Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дені саудың - жаны сау

13 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тренинг
Тақырыбы:"Дені саудың - жаны сау"
Мақсаты: Ұжымды ұжымдастыру және бір - бірлерінің арақатынасын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
• Адамдарды топтастыра отырып, жалпы топ мүшелерін бірге жұмыс атқаруға деген құштарлықтарын арттыру.
• Ортақ шешім қабылдауда әрбір топ мүшелерінің өз үлесін қосуға деген жауапкершілігін арттыру.
• өздерінің топ екенін сезіну.

Жүру барысы:
1. Танысу.
– Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Біздер бүгін бәріміз бірге "МЕН+СЕН= БІЗ" – деген тренингті ат салысып өткізейік.

Менің атым....
Мақсаты: танысу, қобалжуды басу, есімдерді жаттап алу.
Қатысушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін айтады. Әрбір келесі қатысушы алдындағы қатысушының есімі қайталап, өзінің есімін айтады. Осылайша ең соңғы қатысушы барлығының есімдерін қайталауы керек.

2. Атомдар мен молекулалар.
Мақсаты: қатысушылардың еңбекқорлығын арттыру.
Жүргізуші "Атомдар " дегенде қатысушылар әуенмен көздерін жұмып билейді, ал "молекулалар " дегенде әуен тоқтап үш - үштен топтасулары керек.

3. Кім шапшаң.
Мақсаты: Топтың ұжымдасып жұмыс атқаруы.
Жүргізуші белгілі бір фигураны айтады, соны 3 - ке дейін санағанша құрастыру керек. Мысалы: үшбұрыш, бұрыш, шеңбер, алфавит әріпі.

4. Тек бірге
Мақсаты: қатысушылар бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Қатысушылар екіге бөлінеді. Бір – бірінің арқаларын түйістіріп тақап тұрады. Жәй ырғақты әуенмен ажырамай еденге отырады да, дәл сол отырған күйінен ажырамай орындарынан тұрулары керек. Келесі ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырып тұрады.
Талқылау кіммен бірге тапсырма оңай өтті, ал кіммен қиынырақ?

5. Сиамдық егіздер.
Мақсаты: бірлесіп жұмыс атқару.
Жұқа матамен бір - біріне жақын тұрған қатысушылардың қолдарын байлау керек. Сол байланған қолдарына фломастер немесе қарындаш беріп, белгілі бір суретті ақылдасып екі қатысушы сурет салуы керек. Соңында сол суретті қорғаулары керек.

6. Қорытынды:
Ал енді барлығың шеңбер бойына тұрып бір - біріне тілек айтсын.
Осымен бүгінгі тренингіміз бітті. Барлығыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!
Сау болыңдар!
7 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
- психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру; - педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу;
Психологиялық ойындар
Психологиялық ойындар
Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Алдын - ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады.
Сабақтағы сергіту сәттері
Сабақтағы сергіту сәттері
Сабақтағы сергіту сәттері. Мақсаты: Оқушылардың көңіл - күйін ширатып, белсенділігін арттыру. Өзара және оқытушымен қарым – қатынасты нығайту.
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.
Дені саудың – тәні сау
Дені саудың – тәні сау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл ауылы, №66 мектеп Анапияев Олжас
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×