Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем мезгіліне саяхат

17 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру облысы: Қатынас, Таным, шығармашылық
Бөлім: Тіл дамыту (кіріктірілген сабақ)
Тақырыбы: Көктем мезгіліне саяхат

Мақсаты: Көктем мезгілі туралы білім - дағдыларын тереңдету, сөйлеу мәдениетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін бекіту, ойланып толық жауап беруге баулу. Сурет бойынша әңгімелеуге, ертегі құрастыруға дағдыландыру.
Бір - бірімен достық қатынаста болып, ортаға деген сүйіспеншілікке, өз істеріне сүйсіне білуге қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: судың, құстың даусы жазылған үнтаспа, геометриялық пішіндер, үлгі, қиылған шөп, желім, салфетка, ермексаз, тақтайша, қағаз
Билингвальды компонент: су - вода, құс - птица, құстар - птицы
Тәрбиешінің әрекеті
Әуенмен балаларды кіргізу.
Балалар, қараңдаршы бүгін ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келді.

Сәлемдесейік!
Шаттық шеңберін құру:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін!

Бір - бірімізге тілек білдірейік:

Балалар сендерде елімізге елеулі, халқымызға қалаулы үлкен азамат болыңдар!
Ал енді отырып әңгімелесейік.
Сұрақ - жауап:
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
- Қандай мезгілдер екен, кім атайды?
- Көктем, жаз, күз, қыс жыл мезгілдері деп аталады.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір көктем мезгілі.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктемде қар ериді. Көктемде күн жылына бастайды.
Көктемде ағаштар бүршік атады. Көктемде жаңбыр жауады. Көктемде шөп шығады. Көктемде қараторғай ұшып келеді. Көктемде жер жыртады. Көктемде дән себеді.

- Көктем, көктем ерекшеліктері туралы не айтуға болады?
Мақал - мәтел, жаңылтпаштар, тақпақтар айтады.
Отырғыз ағаш көктемде
Жөн болмақ еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін.

Балалар - ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді, гүл алып,
Көктем келді, жыр алып.

Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Ән мен қарсы аламыз.
Мақал - мәтел:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
1. Көктемнің бірінші белгісі: қар еріп, су болады.
Үнтаспадан сылдырлаған судың даусы естіледі.
Су туралы зертханалық жұмыс.
Балалар сылдырлаған су екенін айтады.
Мынау таза су. Су мөп - мөлдір. Су – сұйық, ағызсақ төгіледі. Суыққа қойсаң мұз болып қатады. Теңіз болып толқиды. Ауаға бу болып ұшады.
Мына суға бояу қоссаң, боялады. Судың иісі, дәмі жоқ.. Суға ауыр затты салса, батады. Ал суға жеңіл затты салсақ, жүзеді.
- Тағы не айтуға болады?
- Жуыну үшін керек, тазалық үшін, тамақ пісіру үшін, гүлдерді, ағаштарды, егіндерді суару үшін керек.
Жақсы, балалар. Су - тіршілік үшін қажет. Мақал - мәтел айта қойыңдар.
Тіл жаттығуын айтайықшы:
Су - өмірдің көзі.

Желбірейді ту,
Таза болсын су,
Қалың болсын ну,
Сен қолыңды жу.
Құлпырады бақша - бау,
Болсын денің сау!
2. Құстар ұшып келеді.
- Балалар ал мынау ненің дауысы? Қандай құстарды білесіңдер?
Бұл құстардың дауысы.
Қарға, сауысқан, торғай, қарлығашты білеміз.
- Қане, құстар туралы не білеміз?
Құстар биікке ұшады, жемді шоқып жейді, балапан басады.
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Құстар ағаштарды қорғайды, құрт - құмырсқаны жейді.
Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Құстар туралы тақпақты, кім айтады?
Қоныңдар, құстар, қоныңдар,
Бәріңе төрден орын бар.
Қанатты барлық достарға
Балалар қамқор болыңдар!
- Қандай тыйым сөздер білеміз?
Құстың ұясын бұзуға болмайды!
- Құстардың жұмыртқасын сындыруға болмайды!
- Құсты таспен атуға болмайды!
Слайд көрсету:

Жаңылтпаш айтпайсыңдар ма?

Дидактикалық ойын: «Өз пішініңді тап»
Мақсаты: байқампаздыққа тәрбиелеу.

Дұрыс тұрды ма, тексеру.

3. Күн жарқырап, шөп шығады.
Сергіту жаттығуын жасату.

Билингвальды компонентті айттыру.
Көктем мезгілі туралы тақпақты кім айтып береді?

Күнді маркермен
бояңдар, шөпті жапсырасыңдар.
Көрме ұйымдастыру.
4. Ойын орталығы:
Ойын: «Даусынан таны»
Санамақ арқылы кім ойынды бастайтынын табады.
Ойнайықта, ойлайық.
Байлап қойып көзіңді,
Қоршап тұрмыз айнала
Атыңды атап шақырған
Айтшы, қане, қай бала?
5. Қорытынды орталық: Тіршілік қуану үшін... «Ауа, су және күн»сөздерінің көмегімен суретті қолданып, тәрбиешінің көмегімен шағын «ертегі, немесе әңгіме»құрату.
Ауасыз жер бетінде тіршілік жоқ..
Ерте, ерте, ертеде осыдан көп жыл бұрын су болмапты.
Құстар қайтті?
Ағаш не істеді?
Гүлдерге не болды?
Әбден шаршаған құстар желден көмек сұрады.
Жел көмектестіме?
Содан кейін не болды?

Бәріміз бірге айтайықшы:
Жел соғады гу - гу,
Тырс - тырс, жаңбыр жауады
Тырс - тырс, тырс - тырс,
Бұл дұрыс! Бұл - ырыс!
Мына өлең жолын айтайықшы:
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай, алақай!
Көктем келді!
Көктем қандай көңілді!
- Сендер дұрыс айтып, тәртіпті болсаңдар кім қуанады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 103
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Көктем келді
Көктем келді
Педагогтің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылынды, құстар ұшып келеді), сөздерге анықтама таңдауға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
Күзгі орманға саяхат
Күзгі орманға саяхат
Күз мезгілі жайлы білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар, аңдар, өсімдіктер өмір сүруге
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Үй құстары
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Саменова Мейрамгуль Арыновна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×