Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйшік ертегісі (қазіргі заманға сай өзгертілген)

22 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сахналайтын ертегінің атауы: «Үйшік»
Мақсаты:
а) балаларды ертегіні заманауи түріне өзгертіп сахналау арқылы түсіндіріп беруге;
ә) сахналаудың мазмұның түсініп, айтып беруге дағдыландыру;
б) сахналау, кейіпкер рөлін атқаруға қызығушылықтарын арттыру.
Кейіпкерлер: Көбелек - Г. А. Елеманова (тәрбиеші), Тышқан - Мукушева Ажар, Мысық - Дүйсенбай Қарақат, Қоян - Жанмухамбетова Дария, Тиін - Кусаинова Айлин, Қасқыр - Нағашыбай Ағзам, Түлкі - М. А. Шертанова (тәрбиеші), Аю - Шоқан Шыңғыс, Ара - А. Ш. Даниярова (тәрбиеші).
Қажетті құралдар: үйшік, кейіпкерлердің киімдері, сыпырғыш, отын, суқұйғыш, ыдыс, саймандар.

Барысы:
Сахналауға безендірілген залдың ортасында үйшік тұрады. Көңілді әуенмен залға Көбелек ұшып келеді. Көбелек сәнді киінген, әдемі боялған. Ұшып жүріп үйшікті көреді. Жанына ұшып келіп, үйді жан - жағынан айналып:
- Уау, қандай әдемі үйшік! Beatiful house! Менде сондай үйшігім болса ғой, шіркін! Үйшікте біреу бар ма? (есікті тақылдатады, жауап жоқ болған соң, басын терезеге созып үйшіктің ішін қарайды). Мұнда ішкім жоқ қой. Керемет! (қуанып орнында секіріп қол шапалақтайды). Ендеше бұл менің үйшігім болады. Мен мұнда королева сияқты өмір сүремін! (көбелек үйшіктің ішіне кіреді).
Көңілді әуенмен пиқылдап залға тоңып Тышқан кіреді. Ортада тұрған үйшікті көреді, жақындап:
- Пи - пик, мына үйшік өте әдемі екен. Beatiful house! Іші де жылы шығар. Үйшікке кіріп жылынып алайын.
-(осы кезде Көбелек терезеден атын шығып) Қайда бара жатырсын? Бұл менің үйшігім. Мен оны бірінші тауып алдым. Бар, кете бер.
- Көбелек, кіргізші мені, мен жаурап қалдым, кішкене жылынайын. Please!
- Жоқ дедім ғой! Кет! (тышқан жылап, жаурап үйшіктеп әрі кете береді). Тышқан, күте тұр, мұнда кел! (тышқан үйшікке жақындайды). Үйшіктің іші сондай лас, барлығын шан басып кеткен. Үйшіктің ішін жинап тұрсаң, сені кіргіземін.
- Рахмет, Көбелек! Мен барлық үйшіктің ішін жуып, тазалап беремін. Тhank you! (тышқан қуанып үйшікке кіреді. Қолына шүберек алып үйшікті жуа бастайды. Көбелек терезенің алдында айнаға қарап шашын тарап отырады).
Көңілсіз әуенмен мияулап залға Мысық кіреді. Мысық зал бойынша аралап, барлық жерді шұқып, өзіне тамақ іздейді. Алдында тұрған үйшікті көреді.
-(дауысын ақырын шығарып) Мяу, мына үйшікте кім тұрады? Чей это красивый теремок?
-(Көбелек мұрнын жауып, менсінбей қарап) Сен кімсің? Әрі тұр? Менің үйшігімді кірлетесің!
- Көбелек, привет! I*am a cat. Мен алыс жолдан шаршап, тамақ ішпегеннен әлсіреп келдім. Маған бір тілім нанмен сүт берсең, алғысым шексіз болар еді.
- Нан? Сүт? Как я тебе его дам? В наше время все покупается. Мен оны саған қалай жайдан - жай беремін?

Үйшік ертегісі (қазіргі заманға сай өзгертілген) жүктеу
4 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Үйшік ертегісі
Үйшік ертегісі
Күн күледі жадырайды, Құстар келіп сайрайды. Кел, балалар, келіңдер. Ертегіге еніңдер.
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Ф дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×