтіп тышқан үйшікте тұрып жатты. Бір күні қасынан бақа өтіп бара жатты.
Бақа: Ой, қандай әдемі үйшік!, – деп таңданды бақа.
Үйшікте кім тұрады?,– деп айқайлады
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын, ал сен кімсің?
Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Сенімен бірге тұруға бола ма?
Тышқан: Бақа сенің қандай өнерің бар?
Бақа: Менің сиқырлы дүрбім бар. Осы дүрбіден қарап тұрсаң мектепке баратын балалардың өнерін көре аласың.
Тышқан: Кәне көрсетші.
Жүргізуші: Балалар кім маған Отан, мектеп, бала сөздерін тақтаға жазып бере алады. Осы жазған сөздерің неше буыннан тұрады.?
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Би: «Ата толғауы.»

Тақпақтар:
4 - бала: Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата - ананы,
Мектепке кетіп барамыз.

Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 756
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.
Нан қайдан шығады?
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Үйшік ертегісі (қазіргі заманға сай өзгертілген)
Үйшік ертегісі (қазіргі заманға сай өзгертілген)
балаларды ертегіні заманауи түріне өзгертіп сахналау арқылы түсіндіріп беруге; сахналаудың мазмұның түсініп, айтып беруге дағдыландыру;
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Үйшік ертегісі
Үйшік ертегісі
Күн күледі жадырайды, Құстар келіп сайрайды. Кел, балалар, келіңдер. Ертегіге еніңдер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×