Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Отбасы күні" спорттық жарыс

27 қыркүйек 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Отбасы күні» атты спорттық жарыс
Мақсаты: балабақша қызметкерлерімен ата - аналардың арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, ата - аналарды балабақша өміріне белсенді қатысуға баулу.
Міндеттер:
1) мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын нығайту;
2) спорт және дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру;
3) балабақша қызметкерлеріне және ата - аналарына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: үрленген шарлар, түрлі - түсті дөңгелектер, картоннан жасалған іздер, секіргіштер, кегли, қаптар, түрлі түсті жапырақтар.
Безендіруі: спорттық зал шар, түрлі түсті жалау және плакаттармен безендірілген.
Қатысушылар: әр 4 топтан 1 жанұя.
Сараптаушы: қазылар алқасы.

Жарыстың сценарийі
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қазылар алқасы, сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгінгі, біздің балабақшамыздағы ата - аналардың қатысуымен алғашқы рет өткізіліп жатқан «Отбасы күні» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Біздің ортамызға 1 топтан............... жанұясын шақырамыз.
-------------------------------
(Төрт топтың жанұясы кезекпен залға кіріп, орындарына тұрады).

1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгінгі жарысымыз өте қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені, балалар - сүйкімді, аналар - әдемі, әкелер - мықты.
2 - жүргізуші: Ендеше, бүгінгі жарыстың қатысушылармен танысу уақыты келді. Жүргізушілері: ------------------------ және мен - ----------------------.
Қазылар алқасының мүшелері:
Әр тапсырманы тез, дұрыс және бірінші орындаған топқа ұпай қойылады. Соңында, ең көп ұпай жинаған отбасы жеңімпаз боп аталады.
1 - жүргізуші: Енді, біздің отбасыларымызбен танысамыз.
Бірінші тапсырма: «Таныстыру». (1 топтан бастап әр отбасы өзін таныстарды).
2 жүргізуші:
Екінші тапсырмамыз: «Жұмбақты шешу». Мен жұмбақты оқимын, сіздер оны шешу керексіздер. Бірінші дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Дайынсыздар ма?
Ендеше бастайық.

1) Тепсең - ақ секiрiп,
Ұстатпай қашады.
Бiр жерге бекiнiп,
Тұра алмай қашады. (Доп)
2) Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (Шана)
3) Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)
1) Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки)
2) Үрлесең жеп - жеңiл,
Елпiлдеп кетедi.
Ұшырсаң,
Көк - теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
3) Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды. (ұшақ)

1 - жүргізуші: Үшінші тапсырма: «Дөңгелектерді жина». Жерде 4 түсті дөңгелектер шашылып жатады. Әр топқа бір түс айтылады. Балалар айтылған түсті дөңгелектерді жинап алу керек. Бірінші дұрыс және барлық дөңгелектерді жинап алған топ ұпай алады. дайынсыңдар ма? Ендеше бірге санаймыз. Бір, екі, үш - алға! (сайыс әуенмен жүргізіледі).
2 - жүргізуші: Төртінші тапсырма: «Шар». Осы сайысқа аналар қатысады. Аналардың қолдарына жіңішке таяқша мен үрленген шар беріледі. Шарды жерге түсірмей, тек қана таяқшамен итермелеп, алдарында қойылған кеглиді айналып өтіп, орындарыңызға қайту керексіздер. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!
1 - жүргізуші: Бесінші тапсырма: «Іздермен өту». Осы сайысқа әкелер қатысады. Әр әкеге екі ізден беріледі. Еденге баспай, ізден шығып кетпей, қойылған кеглиді айналып, қайта орыңызға келесіздер. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!
2 - жүргізуші: Алтыншы тапсырма: «Қаппен секіру». Балаларға қап беріледі. Қаптың ішіне аяқтарын салып, қойылған кеглиді айналып өтіп, қайта орындарына келу керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!
1 - жүргізуші: Жетінші тапсырма: «Секіргішпен секіру». Әр анаға секіргіш беріледі. Секіргішпен секіріп, кеглиді айналып орнына келу керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!
2 - жүргізуші: Сегізінші тапсырма: «Ұзындыққа секіру». Әкелер бір сызыққа тұрады. Дабыл бойынша алға секіру керек. Ең алыс секірген әкенің тобы ұпай алады. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!
1 - жүргізуші: Тоғызыншы тапсырма: «Мықты отбасы». Отбасының мүшелерінің бір аяқтары бірге байланады. Дабыл бойынша отбасы бірге жүгіріп, кедергілерді соғып кетпей, кеглиді айналып, қайта орнына келу керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!
2 - жүргізуші: Оныншы тапсырма: «Ең мықты әке». Әкелер ана мен баласын көтеріп, жерге түсірмей, қойылған кеглиді айналып келу керек.
1 - жүргізуші: Он бірінші тапсырма: «Сурет құрастыру». Әр отбасыға бір суреттің қырқылған бөлшектері беріледі. Сол суретті тез уақытта құрастырып жинап алу керек.
2 - жүргізуші: Он екінші тапсырма: «Арал». Әр отбасының қарама - қарсысында «арал» жатады. Әкелер бірінші ананы, содан кейін баланы көтеріп, кедергілерге баспай «аралға» жеткізу керек. Әкелердің көздері орамалмен жабылған. Кедергілерден өтуге ана мен бала «солға, «оңға», «тура» деп көмектеседі.
1 - жүргізуші: Он үшінші тапсырма: «Спорттың түрін көрсету». Балалар 4 суреттің бірін таңдайды. Отбасы сол спорттың түрін қимылдарын көрсету керек.
2 - жүргізуші: Он төртінші тапсырма: «Жапырақтарды жина». Әр топ 4 түстен бір түсті таңдайды. Әр отбасының мүшелері кезекпен бір - бірден жүгіріп бір жапырақтан алып өз себеттеріне салады.
1 - жүргізуші: Біздің отбасыларымыз барлық тапсырмаларды орындады. Енді қазылар алқасына ұпайларды санауға уақыт береміз. Ал мен сендерді біздің балабақшада пайдаланатын жаңа технологиясымен таныстырғым келеді. Бұл - мнемогимнастика технологиясы. Бұл - сергіту сәттерінде қолданылады. Балалардың зейінін, байқағыштарын дамытады. Мнемогимнастика әдісінің басты факторы - барлық жаттығулар үнсіз орындалады. Қазір біз осы әдісті бірге жасап көреміз. Мен жаттығудың суретін көрсетемін, ал сендер орындайсыздар (мнемогимнастика орындалады).
2 - жүргізуші: Сіздер бүгін барлық тапсырмаларды орындап, өздеріңіздің жақсы спорттық дайындықтарыңызды көрсеттіңіздер. Ал өз отбасыларыңызда қандай спорт түрлерімен шұғылданасыздар? Сол туралы айтып беріңізші (әр отбасы кезекпен сөз сөйлейді).
1 - жүргізуші: Сөзді қазылар алқасына береміз.
18 311
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт – сенің серігің жарыс
Спорт – сенің серігің жарыс
Денсаулық ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Көңілді старт эстафеталық жарыстар
Көңілді старт эстафеталық жарыстар
Спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттыру, достыққа баулу. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналар белсене қатысып нәтижелі болғандығына көз жеткізу.
Толағай (топтық сайыс)
Толағай (топтық сайыс)
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Көңілді спорттық жарыс
Көңілді спорттық жарыс
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Әкем, шешем және мен
Әкем, шешем және мен
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, «Ақбота» шипажай типті балабақшасының тәрбиешісі Жұбатова Күміскүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×